Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ өсімдік және мал шаруашылығын субсидиялауға әкімдіктерге 2014 ж 127 млрд теңге жолдайды

ҚР АШМ өсімдік және мал шаруашылығын субсидиялауға әкімдіктерге 2014 ж 127 млрд теңге жолдайды

Ауыл шаруашылығы министрлігімен 2014 жылдан бастап субсидиялауды жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың бюджеттеріне қаржылық қор көлемі беріледі.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы субсидиялау көлемі: өсімдік шаруашылығы – 85,4 млрд. теңге – 2013 жылмен салыстырғанда екі есе көп; мал шаруашылығы – 41,6 млрд. теңге – 2013 ж. деңгейінде.

2020 жылға дейін ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі 4,5 есеге дейін ұлғаймақ.

Өсімдік шаруашылығы

Субсидиялаудың қолданыстағы барлық бағыттары сақталды:  басымды дақылдар өндірісіне,  жеміс-жидек дақылдары мен жүзімді отырғызуға және өсіруге, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді сатып алуға,  суармалы суды жеткізуге, мақтаның сапасын сараптауға, тұқым шаруашылығын дамытуға, сол сияқты ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша төлемін өтеуге арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындардың құнын арзандату.

Түсімділікті барынша арттыру және топырақ құнарлылылығын сақтау үшін 2014 жылдан бастап ауыспалы егісті және ылғалресурссақтау технологияларын енгізуге талаптар көбейтілетін болады. 

Бұл ретте субсидияны төлеу тек жоғарғы репродукциялы  аудандастырылған сорттардың тұқымдарымен жүргізілген кезде іске асырылады.

Қазіргі уақытта жүргізілген саясаттың нәтижесі көрінуде. Мысалы, ағымдағы жылы бидайдың егісін 370,0 мың гектарға қысқаруының есебінен жемдік астық (7,8 мың га), майлы (138,8 мың га), көкөніс-бақша (5,8 мың га) дақылдарының алқаптары көбейтілді.

Мал азықтық дақылдардың алқабы едәуір ұлғайып 3,1 млн. гектарды құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 258,4 мың гектарға артық.

Әртараптандырылатын дақылдардың өндірісін үйлестіру және бақылау үшін басымды дақылдардың тізбесі мен субсидия нормасы облыс әкімдіктерімен Ауылшарминінің келісуімен белгіленетін болады. Өз кезегінде басымдылық рентабелді және нарықта сұранысқа ие басымды дақылдарға берілетін болады.

Мал шаруашылығы

Жоспарланды:

– субсидия алу үрдісін оңайлату: ірі қара мал шаруашылығында селекциялық және асылдандыру жұмыстарын, шырынды және ірі азығы құнын арзандату іс-шараларын субсидиялау нормативтерін селекциялық және асылдандыру жұмыстарын бір топқа бірлестіру;

– отандық және импорттық ірі қара малының төлі арасындағы субсидиялау нормативтерін оңтайландыру:

– АҚШ, Канада және Австралиядан импортталған етті бағыттағы асыл тұқымды  ірі қара малын субсидиялау нормативін 235 000 теңгеден 200000 теңгеге азайту;

– етті бағыттағы импортты малды субсидиялау нормасының төмендеуінен босаған қаржы есебінен отандық селекцияның асыл тұқымды ірі қара малын субсидиялау нормативін 118 000 теңгеден 154000 теңгеге өсіру;

– мемлекеттік қолдаудың жаңа бағыты – бордақылау алаңдарына сатылатын бірінші категориялы бұқашықтарды субсидиялау, бұл аз мал ұстайтын шаруа қожалықтарын субсидиялауға мүмкіндік береді;

– жеке қосалқы шаруашылықты қолдан ұрықтандыру шараларын 100 % субсидиялау;

– асыл тұқымды малды ұстау;

–  жергілікті бюджет арқылы жүзеге асатын түйе етін субсидиялау;

– тауар өндірушілерге қойылатын талаптарды оңтайландыру.

Субсидиялау тиімділігін талдау нәтижесінде, сондай-ақ профильді ҮМҰ ұсыныстарын ескере келесідей субсидиялар: қолдан ұрықтандыруы және эмбриондарды трансплантациялау; құс және шошқа шаруашылықтарының мал басының аздылығына және бәсеке қабілеттігіне байланысты 3 деңгейдегі тауарлық жұмыртқаларды өндіру алып тасталынған.

Мұнымен бірге агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін жоғарлату мақсатында «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдаудың жаңа қаржылық шараларын енгізу қарастырылып отыр.

Оларға:

АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру;

лизингпен несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

заемдарды кепілдендіру және сақтандыру;

инвестициялық субсидиялар.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

Байланыс: тел. +7 (7172)55-57-65

Email:info_mcx@mail.ru

www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus