Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2013 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2,5 трлн теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 11,6%-ға көп

2013 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2,5 трлн теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 11,6%-ға көп

 

Астана қ.                         05.02.2014 ж.

 

ҚР Премьер-Министрі С. Ахметовтың төрағалығымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде 2013 жылғы агроөнеркәсіп кешенінің даму нәтижелері мен үстіміздегі жылдың негізгі міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Министрліктің «Агробизнес2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында маңызды бастамалары аталып өтілді. 

Бағдарламамен қарастырылған мемлекеттік қолдаудың бірқатар жаңа құралдарын енгізу үшін құқықтық негіздер жасалды: Мемлекет басшысы 2014 жылдың 17 қаңтарында 15 заң актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді қарастыратын Заңға қол қойды. 

Заң нормалары АӨК субъектілерінің инвестициялық шығындарын ішінара өтеу, қайта өңдеу кәсіпорындарына ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алу шығындарын субсидиялау; АШТӨ қарыздарын сақтандыру және кепілдендіру кезінде субсидиялау; ауылдық жерлерге АӨК қызметкерлерін тартуды ынталандыруды қамтиды. Бұған қоса Заң ветеринарлық қауіпсіздік жүйесін әрі қарай жетілдіру және ветеринариялық заңнаманы бұзушылық жауапкершілігін қатаңдатуды қарастырады.

2013 жылы АӨК жұмысының негізгі көрсеткіштері.

2013 жылы ішкі тұтыну нарығындағы отандық азық-түлік өнімдерінің алатын үлесі 80% құрады. 

Ауа-райының күрделі болуына қарамастан, таза салмақта 19 млн тонна астық жиналды, бұл өткен жылғы деңгейден 48% артық. Бұдан басқа мақтаның (28,7ц/га), картоптың (181,5 ц/га), көкөністің (238,7 ц/га) және бақша дақылдарының (212,4 ц/га) рекордтық түсімділікке қол жеткізілді.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар көлемі 2,5% ұлғайып, 142,1 млрд теңгені құрады.

2013 жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығы өнімінің экспорт көлемі 2,4 млрд АҚШ долларына бағаланды. Бұл 2009-2011 жылдары экспорттың орта жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 27%-ға жоғары. Сондай-ақ, 2013 жылдың 11 ай ішінде КО елдеріне экспорттың көлемі 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 65%-ға дерлік өсті.

Атап айтқанда, қазақстандық астықтың экспортының ұлғаю тенденциясы байқалуда. Маркетингтік жыл басынан – 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап, 2014 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша астық эквивалентіндегі ұнды есептегенде шамамен 5,3 млн тонна астық экспортталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкесінше уақытымен салыстырғанда 25%-ға көп.

ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін жүзеге асыру жобасы жоспар бойынша жүзеге асуда. 2013 жылы экспортқа 4,5 мың тонна ет және ет өнімдері, оның ішінде 300 тоннаға жуық примиум классты сиыр еті жөнелтілді. Осы жылға экспорт болжамы 10 мың тоннаны құрап отыр, оның ішінде сиыр еті – 5 мың тонна.

Өсімдік шарушылығында үстіміздегі жылы құрылымдық және технологиялық әртараптандыруды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғастырылды. Азықтық дақылдардың аумағы ұлғайтылып, оның көлемі 3,1 млн. га құрады. Бұл  көрсеткіш 2012 жыл деңгейімен салыстырғанда 258,4 мың га көп.

2013 жылы ұйымдасқан шаруашылықтарда ІҚМ үлесі 31%, ЖҚШ – 69% құрады. Салыстырмалы түрде, 2010 жылдың басында орташа есеппен республика бойынша ұйымдасқан шаруашылықтарда мал басының үлесі 18%-ды құраған.

Мемлекет Басшысының тапсырмасы аясында 2013 жылдан бастап ауыл шаруашылығы,  білім және ғылым министрліктері ғылыми ұйымдар мен аграрлық ЖОО-мен бірлесе аграрлық ғылым жүйесін  реформалау аясында жұмыстарын жүргізе бастады.  «КазАгроИнновация»  АҚ негізінде Ұлттық ауыл шаруашылық ғылыми-білімдік кешенін және аграрлық профильді жоғары оқу орнын құру қарастырылуда.   

Сондай-ақ, негізгі мәселелі сұрақтардың себептері айқындалып, өндіріс қуаттылықтардың толықтай жүктелмеуі, негізгі ауыл шаруашылығы шикізат түрлерінің қайта өңдеу үлесінің төмендігі, осы сұрақтарды шешуге бағытталған шаралар ұсынылды. Осы ретте,  аталған мәселелерді шешу барлық мүдделі меморгандардың тығыз салааралық координациясын қажет етеді. 

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі 

+7 7172 555 765

 minagripress@gmail.com

www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика