Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапарының барысында ҚР АШМ басшысы «Агробизнес-2020» бағдарламасының іске асырылуымен танысты

Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапарының барысында ҚР АШМ басшысы «Агробизнес-2020» бағдарламасының іске асырылуымен танысты

Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапарының барысында ҚР АШМ басшысы «Агробизнес-2020» бағдарламасының іске асырылуымен танысты

АҚТӨБЕ. 14 наурыз. ҚазАқпарат – Бүгін Ақтөбе облысына екікүндік жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков келді.
Оның жұмыс сапарының негізгі мақсаты – аймақтың агроөнеркәсіптік кешенінің дамуымен, АӨК-ті 2013-2020 жылдары дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысымен танысу болмақ.

Елдің басты аграршысының жұмыс сапарында онымен бірге ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі қаржылық институттардың өкілдері жүр.

Таңертеңнен бастап Асылжан Мамытбеков шошқа етін өндіру бойынша «Париж коммунасы XXI» ЖШС-нің Бестамақ мал шаруашылығы кешеніне барды.

Сонымен бірге А.Мамытбековтің бүгін облыстың сиыр етіне, сондай-ақ асыл тұқымды, жоғары өнімді ірі қара малға қажеттілігін қанағаттандыратын «АқТеп» ЖШС-іне баруы жоспарлануда.

Түстен кейін ауыл шаруашылығы министрі облыс әкімдігінде Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығын дамыту бойынша кеңес өткізеді. Ертең министрдің актөбелік ауыл шаруашылығы колледжінің және тәжірибе стансысының жұмысымен танысуы күтілуде.
http://kazinform.kz/kaz/article/2542307

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus