Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Университетте – жаңа ректор

Университетте – жаңа ректор


28 қараша күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми кеңес отырысында жаңа ректорды таныстырды. Университеттің жаңа ректоры болып ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, академик Асқар Мырзахметұлы Наметов тағайындалды. Ол бұған дейін «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған болатын.
Салтанатты жиында университет ұжымына жаңа ректорды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Ермек Беделбайұлы Көшербаев пен облыс әкімінің орынбасары Бағдат Оразалдыұлы Азбаев таныстырды және жемісті еңбек еткен Нұрлан Серғалиеваке алғыстарын білдірді.
—24 қарашадағы Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Асқар Мырзахметұлы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры болып сайланды. Асқар Мырзахметұлы басшылық қызметтерде көп жылдар бойы қызмет еткен білікті де тәжірибесі мол тұлға. Университет ұжымы мен жаңа ректорды тағайындауымен құттықтаймын, – деді Ермек Беделбайұлы.
-Құрметті менің әріптестерім! 1998 жылдан бастап осы университетте қызмет жасадым. Осы университеттің ең бастысы, ең құндысы – унверситеттің ұжымы екендігін әрқашан айтып келемін. Бірлесіп жемісті еңбек еткен әр адамға өз алғысымды білдіремін,- деді Нұрлан Хабиболлаұлы.

Асқар Мырзахметұлы Наметов 1963 жылы дүниеге келген. К.И.Скрябин атындағы Мәскеу ветеринарлық академиясын бітірген. Алматы зооветеринарлық институтының анатомия кафедрасының ассистенті, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің факультет деканының орынбасары, оқу-ғылыми-өндірістік кешеннің оқу-әдістемелік комиссиясының төрағасы, оқу бөлімінің бастығы және оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры қызметтерін атқарған. Бүгінгі күнге дейін «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес АҚ басшысы қызметін атқарды. Мелекеттік наградалармен марапатталған. ҚР АШМ Ветеринария департаментімен бекітілген әдістемелік ұсыныстар мен 120-дан астам ғылыми мақалалардың авторы. Өндіріс пен ғылыми зертханаларда қолданылып жүрген 10 өнертабыстың патент иесі.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved