Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Үкімет отырысында егін жинау мәселелері пысықталды

Үкімет отырысында егін жинау мәселелері пысықталды

2016 жылдың 10 тамызында ҚР Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтің төрағалығымен селекторлық режимде Үкіметтің мүдделі министрліктер мен облыстар әкімдіктерінің және ұйымдардың қатысуымен егін жинау жұмыстарына дайындық барысына арналған мәжілісі өтті.

ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі Қ.Қ.Айтуғанов ағымдағы жылғы егін жинау жұмыстарына дайындық барысы туралы ақпараттандырды.

Атап айтқанда, ағымдағы жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 21,7 млн. га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар – 15,2 млн. га., бидай – 12,2 млн. га. құрады. Науқан кезінде дәнді дақылдар алаңының 70%-дан астамын (11 млн. гектар) жинауға 14 мың бірлік өнімділігі жоғары астық жинаушы комбайн қатысады.

Күзгі дала жұмыстарын тиісті жүргізу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинау жұмыстарын ұйымдасқан түрде жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді бюджет қаражаты және ҚазАгро Ұлттық холдингінің қаржы институттарының қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша шаралар қабылдады.

ҚР Энергетика министрлігімен және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп бекітілген Мұнай өңдеу зауыттары үшін облыстарды бекітіп беру кестесі бойынша облыстардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін жоспарланған 391,6 мың тонна көлемінде дизель отынын жеткізу жүзеге асырылып жатыр. Өңірлердегі дизель отынының 1 литрі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орта есеппен 92 теңгені құрайды (жанармай станцияларында 1 литрі 108 теңге), бұл нарықтық бағадан 15 %-ға арзан.

Бұдан басқа, энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктерімен ағымдағы жылғы егістің астығын уақытылы кептіру үшін дизель отынының қосымша көлемімен қамтамасыз ету жөнінде мәселе пысықталуда.
Мәжілістің нәтижесі бойынша ҚР Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімов Энергетика министрлігіне облыстарға дизель отынын уақытылы жеткізуді қамтамасыз етуді және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп ағымдағы жылғы егістің астығын уақытылы кептіруді жүргізу үшін дизель отынының қосымша көлемімен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар, облыстар әкімдіктеріне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржылық және тауарлы-материалдық ресурстармен қамтамасыз етуде, сондай-ақ, егін жинау жұмыстарына техникаларды уақытылы дайындауда, шаруашылық субъектілерінің элеваторлы-қоймалық және ток шаруашылығын дайындауды аяқтауда ықпал ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus