Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлері уылдырығының саудасына арналған марканы бекіту және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру

Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре балық түрлері уылдырығының саудасына арналған марканы бекіту және оны Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сатуға арналған марканы беру

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

  • Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі
  • www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақылы

Қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
      3) егер өтінілген уылдырық:
      отандық-табиғи болса – сатып-алу туралы шартының көшірмесі;
      тәркіленген болса – бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімінің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттауды жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алуын растайтын құжатты және тәркіленгені туралы сот актісінің көшірмесі;
      4) маркалар үшін төлемақы туралы төлем тапсырысының көшірмесі.
      Порталға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      2) егер өтінілген уылдырық:
      отандық-табиғи болса – сатып-алу туралы шартының көшірмесі;
      тәркіленген болса – бекіре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнімінің басқа да түрлерін өңдеу және экспорттауды жүзеге асыратын мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алуын растайтын құжатты және тәркіленгені туралы сот актісінің электрондық көшірмесі;
      3) ЭҮТШ арқылы төленгенін қоспағанда, маркалар үшін төлемақы туралы төлем тапсырысының электрондық көшірмесі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

     Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекіре тұқымдас балықтар уылдырығының саудасы үшін таңбаны бекіту және Қазақстан Республикасының ішкі нарығында саудалауға арналған таңбалар

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011774#z83

Қызмет стандарты
Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдарың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды портал арқылы беру кезінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы алуға болады.
Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus