Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Бекіре-2015» балық қорғау акциясы аясында 27 тонна балықпен 17 кг қара уылдырық тәркіленді

«Бекіре-2015» балық қорғау акциясы аясында 27 тонна балықпен 17 кг қара уылдырық тәркіленді

Жыл сайын браконьерлермен күресу үшін еліміздің су қоймаларында «Бекіре-2015» және «Уылдырық шашу» балық қорғау акциялары өткізіледі. Жыл сайын бағалы балық түрлері уылдырық шашу маусымында құқық және табиғат қорғау органдары заңсыз балық аулауға, өткізуге, сатып алуға және оларды заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін бірлесіп жұмыс атқарады. 2015 жылдың басында акцияны өткізу туралы Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрліктерінің және Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының бірлескен бұйрығы бекітіліп, үйлестіру штабының құрамы, сондай-ақ бірлескен іс-қимыл Жоспары айқындалды.

«Бекіре-2015» акциясының басынан бастап табиғат қорғау заңнамасының 226 табиғат қорғау заң бұзушылығы анықталды, оның 198 фактісі – балықты заңсыз аулау, 20 – заңсыз тасымалдау, 6 – факті – заңсыз сатып алу және сату. Әкімшілік жауапкершілікке 171 адам, оның 39 сот тәртібімен жауапкершілікке тартылды.

Балық қорғау инспекторлары браконьерлерден 27 тонна балық (оның ішінде бекіре балығы – 1 тонна), шамамен 18 кг қара уылдырық, 1200 балық аулау мен 176 жүзу құралдарын тәркіледі. «Бекіре-2015» акциясының қорытындысы маусым айында шығарылады.

Бекіре балығын заңсыз аулағаны үшін 2000 МРП көлемінде айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылып отырғанын атап өткен жөн. Мұнымен табиғатқа ірі көлемді залал келтірілген жағдайда немесе балық аулау ұйымдасқан топпен жүзеге асырылса, мұндай жағдайда 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

2014 жылы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелерінің инспекторларымен 6764 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары жасалды, оның ішінде әкімшілік жазаға 979 адам, 50 адам сотпен қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Өткен жылы инспекторлар 820 мың теңгеге 44 375 тонна қара балық, 500 мың теңгеге 1,072 тонна бекіре балығын және 0,005 тонна бекіре уылдырығын тәркіледі.
2014 жылдың қорытындысы бойынша табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларға 52,4 млн. теңгеге айыппұл салынды, оның 40,3 млн теңгесі төленді (77%). Балық ресурстарына келтірілген залал үшін заң бұзушыларға 16,4 млн. теңгеге талап қойылып, оның 7,7 млн. теңгесі (47%) қайтарылды.

2010 жылы Каспий теңізімен шекаралас мемлекеттерінің үшінші Саммиті өткеннен кейін Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын ұтымды пайдалану және сақтау келісімін талқылауды қайта жалғастыруды, сондай-ақ 5 жыл мерзімге дейін Каспийде бекіре балығын коммерциялық аулауына мораторий енгізу механизімін әзірлеуді тапсырды. Осы уақыттан бастап Қазақстан өсімін молайту және ғылыми мақсаттарды қоспағанда, Каспий теңізінде бекіре балық түрлерін коммерциялық мақсатта аулауға тыйым салу туралы біржақты мораторий жариялады.

2014 ж. қыркүйек айында Астрахан қ. (РФ) бұл келісімге Каспий теңізімен шекаралас 5 мемлекет қол қойды. Құжат Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын ұтымды пайдалану және сақтау мәселесін, сондай-ақ ортақ биологиялық ресурстарды басқаруды реттейді. Қазіргі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Келісімнің күшіне енуге қажетті процедуралар өткізілуде. Бүгінгі күні келісімді ратификациялау бойынша құжаттар ҚР Үкіметімен мақұлданып, ҚР Парламентіне жолдануда.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика