Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақтөбе облысында өткен аптаның соңынан киіктердің қырылуы тіркелмеген

Ақтөбе облысында өткен аптаның соңынан киіктердің қырылуы тіркелмеген

saigac_8
Қостанай және Ақтөбе облыстарында киіктердің бетпақдала популяциясының жаппай қырылу салдарын жою жұмыстары жалғастырылуда.
Соңғы мәлімет бойынша, Қостанай облысында шамамен 81 970 ұша жойылды. Жангелді ауданында штаб құрылып, Комиссия қызмет етуде.
Қостанай облысының аумағы киіктердің бетпақдала популяциясының төлдеу орны болып табылады. Өлген дарақ киіктерден барлық жануарларға ортақ пастереллез ауруының анықталуына байланысты 2015 жылдың 22 мамырынан бастап Қостанай облысының Амангелді ауданы Үрпек ауылдық мекені аумағында ветеринарлық-санитарлық шектеулер енгізілді.
Киіктердің бетпақдала популяциясының қырылу фактісі тіркелген «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерватында жағдай тұрақтанды. 22 мамырдағы жағдай бойынша, Ақтөбе облысында 3092 дарақ киік өлді. ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қызметкерлерінің мәліметінше өткен аптаның соңынан бастап аймақта киіктердің қырылу фактісі тіркелмеген.
Бұдан басқа, 21 мамыр күні Ақмола облысының Жарқайың және Жақсы аудандарының шекарасында киіктердің қырылу фактісі тіркелген. Қазіргі таңда киіктердің 4293 мың ұшасы жойылды. Ақмола облысында киіктердің қырылу аумағында халықаралық мамандар жұмыс істеуде: Корольдік Ветеринария колледжінің өкілі Ричард Кох, Франкфурт Зоологиялық қоғамының өкілі Штефан Цутер және ФАО өкілі Сергей Хоменко.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E:minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus