Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Биыл Республикалық эпизоотикаға қарсы отрядының құрылғанына 15 жыл толмақ

Биыл Республикалық эпизоотикаға қарсы отрядының құрылғанына 15 жыл толмақ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қарасты «Республикалық эпизоотикаға қарсы отрядының» республикалық мемлекеттік мекемесі 2010 жылы құрылды.
Эпизоотикаға қарсы отряды ҚР Үкіметімен бекітілетін тізімге кірген жануарлардың аса қауіпті аурулардың ошақтарын, сондай-ақ аса қауіпті ауруларына шалдыққан жануарларды жоюмен айналысады. Бұдан басқа эпизоотикаға қарсы отряды қызметіне республикалық ветеринарлық дәрі-дәрмектерді сақтау кіреді. Республика аумағын экзотикалық жануарлар ауруларынан және жұқпалы аурулардың енуімен таралуынан қорғау үшін мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық бекеттерге эпизоотикаға қарсы отрядының инспекторлары қатыстырылады. Жалпы елімізде отрядтың 14 облыстық филиалы бар.
2010 ж. бастап 2013 ж. дейін эпизоотикаға қарсы отрядының инспекторлары 811 инфекциялық аурулар ошағын жойды. Көрші елдерден ҚР аумағына кіретін көлік құралдарын дезинфекциялау бойынша шектес мемлекеттерге 34 бекет орнатылды. Атап айтқанда, Ресей Федерациясы шекарасында 16 бекет, Қырғызстан шекарасында – 8, Қытай және Өзбекстан шекараларында 5 бекеттен қызмет етеді.
Мекеменің материалдық-техникалық базасын 140 бірлік арнайы техникасы құрайды. Оның ішінде дезинфекциялық құралдары бар автокөліктер, кезекші көліктер, инсинираторлар, био дәрі-дәрмектерді жеткізетін рефрижераторлар, УАЗ, ГАЗ арнайы техникалар және т.б.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
W: www.minagri.gov.kz
E: minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus