Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Әкімшіліктер егін науқаны туралы жалған ақпарат берген

Әкімшіліктер егін науқаны туралы жалған ақпарат берген


Әкімшіліктердің берген ақпаратына сәйкес, бүгінге дейін Ақмола облысы егіннің – 92, Қостанай – 74, ал Солтүстік Қазақстан облысы – 82 пайызын жинап алған. Бірақ бұл көрсеткіштер ғарыштан түсірілген фото суреттермен сәйкес келмейді. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен 2015 жылғы өнімге тұқым дайындау жөніндегі селекторлық отырыс аясында «Хабар» арнасының тілшілеріне берген сұхбатында министрліктің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов айтты.

Комитет төрағасының айтуынша, тіпті бұл облыстардың кейбір аудандарындағы шаруашылықтар әлі күнге дейін егіннің 20-30 пайызын да жинап үлгермеген. Оған біріншіден, ауа райының қолайсыздығы себеп болса, екіншіден, техниканың жетіспеушілігі қол байлау болған.

Сақташ Хасенов, Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы
-Космостан түскен суреттерге қарасақ, 10-12 пайыз айырмашылық бар. Қостанай облысын алсақ, бәрі көрініп тұр. Оңтүстік аудандары жиналған, солтүстіктегі аудандар расында да көрініп тұр, көбісінікі жиналмаған. Егін жинау науқаны созылып кеткеннен кейін тағы да жанармай бөлініп жатыр.

Енді ауа райының қолайсыздығына байланысты шаруасы шатқаяқтап, шығынға батқан диқандардың астығын Азық-түлік келісімшарт корпорациясы сатып алады. Бұрын олар 3 класты сапалық көрсеткішке ие астықты ғана сатып алып келген болса, енді шаруалардың 4-5 сападағы егіндерінде сатып алады. Өз кезегінде бұл еңсесі түскен шаруаларға үлкен қолдау болмақ.

Сәбит Қашқынбаев, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы АҚ басқарма төрағасының орынбасары
-Осы жағдайға байланысты 4-ші және 5-ші класты да сатып алуға шешім қабылданды. Класс бидай 40 мың теңге тоннасы, 4 сапалы бидайдың бағасы – 35 мың, 5 сапалы бидайдың бағасы – 30 мың теңге тоннасына.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus