Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Бурабайда бірегей орман селекциялық орталығы жұмыс істейді

Бурабайда бірегей орман селекциялық орталығы жұмыс істейді

Баспасөз хабарламасы
30.05.2016 ж.                                                                                     Астана қ.

Бүгінгі таңда жасанды орман екпелері 10% – ды  немесе  республиканың орманы алқабының 1029 мың га. құрайды.
2015 жылы мемлекеттік орман иеленушілер орман және орман өсіруді молықтыру жөніндегі іс-шараларды 60, 2 мың алқапта жүргізген.
Ірі қалалардың айналасында жасыл аймақтарды құру мәселелерінің масштабты шешімінің ерекше үлгісі елорда айналасындағы орман екпелері болып табылады.

Яғни, Астана қаласының айналасында орман отырғызудың жалпы аумағы 1997 -2015 жылдары 75 мың г астамды құрады.  2020 жылға дейін жасыл аймақ алқабын 100 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.

Ақмола облысындағы елдердің орманды аумақтарын ұлғайту мақсатында жоғарғы технологиялық инновациялық кешені бар республикалық орман селекциялық орталығы жұмыс істеп жатыр. Онда алдыңғы қатарлы технологияларға сәйкес отырғызу материалдары қолданылады.

Жыл сайын кәсіпорын тұқымбағында саны  600 мың дана қарағай, 700 мың дана қара сексеуіл, 100 мың дана Шренка шыршасы, Сиберс алмасы мен өрік көшеттері өсіріледі.

Үстіміздегі жылы селекциялық орталық әртүрлі ағаш бұталардың түрлерінің 1,9 миллион данаға жуығын өсіруді жоспарлауда. Сонымен қатар орман орталығында өндірістік орман биотехнологиялық зерттемелері жұмыс істейді, әзірлемелерқалпына келтірілген өсімдіктердің барлық негізгі генетикалық ерекшеліктерін сақтай отырып вегетативтік көбеюін жылдамдатуына ықпал етеді.

Бүгінгі күні Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Қаратау таралымдары алмаларының, қайыңдардың  (Карель, мамық, жалпақ жапырақты, қара) терек, майда жапырақты жөке және тағы басқа түрлерінің тұқымы шығарылған.

Өсірілген көшет материалдары мемлекеттік орман қоры аумағында, оның ішінде Астана қаласының жасыл аймағында пайдаланылады. Ағымдағы жылы көшет материалдарымен «Іле-Алатауы», «Бурабай», «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық парктері, «Жасыл аймақ» РМК қамтамасыз етілді.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz    

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus