Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Атақты ғалым Қилыбай Медеубеков өмірден озды

Атақты ғалым Қилыбай Медеубеков өмірден озды

_К.У.Қазақ ғылымының көрнекті өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Қилыбай Үсенұлы Медеубеков өмірден озды.
Атақты ғалымның бүкіл еңбегі қойдың жаңа тұқымдарын шығару және жетілдіру саласын зерттеумен байланысты болды. 1976 жылы Қилыбай Медеубек ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы К.М. Қасымовпен бірлесе биязы қойдың жаңа тұқымын шығарды.
Ғалым 500-ден астам ғылыми жұмыстарын басып шығарды, сондай-ақ «Интенсивное овцеводство», «Овцеводство Казахстана», «Производство продукции овцеводства» және «Казахстанские мериносы» атты кітаптары жарыққа шықты.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Қилыбай Үсенұлы Медеубековтің өмірден озуына байланысты туған-туыстарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасады. Қилыбай Үсенұлының ауыл шаруашылығы саласына сіңірген еңбегі, озық ғылыми ізденістері мен зерттеулері еліміздің экономикасын дамытуға қосқан үлесі зор. Биік тұлға ретінде, Қилыбай Үсенұлының есімі мәңгі есімізде сақталады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus