Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан 2013 жылы 4 922,8 мың тонна астық экспорттады

Қазақстан 2013 жылы 4 922,8 мың тонна астық экспорттады

Баспасөз хабарламасы

Қазақстан 2013 жылы 4 922,8 мың тонна астық экспорттады

Астана қ. 23.04.14 ж.

Ең көп астық Ресей (990,7 тыс. тонн), Азербайжан (927,5 тыс. тонн), Өзбекстан (737,4 тыс. тонн) және Тәжікстан (651,7 тыс тонн) мемлекеттеріне жеткізілді. Осы елдер қазақстандық астықтың дәстүрлі импортерлері екенін атап өту қажет.
Бүгінгі таңда Министрлікпен астық, бұршақ және майлы дақылдардың экспортын Оңтүстік-Шығыс Азия, Қытайға ұлғайту бойынша жағдай жасалуда.

Астық бойынша Халықаралық кеңестің мәліметіне сай Қытайға жыл сайынғы астық импорты 3 млн 8 млн тоннаға дейін жетеді. Бұл Қытайға және сол елдің аумағы арқылы ОША мемлекеттеріне қазақстандық астықтың жөнелту көлемін ұлғайту экспорттық нарықты кеңейту стратегиялық бағыт болып саналады.

Қолайлы географиялық орналасу мен Қытаймен ортақ шекараның арқасында қазақстандық-қытайлық шекарада астық терминалының құрылысы жоспарлануда. Бұл Қытаймен ОША мемлекеттеріне қазақстандық астықтың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстандық астық экспортын ұлғайту мақсатында КО қызмет ету шеңберінде фитосанитарлық талаптарды жеңілдетуге бағытталған шаралар жүргізілуде.

Кеден одағы шеңберіндегі интеграция өсімдіктер карантині саласында Белорусь Республикасы және Ресей Федерациясының фитосанитариялық талаптарын жеңілдетуге мүмкіндік берді, атап айтқанда:

1.Кеден одағы Комиссиясының шешімімен 2010 жылы 18 маусымда № 318 жоғары және төменгі қауыптарға бөлінген карантинге жатқызылған өнімдердің бірыңғай тізбесі бекітілді, Кеден одағының кеден шекарасында және кеден аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізу тәртібі туралы Ережелер бекітілген.
2.Карантиндік фитосанитариялық қауып төндірмейтін өнімдер тізбеден шығарылып, карантиндік өнімдер тізбесі оңтайландырылды.
3.Төмен карантиндік фитосанитариялық қауыпқа жататын карантинге жатқызылған өнімдерді фитосанитариялық сертификатпен шығару талаптары алынды.
4.2011 жылғы 15 наурыздағы № 76 Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығы Мемлекетаралық Кеңесінің шешімімен, 2011 жылдың 1 шілдеден бастап қазақстан – ресей шекарасындағы карантиндік фитосанитариялық бақылау Кеден одағының сыртқы шекарасына ауыстырылды.
5.2011 жылғы 19 мамырдағы № 83 Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастығы Мемлекетаралық Кеңесінің шешіміне сәйкес Кеден одағы мүше – мемлекеттері арасында карантинге жатқылзылған өнімдерді алып жүруге және әкелуге импорттық карантиндік рұқсат алу тоқтатылды.

Аталған шаралар өсімдіктер карантиніне жатқызылған өнімдерді Кеден одағы мүше – мемлекеттері арасында тасымалдау кезінде, сонымен қатар үшінші елдерден осындай өнімдерді импорттау кезінде бірқатар кедергілерді жою мәселелерін шешті, карантинге жатқызылған өнімдерді Кеден одағы мүше – мемлекеттері арасында әкелу және тасымалдауға қатысты карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) кезінде бірыңғайлықты анықтау және реттеу мәселелерін шешті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі
Email: minagripress@gmail.com
Тел. 7172 55565
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика