Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық ветеринарлар Германияда білімдерін жетілдіреді

Қазақстандық ветеринарлар Германияда білімдерін жетілдіреді

АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат – Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университетінде кеше «Қазақстан Республикасында білім тарату жүйесін жетілдіру: кеңейту, тереңдету және жергілікті азаматтарды тарту» тақырыбында форум болып өтті.
Форум қатысушылары елде білімді кеңейту, тереңдету және оған жергілікті мамандарды тарту мақсатында оны дамыту, сондай-ақ білім таратуға жергілікті билік, ҮЕҰ, жеке капитал өкілдерін тарту мәселелерін талқылады.

Кәсіпорын еңбек өнімділігін арттыру үшін өз өндірісін жаңартып, жаңа технологияларды, жабдықтарды пайдалану кезінде оған дәлме-дәл қажетті кеңес беру жүйесін ойластыру қажет. Ауыл шаруашылы министрлігі бұл мәселені жалғыз өзі шеше алмайды, сондықтан да ғылыми-зерттеу институттарымен және жоғары оқу орындарымен тығыз өзара іс-қимылды ұйымдастыру қажет», – деді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.

Сондай-ақ Германиядан келген сарапшылар ауыл шаруашылығын қауіпсіз дамыту үшін ветеринар мамандардың біліктілігін жеткілдіру маңызды мәселелердің бірі екенін әңгімеледі. Жақында «Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры» атағына ие болған TiHo университетінің президенті Герман Грейф қазақстандық әріптестеріне Германиядағы ветеринар мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру тәжірибесін зерделеуді ұсынды. Ол оснымен бірге, TiHo мен ҚазҰАУ университеттері арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою әзірленіп жатқанын жеткізді.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus