Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Мемлекет игерілмеген алқаптарды өз меншігіне қайтарып алатын болады

Мемлекет игерілмеген алқаптарды өз меншігіне қайтарып алатын болады


Мемлекет мақсатсыз пайдаланған және игерілмеген алқаптарды өз меншігіне қайтарып алады. Былтыр Жер кодексіне тиісті өзгертулер енгізілген болатын. Енді Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы агрохимиялық қызмет 3 миллиондай гектар жерді зерттемек. Үш жылдан артық пайдаланбаған, топырағы құнарсыз, арамшөптер не карантиндік өсімдіктер өсіп кеткен жер телімдері мәжбүрлеп тәркіленетін болады. Соңғы 25 жылда құнарлы жердің аумағы 6 есеге азайған. Бұл өз кезегінде егін шығымдылығына кері әсерін тигізеді. Есесіне диқандар жерді тыңайтуға құлық танытпай отыр, – дейді мамандар. Ерболат Бәзілжанов, ҚР АШМ Агрохимиялық қызметі Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры – Республика бойынша 1,5 млн тонна тыңайтқыш керек. Ал біздің зауыттарға түскен 100-200 мыңға тапсырыс түсті. Ал қалған тыңайтқыштарды кім қолданады? Ешкім қолданғысы келмейді. Соны қолдану үшін біз, Жер кодексінің 92, 93-баптарында көрсетілген, дұрыс пайдаланбаған жерлерді Үкімет өзіне қайтадан алып алады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus