Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

e5f8d9d427ca88be6686de192083546b_L
Жерді жалға беру ауыл шаруашылығын алға бастыра ма?

Қараусыз телімдердің келешегі қандай болмақ? Осы және өзге де өзекті сұрақтар бүгін жер реформасы туралы құрылған мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында талқыланбақ.

Жер кодексіне енгізілген соңғы өзгерістер халық арасында қызу талқыға түсті. Елбасы даулы мәселеге осыдан бірер апта бұрын жыл аяғына дейін мораторий жариялады. Жер кодексіндегі нормаларды талқылап, ұсыныстарды пысықтау үшін жер реформасы бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. Ол комиссияның құрамына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, агробизнес өкілдері, ғалымдар мен азаматтық белсенділер атынан ұзын саны 75 адам енді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жасақталған комиссияның алғашқы отырысы басталды. Көпшілік көкейіндегі өзекті тақырып бүгін кеңінен жіліктеліп, талданбақ. Жиынға жиылғандардың барлығы пікірлерін ортаға салып, өз дәйектерін келтіреді.

Мемлекеттік комиссияға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жетекшілік етеді. Алғаш рет мұндай кең ауқымда ұйымдастырылған жиынға жүктелген жауапкершіліктің жүгі ауыр. Жер заңы туралы ойларыңызды ортаға саламыз десеңіздер, арнайы Jerturaly.kz порталына кіріп, пікірлеріңізді қалдыра аласыздар. Порталда комиссияның жұмысы туралы барлық ақпарат орналастырылған. Сондай-ақ республика бойынша Сall-орталық жұмысын бастады. 1434 телефон нөміріне хабарласып, өз сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады. Комиссия отырысының жұмысын елдегі күллі бұқаралық ақпарат құралдары бақылайды. Жиындағы жаңалықтар туралы алдағы эфирлерде хабардар етеміз.
Авторы: Асқарбек Қазанғап

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/119852-irlerin-orta-a-salady

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus