Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ШҚО заңсыз арқарларды атқан үш браконьер ұсталды

ШҚО заңсыз арқарларды атқан үш браконьер ұсталды

илопи
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аумағында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары рейд барысында үш браконьерді қолға түсірді.
Тексеріс барысында арқардың 2 ұшасы мен 16 калибрлі мылтық анықталып, тәркіленді.
Осы факт бойынша материалдар құқық қорғау органына жолданды.

Анықтама:
Арқар халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» (IUCN) енген. Бүгінде арқарлар Қазақстанда сирек кездесетін жануарлардың қатарына жатады, олардың саны республика бойынша шамамен 14737 дарақты құрайды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
Тел.: 555-765
e-mail: minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus