Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Аграрлық сала ғалымдары биылғы жылдың көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу жөнінде ақыл-кеңестерін айтты

Аграрлық сала ғалымдары биылғы жылдың көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу жөнінде ақыл-кеңестерін айтты

2013 ауыл шаруашылығы жылының күзгі, қысқы кезеңдерінде жауын-шашын 2012 жылғымен салыстырғанда мейлінше мол болды.
Қыркүйек, қазан айларында және қарашаның бас кезінде жауған жауын-шашын егіні жинап алынған егістік жердің топырағына 37-53 мм.-ге дейін тереңдікте ылғалды молайта түсті. Күзде және қыс басында Қазақстанда – Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында жауын-шашын әдеттегі нормадан артық жауды. Алайда, күзгі жауын-шашын мен қардың қалың түсуі әрқашан бітік егінге кепіл болады деп айту қиын.
Ақмола, Қостанай облыстарында, еліміздің орталық және шығыс өңірлерінде наурыз айының бас кезінде жауған жаңбыр қардың тығыздалуына, жылдам еріп кетуіне ықпал етіп, топырақта ылғалдың мол жиналуына кері әсерін тигізді.
Республикамыздың егіншілікпен шұғылданатын аудандарында көктемнің бас кезінде топырақтың ылғалдануы үшін қолайлы жағдайлар бар. «ҚазАгроИнновация» АҚ аграрлық саланың ғалымдары пісіп жетілу кезеңі орташа-кешеуілді жаздық бидай сорттарын мамырдың 18-23, орташа сорттарын мамырдың 20-26, орташа-ерте пісетін сорттарды мамырдың 23-30 аралығында себуге кеңес беріп отыр. Тұқым себу нормаларының орташа оңтайлы деңгейін сақтау қажет, яғни әр аймақтың өзгешелігіне байланысты 2,0-3,2 млн. өніп шығатын тұқым. Тұқымды топыраққа сіңіру тереңдігі 4-6 см, тұқым себілетін топырақ қабатында ылғал жеткіліксіз болған жағдайда 7 см-ге дейін тереңдетуге болады.
Сондай-ақ күнбағыс және майлы дақылдар тұқымын себу мерзімдерін де қатаң сақтау қажет, яғни мамырдың 12-20, зығыр мамырдың 20-25, жаздық рапс тұқымын мамырдың 18-25 аралығында сепкен абзал. Күнбағыс тұқымын сепкенде 1 гектар егістік жерге есептегенде 30-40 мың тұқым себу нормасын сақтау қажет. Зығыр тұқымын себудің оңтайлы нормасы бойынша 1 гектар егістік жерге 4-5 млн дән себілуі қажет. Жаздық рапс тұқымын себудің оңтайлы нормасын да қатаң сақтауға ұмтылу қажет, яғни тек дәлме-дәл себуге арналған тұқым сепкіш техниканы қолдану арқылы ғана тұқымның топыраққа түсу жиілігін қамтамасыз етуге болады. Жиілік мөлшері тұқымның сортына, будан түріне, қатарлардың аралық қашықтығына, қоқымдану деңгейіне сәйкес болмақ. Күнбағыс пен зығыр тұқымын топыраққа сіңіру тереңдігі 4-7см, жаздық рапс тұқымы – 1.5 – 2 см, алайда 3 см.ден артық емес.
Ноқат тұқымын себудің оңтайлы кезеңі мамырдың 7-17 аралығы, тұқым себу нормасы – 0,5-0,8 млн. га. Бұршақ тұқымын себу кезеңі мамырдың 15-28 аралығы, жасымық – мамырдың 18-28 аралығы, бұршақ пен жасымық тұқымын себу нормасы – 0,8-1,2 млн. га, тұқымды топыраққа сіңіру тереңдігі 5-8 см. Бұршақ пен жасымықты өсіруде нөлдік технологияны қолдану мейлінше табысты болмақ.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тұқым себуде ең озық технологияларды қолдануға ұмтылуы қажет екенін ғалымдар атап айтады. Яғни, ылғал үнемдейтін технологияларды қолдана білу аса маңызды болмақ. Топырақты мейлінше аз жырту, гербицидтерді қолданып арамшөптерді жою ― мол өнім алудың кепілі.
2012 жылдағы қуаңшылық, биылғы көктемнің салқын болатыны туралы болжамдар бітік егін алу үмітін күшейтсе де, көптеген біржылдық және көпжылдық арамшөп түрлерінің де мол болатынын қоса айғақтап отыр. Арамшөпке қарсы шаралар ретінде топырақты механикалық тұрғыдан аралық өңдеу тиімді болары сөзсіз.
Көктемгі тұқым себу науқаны басталғанға дейін диқандар егістік алқаптардың құрылымын мейлінше мұқият қалыптастыра білуі қажет. Қажет болған жағдайда бидайдың немесе арпаның егістік алқабын кеңейте түсу немесе жергілікті климат пен топырақ өзгешеліктеріне байланысты майлы және бұршақ-дәнді дақылдардың қайсысы сұранысқа ие екенін алдын ала талдап көру экономикалық тұрғыдан мол табысқа жетуге кепіл болады. Бидайға балама ретінде бұршақ, рапс, күнбағыс, сұлы, тары, қарақұмық, ноқат, жасымық, зығыр және т.б. дақылдар тұқымын себуге болады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
Байланыс тел. +7 (7172) 55-57-65
Info_mcx@mail.ru, www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus