Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында шегіртке зиянкестерінің үйірлі түрлеріне қарсы 580,0 мың гектардан астам өңделетін болады

Ақмола облысында шегіртке зиянкестерінің үйірлі түрлеріне қарсы 580,0 мың гектардан астам өңделетін болады

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен пресс-тур ұйымдастырылып, Львов және Костычев ауылдық округтарының жұмыскерлері журналистерге Ақмола облысының Жарқайың ауданында шегіртке зиянкестерінің үйірлі түрлеріне қарсы өңдеу қалай жүргізілетіні көрсетті. Аймақта шегіртке зиянкестерімен күресу үшін аса жеңіл авиацияның 13 борты, 4 аэрозольдік генераторлар және 2 УМО атомайзерлік бүріккіштер қамтылған.
Республика бойынша өсімдіктерді химиялық қорғауға барлығы 302 бірлік бүріккіш техникалар қамтылған, оның ішінде, 18 ұшақ, аса жеңіл авиация (АЖА)-43 борты, аэрозольді генераторлар – 43 бірлік, атомайзерлік бүріккіштер – 169 бірлік, жер үсті бүріккіштері – 25 бірлік және иыққа ілетін бүріккіштер – 4 бірлік.
2014 жылы аймақта республикалық бюджет қаражаты есебінен шегіртке зиянкестерінің үйірлі түрлеріне қарсы химиялық өңдеулер 580,1 мың гектар алаңда жүргізу жоспарлануда, оның ішінде италияндық прусқа қарсы 579,2 мың гектар және азиа шегірткесіне қарсы 0,9 мың гектар.
«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ мәліметі бойынша Ақмола облысында италиандық прус бойынша көктемгі-жазғы кезеңдеді мониторингтің жоспары 1 210 мың гектарды құрайды.
Ү.ж. 19 маусымдағы жағдай бойынша италиян шегірткесіне тексеру 580,0 мың гектар алаңда жүргізілді, өңдеуге жататын алаң 371,0 мың гектарды құрады, химиялық өңдеулер 355,0 мың гектар алаңда жүргізілді.
Республика аумағында шегірткелердің үйірлі түрлерінің таралуы 4,2 млн. гектар алаңда болжамдалуда. ҚР АШМ-нің 19 маусымдағы мәліметі бойынша шегірткенің үйірлі түрлеріне қарсы химиялық өңдеулер шамамен 3,2 млн. гектар алаң белгіленді. Шегіртке тектес зиянкестермен орналасқан жаңа жерлерді анықтау жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі күні республикада италиан шегірткесі бойынша өңдеуге жатқызылған 3,0 млн. гектар алаңның 2,8 млн. гектары өңделді. Азиа шегірткесі бойынша өңдеуге шамамен 485,0 мың гектар жатқызылған, ү.ж. 19 маусымдағы мәлімет бойынша оның 134,0 мың гектары өңделді, ал марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеулер аяқталды.
Пестицидтерді сатып алу және оларды сақтау, тасымалдау және қолдану жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алу конкурстары уақытылы өткізілді. Сатып алынған пестицидтер аймақтарға бөлініп, жеткізілді. Үстіміздегі жылы шегірткелермен күресу үшін аз уытты (IV сыныпты) препараттар қолданылады, оларды санаторлық-курорттық, су қорғау аймақтарында және елді мекендерде, сондай-ақ орташа уытты (IV сыныпты) инсектицидтерді қолдануға болады

ҚР АШМ баспасөз қызметі
Тел. + 7 7172 555 765
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus