Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар 2016 жылы АӨК-ні мемлекеттік қолдау көлемі 182,7 млрд. теңге деңгейінде жоспарлануда – МШМ

2016 жылы АӨК-ні мемлекеттік қолдау көлемі 182,7 млрд. теңге деңгейінде жоспарлануда – МШМ

2016 жылы АӨК-ні мемлекеттік қолдау көлемі 182,7 млрд. теңге деңгейінде жоспарлануда. Бұл туралы республиканың аудандық және облыстық әкімдіктерін бейне конференция барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов айтты.

««Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жыл сайын АӨК-ні мемлекеттік қолдау көлемі ұлғаюда. 2015 жылы АӨК-ні субсидиялау көлемі 173,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылға қарағанда 18,1%-ға көп. 2016 жылы АӨК-ні мемлекеттік қолдау көлемі 182,7 млрд. теңге деңгейінде жоспарлануда»,-деп атап өтті министр.

Агроөнеркәсіптік кешенге жұмсалатын шығындардың едәуір бөлігі, атап айтқанда, 2011 жылғы 32 млрд. теңгеден 2016 жылы 155,2 млрд. теңгеге дейінгі немесе 4,9 еселік көлем жергілікті атқарушы органдарға берілгендігін атап өткен жөн.

«Ішкі нарықты негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жағдайын талдау 2015 жылдың қорытындысы бойынша 80%-ды құрайды. Бұл ретте, күріш, қой еті, тауық жұмыртқалары, бидай ұны, нан бойынша қамтамасыз ету 100%-ды құрайды.

Сонымен бірге, ішкі тұтынымдағы отандық өнімнің үлесі жекелеген тауарлар бойынша әлі күнге төмен деңгейде қалып отыр»,-деді А.Мырзахметов.

Министрдің айтуынша, өзін-өзі қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер өңдеуші кәсіпорындардың қант, құрғақ сүт, сары май мен қатты ірімшік өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға кеткен шығындарын өтеу арқылы шешіліп отыр. Мәселен, 2015 жылы бюджеттік субсидиялар көлемі шамамен 2,6 млрд. теңгені құрады.
Жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны көбейді. Генофонның біртіндеп жақсаруы мен жануар өнімділігінің артуы байқалуда. Нәтижесінде, 2015 жылы 16 мың тоннадан астам ет пен ет өнімдері, оның ішінде 6,4 мың тонна тоңазытылған сиыр еті экспортталды.

Источник: https://strategy2050.kz/news/36476/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика