Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында элеваторлардың қуаттылығы артуда

Ақмола облысында элеваторлардың қуаттылығы артуда

Ақмола облысы Есіл ауданындағы элеватордың жаңғыртылуы бидай сақтау көлемін 100 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі аймақ басшысының бапасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өткен жылы «Есіл Дэн» ЖШС астық қоймасының қуаттылығы 70 мыңды ғана құраған болатын. Биылғы жылы кәсіпорын жөндеу жұмыстарын жүргізу мен негізгі техниканың жаңаруы есебінен ауданнның ірі серіктестері мен шаруа қожалықтарынан үштен бірге көп бидай қабылдады. Заманауи дән кептіргіштер мен дақылдардың тұқымын әртүрлі қоспалардан тазартатын триер блоктарының орнатылуының арқасында сапалы кептіру мен бидайды тиімді әрі ұзақ сақтау қамтамасыз етілген»,-делінген хабарламада.

«Оның үстіне, кәсіпорында тұрақты түрде қызметкерлерді ынталандыру жұмыстары жүргізіліп отырады. Мысалға, биылғы астық жинау науқанының басында 80 жұмысшының айлығы 10%-ға көбейді. Сонымен қатар серіктестік әртүрлі әлеуметтік жобаларды іске асыруға демеушілік көрсетеді»,-деп атап өтті әкімдікте.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus