Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Трансшекаралық өзендер бойынша халықаралық ынтымақтастық

Трансшекаралық өзендер бойынша халықаралық ынтымақтастық

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі трансшекаралық суды ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері бойынша белгілі бір елдермен ынтымақтастық қарым-қатынаста.

Бұл бағыттағы қызметті Министрліктегі Трансшекаралық өзен департаменті жүзеге асырады, ал Су ресурстары жөніндегі комитет Министрліктің бақылау-қадағалау функцияларын атқарады.

Қазақстанда трансшекаралық өзендер ел шетімен ағады. Оларға Ертіс, Іле, Сырдария, Жайық, Тобыл, Есіл және Шу өзендері жатады. Бұл өзендер елдің шетінде орналасқандықтан 40 пайыздан астам су ресурстары көрші елдерден келеді. Осыған байланысты, Қазақстан суға тәуелді ел болып табылады және трансшекаралық өзендерді пайдалану аса маңызды.

Сондықтан да, мемлекеттің саясатында трансшекаралық су ресурстарын көрші елдермен бірлесіп пайдалану және қорғау мақсатындағы өзара іс-қимыл мәселесі ерекше орын алады.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы су аралық қатынастар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау бағытындағы ынтымақтастық келісімімен реттеледі (12.09.2001 жыл, Астана қаласы). Осы Келісімді жүзеге асыру мақсатында трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау бағытындағы Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясы, сондай-ақ, сарапшылардың жұмыс тобы құрылды.

2014 жылдың қарашасында Алматы қаласында өткен трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау бағытындағы Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының 12-ші отырысында бұл жобаны талқылау және келісу бойынша арнайы жұмыс тобын құру туралы келісімге қол жеткізілді. Ал 2015 жылғы отырыста тараптар келісім жобасының құрылымын мақұлдап, арнайы жұмыс тобының қызметі туралы ережеге қол қойылды.

Ағымдағы жылы Алматы қаласында арнайы жұмыс тобының 3-ші отырысын (19-22 қыркүйек) және Бірлескен комиссияның 14-ші отырысын (қарашаның екінші жартысы) өткізу жоспарлануда.

Ресей Федерациясымен су қатынастары 2010 жылғы 7 қыркүйектегі «Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы» келісіммен реттеледі.

Келісімді іске асыру үшін трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау мақсатындағы Қазақстан-Ресей комиссиясы және трансшекаралық өзендер бассейні: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қиғаш, Қараөзен және Сарыөзен су ресурстарын бірлесіп пайдалану және қорғау мақсатындағы 6 жұмыс тобы құрылды және жұмыс істейді. Комиссияның отырыстары айына кемінде 1 рет, ал жұмыс тобы отырысы жылына кемінде 2 рет алма-кезек тараптар аумақтарында өткізіледі.

2016 жылдың 5-7 қарашасынан бастап Горно-Алтайск қаласында (Ресей Федерациясы) трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау мақсатындағы Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының 6-шы отырысын өткізу жоспарланған.

Қырғыз Республикасымен трансшекаралық өзендер бойынша қарым-қатынастар 2000 жылдың 21 қаңтарынан бастап Үкіметтер арасындағы Шу және Талас өзендеріндегі су шаруашылығы құрылыстарын мемлекетаралық пайдалану келісім негізінде реттеледі.

Келісім шеңберінде мемлекетаралық пайдаланудағы Шу және Талас өзендеріндегі су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі Қазақстан мен Қырғыз Республикасы комиссиясы әрекет етеді.

Комиссия отырыстарында Шу және Талас өзендері бассейнінің су ресурстарын бірлесіп пайдалануды реттеу мәселелері және су шаруашылығы құрылыстарын мемлекетаралық пайдаланудағы шығыстары талқыланады. Бұл тұтастай алғанда, ҚР кепілдік берілген су көлемінің түсуін қамтамасыз етуі тиіс.

2016 жылдың сәуір айында Тараз қаласында Шу мен Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы нысандары бойынша Шу-Талас комиссиясының 21-ші отырысы болып өтті. Отырыста 2016 жылға вегетациялық кезеңге су алудың лимиттері мен мемлекетаралық су шаруашылығын пайдалану нысандарының жұмыс режимі бекітілген болатын.

Шу мен Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы нысандары комиссиясының 22-ші отырысы Қырғыз Республикасының аумағында қараша айында өтетін болды.

Әмудария және Сырдария өзендерінің бассейндері арасындағы су ресустарын пайдалану бойынша келісім 1992 жылдың 18 ақпан айында трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық келісімі аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Туркіменстан, Тәждікстан Республикалары арасында реттелген.

Жоғарыда айтылған қосымша келсім нормаларына сәйкес аймақтарда Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының (МҮСШК) және оның «Сырдария» мен «Әмудария» бассейндері су шаруашылығы бірлестіктері жүмыс атқарады.

2016 жылдың мамыр айында МҮСШК 68-ші отырысы өтіп, онда 2015-2016 жж. өсімдікаралық кезеңнің қорытындылары, 2016 жылға вегетациялық кезеңге арналған су алуға шектеулер, Әмудария және Сырдария су қоймаларының жұмыс істеу режимдеріне қатысты мәселелер қаралды.

Аталған жылдың қазан айында Ташкен қаласында мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының 69-шы отырысы өтеді деп жоспарлануда.

Соған байланысты, Қазақстан аумағындағы көрші елдермен қиылысып жатқан қолданыстағы трансшекаралық өзендер бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі үнемі келіссөздер өткізуде.

Сүретте Ертіс өзені


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus