Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Ауылшаруашылық саласын дамыту мықтап қолға алынды

Ауылшаруашылық саласын дамыту мықтап қолға алынды


Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ауылшарушылық саласын дамытуға арналған семинар өтті. Басқосуда аграрлық саланың бүгінгі проблемалары, сондай-ақ, таяуда Үкіметтің мақұлдауынан өткен «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы талқыланды.
Семинарда баяндама жасаған ҚР Ауылшарушылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияевтың айтуынша, агрокешенде қордаланып қалған мәселелер жаңа бағдарламда толық қамтылды. Мұнда ауылды дамытуға бөлінген ақшаның мақсатты жұмсалуына баса назар аударылып отыр. Сондай-ақ, бұдан былай тыңайтқыштарға, тұқым сатып алуға,
жанар-жағармайға берілетін мемлекеттік субсидия көлемі 4 жарым есеге артатын болады. Бұл жобада «инвестициялық субсидия» атты жаңа қолдау түрі қарастырылып отыр. Яғни, енді ауылшарушылығы саласында жұмыс істейтін кәсіпорын салуға, немесе қолданыстағыларын жаңартуға мемлекеттен субсидия бөлінеді. Басқосуда ауылшарушылық саласының өзге де мәселелері айтылды.

Серікхан АЯНБАЕВ, «Ынтымақ» ӘКК директоры:

– Қазақша бағдарлама дұрыс қой. Бірақ жергілікті жерлерде іске аспай жатыр. Әлемде кооперативтік альянс деген бар, сондай кооператив жасасақ.

Тілектес ЕСПОЛОВ, ҚАЗҰАУ ректоры:

– «Агробизнес-2020» бағдарламасы ең бірінші бәсекелестік қабілетін агроөндірістік субъектілердің және өнімдерін бүгінгі бәсекелестік қабілетіне сай дамытып, әлемдік деңгейде барлық ауылшарушылық саласы халықаралық талаптарға сай болуы керек осының бәрі осы бағдарламада қамтылып отыр.
href=”http://www.24.kz/index.php/zhanalyktar/sotsium/item/auylsharuashyly%D2%9B-salasyn-damytu-my%D2%9Btap-%D2%9Bol%D2%93a-alyndy”>

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus