Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Астана қаласында аусыл бойынша Дүниежүзілік жануарлар саулығы жөніндегі ұйымының Үйлестіруші Орталығы құрылады

Астана қаласында аусыл бойынша Дүниежүзілік жануарлар саулығы жөніндегі ұйымының Үйлестіруші Орталығы құрылады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков Халықаралық эпизоотикалық бюросының бас директоры доктор Бернард Валламен Астана қаласында аусыл бойынша Дүниежүзілік жануарлар саулығы жөніндегі ұйымының Үйлестіруші Орталығын құру жөнінде келісімге қол қойды.

Келісімге қол қояр кезде Б. Валла Үйлестіруші Орталықтың таңдалған орнының кездейсоқтық емес екендігін айтып, Қазақстанның жануарлардың аса қауіпті аруларымен күреске оң баға берді.

ХЭБ Үйлестіруші Орталығын құрудың мақсаты – Орта азия елдерінде және оған шекаралас аудандардағы аусылды бақылауды күшейту үшін аймақтағы құзырлы ветеринарлық қызмет әрекеттерін үйлестіру.

Атап айтқанда, бұл елдерге эпизоотикалық ахуалдарды бақылаудағы ветеринариялық жүйелердің халықаралық стандарттарын енгізу бойынша жұмыстар жүзеге асырылады.  

Сонымен қоса, аймақтағы ветеринарлық қызметінің Халықаралық эпизоотикалық бюро өкілдерімен бірігіп өзара аусылға қарсы күрес бойынша бірыңғай стратегия мен амалдар жүзеге асырылатын болады.

Басқа да маңызды бағыттарға аумақтар өңірлеріндегі аталған індеттердің жұқтыру қауіп-қатерін едәуір төмендетуге септігін тигізетін Орта-азия мемлекеттеріндегі сезімтал ірі-қара малдарды вакцинацияландыруға арналған Халықаралық эпизоотикалық бюро банкінің аусылға қарсы вакцинаны қолдану саласындағы мандатына сәйкес ынтымақтастықты жатқызамыз. 

 

 

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

Тел.:555765

E-mail: info_mcx@mail.ru

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus