Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2015 жылы Алматы облысының Көксу ауданында және Жамбыл облысының Жамбыл ауданында жалпы ауданы 27,3 мың гектар алқапта суармалау жүйелері реконструкцияланады.

2015 жылы Алматы облысының Көксу ауданында және Жамбыл облысының Жамбыл ауданында жалпы ауданы 27,3 мың гектар алқапта суармалау жүйелері реконструкцияланады.

ҚР Су ресурстары комитеті қажет етілген суарылмайтын 600 мың гектар алқапты және 450 мың гектардан астам көлдете суарылатын жерлерді суару үшін су шаруашылығы инфрақұрылымын реконструкциялау жұмысын жүргізіп жатыр. Әкімдіктермен бірлесіп әлдеқашан толық түгендеу, жерлердің жарамдылығын бағалау (ақаулығын анықтау) және құрылыстардың бөліктерін қалпына келтіру үшін алдын ала есептер жүргізілді. 2015 жылы Алматы облысының Көксу ауданында және Жамбыл облысының Жамбыл ауданында жалпы ауданы 27,3 мың гектар алқапта суармалау жүйелері реконструкцияланады.
Жыл сайын Алматы және Қызылорда облыстары су ресурстары тапшылығын бастан кешіреді, бұл ахуал су тапшылығы жылдары ерекше сезіледі. Бұл проблеманы шешу үшін Комитет 2 текше километрден астам су ресурстарын үнемдеу жөнінде бірегей ұсыныстарды іске асыруға кірісті. Осы уақытта Сырдария өзенінде бір бөгет іске қосылды, екінші бөгеттің құрылысы жүргізіліп жатыр. Іле өзенінде ұқсас құрылыстар салу жоспарланып отыр.
Бюджет қаражаты тапшылығын ескеріп, ҚР АШМ СРК халықаралық қаржы институттары — Дүниежүзілік банк, Ислам даму банкі, Европа Қайта құру және Даму банкі инвестицияларын тарту жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ жаңа тариф саясаты әзірленіп жатыр, бұл ретте белгіленген тариф деңгейі инвестициялық бағдарламаларды іске асыру шығындарының орнын толтыруға мүмкіндік беретін болады.
Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік Бағдарламасымен 5 мақсатты индикатор белгіленгенін, олардың бірі — қосымша жер беті су ресурстарын 2020 жылға дейін 0,6 км3 өсіру екенін ескертеміз.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus