Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ОҚО заңсыз арқарларды атқан үшін үш браконьер ұсталды

ОҚО заңсыз арқарларды атқан үшін үш браконьер ұсталды

ovis_orientalis
Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау орман шаруашылығы аумағында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкерлері мен Түркістан қ. ҚІІБ табиғатты қорғау полиция инспекторлары бірлескен рейдтік іс-шаралар барысында үш браконьерді қолға түсірді.
Олардан бір жабайы қабан еті мен арқардың 4 ұшасы, 3 ойық ұңғылы, 1 тегіс ұңғылы атыс қаруы, 5 рация, 1 GPS құралы, 3 дүрбі, мылтыққа арналған 1 оптикалық көздегіш, 2 аңшы пышағы, 131 дана мылтық оқтары анықталып, тәркіленді.
Осы факт бойынша материалдар құқық қорғау органына жолданды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
Тел.: 555-765
e-mail: minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Теги: браконьер, арқар, АШМ, ОШЖДК, мылтық

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus