Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ғалымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады

Ғалымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы шеңберінде еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі жоғары, қуаңшылыққа төзімді жаңа сорттарын шығарып өндіріске енгізу бойынша отандық аграрлық ғылымға перспективалық міндеттер жүктелді.

Осы міндеттерді орындау үшін, биылғы жылдың 29 қаңтарында «ҚазАгроИнновация» АҚ-ға қарастыҚазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында«Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын дамытудың жай-күйі мен перспективалары» деген тақырыпта ғылыми-практикалық семинар өткізіліп, ауыл шаруашылығы саласындағы басым бағыттарға байланысты көкейтесті мәселелер көтерілді.  Яғни, өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясын және тұқым шаруашылығын дамытудың қазіргі жай-күйі мен перспективалары,ауыл шаруашылығы дақылдарыныңтұқым шаруашылығын ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету және отандық инновацияны дамытудың тетіктері, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын өндіріске кеңінен енгізу және  тұқым шаруашылығы саласында мамандардың біліктілігін арттырумәселелері талқыланды.

Бұл кеңеске облыстық және аудандық әкімдіктердің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары, аудандық ауыл шаруашылығы басқармаларының және аумақтық инспекциялардың бастықтары, Алматы облысы аграрлық өнеркәсіп кешені шаруашылықтарының басшылары, көрнекті отандық ғалымдар және т.б. – барлығы 150-ден астам адам қатысты.

Тұтас алғанда, «Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығын дамытудың жай-күйі мен перспективалары» деген семинар-кеңес ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары сапалы тұқымдарын өндіруді қамтамасыз ету үшін экономиканың аграрлық секторының тұқым шаруашылығында ғылыми негіздерді жетілдірудің, нормативтік-әдістемелік және заңнамалық базасын үйлестірудің жай-күйі мен перспективаларын толығымен айқындады.

Кеңестің ауқымды бағдарламасында тұқым тазартатын желі,ауыл шаруашылығы дақылдарыныңбастапқы тұқым шаруашылығы қоймалары, жылыжай кешені көрсетілді. Қатысушылар институт ғалымдарының ғылыми жетістіктерімен, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарымен, егіншілік саласындағы инновациялық әзірлемелермен танысты. Сондай-ақ, «ҚазАгроИнновация» АҚ-ға қарасты Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ-дің, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ-дің, Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ-дің ғылыми жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.

 

Анықтама үшін: Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ-дің ғалымдарыауыл шаруашылығы өсімдіктерінің 500-ден астам сорттары мен будандарын шығарды, оның ішінде 92 сорт пен буданды қазіргі уақытта Алматы облысында қолдануға рұқсат берілген, сонымен бірге: 18-күздік бидай, 2-тритикале, 6-жаздық бидай, 3-қатты бидай, 10-жаздық арпа, 1-күздік арпа, 5-сұлы, 15-жүгері, 4-күріш, 9-қытайбұршақ, 1-бұршақ, 2-ноқат, 1-әйкен, 3-қант қызылшасы, 1-мақсары, 1-жаздық рапс, 1-қыша, 1-итальяндықтары, 2-құмай, 1-құмай буданы, 2-судан шөбі, 1-эспарцет, 1-будандық райграс, 1-жайылымдық райграс.

 
 

«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС

баспасөз қызметі (727) 388 39 25 (104)

*kazniizr@mail.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus