Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Астанада Халықаралық эпизоотикалық бюросының аймақтық семинары өтуде

Астанада Халықаралық эпизоотикалық бюросының аймақтық семинары өтуде

Баспасөз хабарламасы

Астанада Халықаралық эпизоотикалық бюросының аймақтық семинары өтуде

Астана қ. 23.04.14 ж.

Іс-шара барысында қатысушылар ФАО және ХЭБпен әзірленген аусыл ауруымен күресу жөніндегі жоспарын талқылайды.
Қазіргі таңда орта азия аумағындағы мемлекеттерде, соның ішінде біздің республикамызда аусыл ауруы бойынша эпизоотиялық жағдай күрделенуде. Республика аумағында 2012 жылы аусыл ауруының 10 ошағы тіркелді (Алматы облысында-4, ШығысҚазақстанда-3, Жамбылда-3), ал 2013 жылы 3 ошақ Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Індеттің шекараластығын ескере отыра, індеттің қолайлы аумақтық мемлекетке қолайсыз елдерден келуін жоққа шығармаймыз.

Халық аралық эпизоотиялық бюроның басшылығымен жануарлардың шекаралас ауруларын бақылау жөніндегі бағдарламасы аясында аусыл ауруымен ауқымды күресу стратегиясы дайындалды. Халықаралық эпизоотиялық бюроның ұсыныстарына сәйкес, осы бағдарлама ұлттық ветеринариялық қызметтердің жауапкершілігін арттыруды сонымен қатар аусыл ауруына бақылауды күшейтуді көздейді.
Сонымен қатар осы ауқымды стратегияда аусыл індетін бақылау үшін тәуекелділікті басқару жөніндегі ұсыныстар бойынша мемлекет арасында ауруларды таратпау мақсатында, барлық елдің Үкіметтерінде алдын алу шаралары қарастырылған.
Сонымен бірге біздің тарапымыздан аса қауіпті ауруларды таратпау және енгізбеу үшін әсірісе аусыл ауруын, біраз мемлекеттердің аумақтарының эпизоотиялық ахуалдары ұдайы қолайсыз болғандықтан елімізге осы аурулар қоздырғышының енуі тұрақты түрде қауіп төндіруде.

Орталық Азия елдерінің аусыл ауруының тіркелуін талдау барысында, ұзақ уақыт бойы ұлттық деңгейде шаралар жүргізіп отырғанымен, аумақтағы аусыл індетінің жағдай тұрақсыз болуда, ал кейбір мемлекеттерде аусыл індеті жиілеп тіркелуі орын алуда.

Осыған сәйкес орта азиялық кеңестік аймағында эпизоотиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін шешу үшін нәтижелі стратегияның басты: ветеринариялық қызметтің мемлекеттік және жекелей нәтижелі құрамы; тәжирбелі диагностикалық зертханалар; сапасы бақыланатын сапалы вакциналар және эпидемиологиялық қадағалау жүйесі; қалыптасқан мемлекеттік және жекелей партнерлік қарым қатынас; дайын болу және қарсы шаралар жоспары аймақтық және шартарапты үйлестілік механизмдері,және қолда бар құралдарды жетілдіру мақсатында белсенді зерттеу бағдарламаларын.
Осыған байланысты Орта Азия елдері (Қырғызстан Республикасы, Түркменстан, Таджикстан, Өзбекстан) үшін Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның Субрегинальдық Үйлестірудің жаңа кеңсесін Астана қаласында Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Республикалық ветеринариялық зертханасында ашу жоспарланып отыр.

Үйлестіру кеңсесінің жұмысы келесідей шараларды атқаруға бағытталған: аусыл індетіне бақылауды күшейтуге; аймақтық деңгейде аусылмен күресу стратегия және бірегей тәсілді қалыптастыру; Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның арнайы және аймақтық комиссиясымен бірге аусылмен күресетін ветеринариялық қызметтер күштерін біріктіру және ықпалдастықты арттыруды орта азиялық елдер деңгейінде қамтамасыз ету.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
Email: minagripress@gmail.com
Тел. + 7 7172 555 765
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus