Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Астанаға гүл трипсі кіргізілмеді

Астанаға гүл трипсі кіргізілмеді

Астана қ. бойынша ҚР АШМ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Нидерландыдан әкелінген өнімдерден батыс (калифорниялық) гүл трипсін анықтады.
«Астана Халықаралық Әуежайы» фитосанитариялық бақылау бекетінде карантиндік тексеру кезінде салат жапырақтары мен қара бүлдіргеннен нұсқалар алынып Республикалық карантиндік зертханаға жіберілді. Сараптама нәтижесі бойынша 85 кг салат жапырақтары мен 21 кг импортталған қара бүлдіргенде гүлді трипсі анықталды.
Карантиндік объектілермен залалданған өнім кеден, экология өкілдері мен жүк иесінің қатысуымен өртеу арқылы жойылды.
2014 жылы Нидерландыдан әкелінген карантинге жатқызылған өнімдерден аталған зиянкес 6 рет анықталды, оның 3-уі жаңа кесілген гүлдерде болған. Қазіргі таңда еліміздің жылыжайларында гүл трипсі жоқ. Сондықтан, гүл трипсін әкелу және оның таралуы республиканың жылыжайларындағы гүл мен көкөніс өнімдерін жұқтыру қаупі төніп, өнімнің толықтай жоюын қажет етуі мүмкін.
Жалпы республика бойынша өткен жылы карантиндік объектілермен залалданған 12 факт анықталды, оның 8-і батыс гүл трипсі. 3 тонна қауіпті жүк жойылды. Осы жылдың өзінде ҚР АШМ карантиндік бекеттерімен 2,5 тонна жұқтырылған гүл мен көкөніс анықталып жойылды.

Анықтама – қазіргі таңда батыс (Frankliniella occidentalis) гүл трипсі жабық жерде өсірілетін гүлді, декоративті, көкөніс дақылдарының аса қауіпті зиянкесі болып табылады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus