Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Астрахань қаласында бес елдің басшылары Каспийді өзара ұтымды пайдалану туралы Келісіміне қол қойды

Астрахань қаласында бес елдің басшылары Каспийді өзара ұтымды пайдалану туралы Келісіміне қол қойды

Бүгін Астрахань қаласында (Ресей Федерациясы) Каспий маңы мемлекеттері Президенттерінің Төртінші саммиті барысында Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы Келісіміне қол қойылды.
Рационалды пайдаланумен қатар, құжат бірлескен Су биологиялық ресурстарын басқару принциптерін реттеп, Каспий теңізінде бекіре балық түрлеріне коммерциялық аулауына мораторий жүргізу механизмін анықтайды.
Сондай-ақ, Келісім шеңберінде Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түркменстан елдерінің президенттері биоресурстарды сақтау бойынша өзара келісілген шараларды қабылдау және әзірлеу бойынша комиссиясына тиісті өкілеттіктермен қоса оған үкіметаралық мәртебе беру туралы тапсырмасы іске асырылды. Тараптардың Комиссия биоресурстарды сақтау мақсатында Каспий теңізінің мекендейтін ортасын жақсарту, жасанды көбейту арқылы табиғи көбеюіне жол беру және заңсыз аулаудың алдын алу тәрізді келісілген шаралар қабылдауы күтілуде.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus