Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Тыңайтқыштарды субсидиялау: жаңа механизм, тың серпін

Тыңайтқыштарды субсидиялау: жаңа механизм, тың серпін

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен Ақмола облысы, Астрахан кентінде өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіретін «Фермер-2002» ЖШС-де баспасөз туры өтті. Шарада министрлік өкілі, өндіріс мамандары және өзге де қатысушылар болды.

Минералдық тыңайтқыштарды субсидиялаудың жаңа механизмі шаруаларға мол мүмкіндік беріп отыр. Бұл өз кезегінде тауар өндірушілерге егіс көлемін ұлғайтпай-ақ ауыл шаруашылық өндірісінде жоғары нәтижеге қол жеткізуге дәлел болды.

Субсидияланатын тыңайтқыштардың тізбесі де көбейді, ол импорттық өндіріс тыңайтқыштары бағаларының төмендеуіне әсер етті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Егіншілік департаменті директорының міндетін атқарушы Мауленов Акпар Қазалиұлы өз сөзінде: «Субсидиялаудың жаңа үлгісі енгілуіне орай тыңайтқыш бағасы нарық құнынан ең төменгі мөлшерді көрсетіп отыр. Жыл нәтижесі бойынша былтырға карағанда тыңайтқыштарды сатып алуды 1,3 есе арттыру жоспарлануда, яғни, бұл соңғы жылдары алғаш рет тыңайтқыштарды тұтынуды 14% дейін енгізуге мүмкіндік береді. Мәселен, негізгі астықты өлке – Солтүстік Қазақстан облысында тыңайтқыштарды қолдану 19% жетті, бұл көрсеткіш өткен жылы 12% құраған болатын. Ал, Шығыс Қазақстан облысында былтырғы жылы тыңайтқыштарды тұтыну 10% болса, биыл 18%-ға артып отыр», – деп атап өтті.

Ал, «Фермер-2002» ЖШС директоры Пельцер Валерий Александрович: «Мекеме дәнді-дақылдар өндірісіне мамандандырылған. 2017 жылғы көрсеткішті айтар болсам, өндіріс орнындағы жазғы бидай мен арпаның егіс алқаптары 25 мың гектарды құрады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын егу үшін қолайлы техника да бар. Ең бастысы – субсидиялаудың жаңа механизмін іске асыру үшін бар күш жұмылдырылып, жұмысымыз жолға қойылды. Мұның бәрі ҚР Ауыл шаруашылғы министрлігі тарапынан бастау алып отыр», – деді.

Айта кету керек, өндіріс орны бидайдың мол өнімді сорттарын өндіру, орта шығымдылықты 20 ц/га дейінге жеткізу, ауыл шаруашылығы саласына жыл сайын жаңа ғылым жетістіктерін енгізуді жоспарлауда.

Тыңайтқыштарды субсидиялаудың жаңа механизмі ауыл шаруашылығы саласына тың серпін берері анық.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика