Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Астанада ауыл шаруашылығы бойынша екі халықаралық көрме ашылды

Астанада ауыл шаруашылығы бойынша екі халықаралық көрме ашылды

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат – Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында ауыл шаруашылығы саласы бойынша екі ірі халықаралық көрме ашылды. «KazAgro 2013»-те ауыл шаруашылығы техникасы мен тамақ өнеркәсібінің жетістіктері көрсетілсе, «KazFarm 2013» көрмесі мал шаруашылығы мен сүт өнімдеріне арналып отыр.

14 мың шаршы метрден асатын көрме алаңдарында ауыл шаруашылығы техникасы – комбайндар мен тракторлар, сан алуан құрал-жабдықтар, өсімдік, мал және құс шаруашылығына арналған технологиялар, тыңайтқыштар, тұқымдар және тағы басқа өнімдер бар. Биылғы көрмеге Беларусь, Германия, Дания, Испания, Ресей, Украина, Канада, Нидерланды, Польша, Түркия, Франция сияқты елдердің 220 компанияға қатысуға ниет білдірген.

Көрменің ашылу рәсімінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева атап көрсеткендей, бүгінде Қазақстанның агрокешенін дамыту мақсатында арнайы мемлекеттік бағдаралама қабылданып, аталған саланы дамытудың негізгі 15 бағыты айқындалған болатын. «Барлық құжаттарда жаңа технологияларды қолдану мәселесіне басымдық беріледі. Ал осы іспетті көрмелер соңғы жаңалықтар туралы біліп қана қоймай, тәжірибе алмасуға да оңтайлы жағдай туғызып отыр», – деді Г.Исаева.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus