Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Ақтөбе облысында браконьерлерге қатаң жаза тағайындалды

Ақтөбе облысында браконьерлерге қатаң жаза тағайындалды

Өткен жылдың қазан айында Ырғыз ауданында ұсталған 6 браконьердің үшеуі 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қалғандары 2 жыл мен 1,5 жылға сотталды. Заң алдында жауап бергендер қазір аппеляциялық шағым түсірген. Мұздай қаруланған Қызылорда облысының тұрғындары 50 бас киікті қырып кеткен еді. «Охотзоопром» инспекторлары тексеру кезінде көліктен 100 дана киік мүйізі мен қару тапқан. Браконьерлерге тиесілі 2 Jeep көлігі тәркіленді. Табиғат қорғаушылардың айтуынша, заңсыз киік ату фактілері ел ішінде азаймай тұр. Осыдан 2 күн бұрын Қызылорда облысы аумағында тағы бір топ ұсталды.

Ұлан Мамырбаев, «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты МК директоры:

– Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Бөгдөк жерінде «Охотзоопром» инспекторларымен Jeep автокөлігі ұсталып, көлікте 18 киіктің денесі табылды. Ішкі істер басқармасына тапсырылып, 2 іс бойынша, қылмыстық іс қозғалып, Жалағаш аудандық ішкі істер бөліміне жіберілді.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus