Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Шаруалар үшін дизелдік отынның бағасы 12%-ға төмен болады – ҚР АШМ

Шаруалар үшін дизелдік отынның бағасы 12%-ға төмен болады – ҚР АШМ

Көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер үшін дизельдік отынның орташа бағасы
литріне шамамен 90 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 10-12%-ға төмен, деп хабарлады Ауыл шаруашылық вице-министрі Мүслім Өміряев Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында.

«Өңірлердегі ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер үшін дизелдік отынның орташа бағасы тасымалдауды және операторлардың шығынын есепке алғанда литріне шамамен 90 теңгені құрады, бұл нарықтық бағадан 11-12%-ға төмен», – деді М.Өміряев.

Сонымен қатар, ол Ауыл шаруашылық министрлігі облыс әкімдіктерімен бірге облыстардағы АШТӨ-нің көктемгі-егіс жұмыстарына дизелдік отынға сұраныс көлемі анытқалғанын, өткен жылғы деңгей – 360 мың тоннадан кем түспейтінін атап өтті.

Айта кету керек, көлем, және де облыстардың мұнай өндіретін зауыттарына бекіту кесте жобасы Мұнай және газ министрлігімен келісілген.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus