Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Шаруалар үшін салық мөлшері төмендетіледі

Шаруалар үшін салық мөлшері төмендетіледі

Ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін салық мөлшері азайтылуға тиіс. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде Премьер-министр Серік Ахметов ведомство алдына осындай тапсырма қойды. Егер бұл заңды түрде күшіне енетін болса, онда агроөнеркәсiп кәсiпорындары да салықты аз төлейтін болады.

Жалпы, Кеден одағына мүше Ресей мен Беларусь елінде агроөнеркәсiп кешенiне мемлекет қолдау көрсетеді. Ал, Қазақстанда бұл деңгей әлі де төмен. Мұны Үкімет басшысының өзі де мойындады. «Сондықтан, дұрыс игерілмей отырған ауыл шаруашылығының құрылымдары үшін салық жүктемесiн төмендету бойынша тиiстi шаралар қабылданады»,-деді Серік Ахметов. Ал, ведомоство басшысының айтқанына сүйенсек, жалпы алғанда, Қазақстан экспортқа шығарған астық көлемін ұлғайтып келеді дейді. Өткен жылдың шілдесінен биылғы ақпан аралығында 5 млн тоннадан астам астық сыртқа шығарылыпты. «Алдыңғы жылдарға қарағанда, бұл көрсеткіш 25 пайызға көп»,-дейді министр.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
– Ауа райының қолайсыздығына қарамастан 19 млн тонна астық жиналды. Алдыңғы жылға қарасақ, 48% өскенін аңғарамыз. Мұндай жетістіктер ауыл шаруашылығының басқа да өнімдерінде де бар. Мәселен, мақта мен картопты да, бақша дақылдары рекордтық деңгейде өнiм берді. Енді алдағы қазан айынан бастап әр ай сайын 1 млн тоннадан астам бидай мен бидай көлеміндегi ұн экспортқа шығарылады.

Ал, ет өнімдеріне келсек, былтыр экспортқа 4,5 мың тонна ет пен ет өнiмдерi шығарылыпты. Тіпті, министр Асылжан Мамытбеков бұл саладағы жобаны артығымен жүзеге асырып отырмыз деп баяндады. Енді министрліктің мойнында тұрған көп міндеттің бірі мал басына байланысты ақпараттық жүйені енгізу. Яғни, алдағы уақытта еліміздегі кез келген мал басы тіркеуге алынып, электрондық базаға енгізілетін болады. Және ол ғаламторға да жарияланбақ.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus