Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Астанада жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

Астанада жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

3b3256076bb6eba9023146fb5579d418_M
Елбасы тапсырмасымен Жер реформасы жөніндегі комиссия құрылған болатын. Дәл қазір ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен комиссияның алғашқы отырысы басталды.

Жиын комиссия мүшелері, яғни қос палата депутаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен қоғам белсенділерінің қатысуымен өтуде.

Комиссия 75 адамнан тұрады. Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан арнайы штат құрылған.

«Барлығымыз нақты нәтиже жолында жұмыс жасауымыз керек. Комиссия жұмысы барысында әр мәселе егжей-тегжейлі зерттеліп қаралуы тиіс», – деді Б.Сағынтаев жиын барысында.

Айта кетейік, jerturaly.kz порталы мен Call орталық өз жұмысын бастап кетті.

Зәуреш Батталова, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті
-Комиссия мақсаты – жер туралы кодексті қайта қарап, нақты шешім қабылдау.
Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары
-75 адамдық комиссия болғанымен, оның ар жағында бүкіл халықтық мүдде тұр. Береке-бірлікпен жұмыс істеу керек. Егер ортақ пікірге келе алмай жатсақ, әртүрлі топтың арасынан редакциялық комиссия құрылуы тиіс.

Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/55234-astanada-zher-reformasy-zh-nindegi-komissiyany-al-ash-y-otyrysy-bastaldy

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus