Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. С. Мамытбековтың АӨК-ні дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған жаңа салалық бағдарламасының тұсаукесеріне баяндамасы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. С. Мамытбековтың АӨК-ні дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған жаңа салалық бағдарламасының тұсаукесеріне баяндамасы

Құрметті Серік Нығметұлы, құрметті әріптестер!
Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда министрліктің және оның барлық ведомстволарының ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жұмысы қолданыстағы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Онда көзделген мақсаттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес біз бірқатар нәтижелерге қол жеткіздік, оның ішінде еңбек өнімділігі артты, жалпы өндіріс көлеміндегі экспорттың үлесі ұлғаюда, ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің қол жеткен көлемі белгіленген тұтыну нормативтеріне сәйкес барлық азық-түлік түрлері бойынша ішкі нарықтың сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алайда, 2011 жылы Мемлекет Басшысы Қазақстан алдына жаңа стратегиялық мақсаттар қойды, оған қол жеткізу ел экономикасының барлық салаларына, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешенге өз даму жолын қайта қарауды, жаңа міндеттер көздеуді, сондай-ақ, қойылған міндеттерді табысты іске асыру үшін тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеуді талап етеді. Осыған байланысты, өткен жыл бойында біз АӨК-ні дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған жаңа салалық бағдарламасын әзірледік және мемлекеттік органдарға ұсындық. Жоба барлық билік деңгейлерінде қаралды, қоғамдық ұйымдарға және елдің барлық өңірлеріне таныстырылды.
Мемлекет Басшысының «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде Үкіметке аталған бағдарламаны бекіту тапсырылды.
ҚР агроөнеркәсіптік кешенін әрі қарай дамыту сектор дамуының бірқатар негізгі проблемаларын шешуге жаңа тұжырымдамалық тәсілмен келуді талап етеді, бұрын қабылданған бағдарламаға қарағанда жаңа бағдарламада АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасауға баса назар аударылады. Осылайша, отандық өндірушілер Кеден одағы және алдағы ДСҰ-ға кіру шеңберіндегі бәсекелестік күресте қажетті мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі.
Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай төрт бағыт бойынша жұмыстар жүргізілетін болады:
1. Қаржылық сауықтыру
2. АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қолжетімділігін арттыру
3. АӨК субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту
4. АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру
АӨК-ні дамыту бағдарламасы және басқа да бағдарламалық құжаттар шеңберінде шешуді талап ететін негізгі мәселелер ретінде мыналар бөлініп алынды:
– Қаржылық сауықтыру
– Жер және салық қатынастары
– Саланы қаржыландыру
– Кооперацияны дамыту
– Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі
– Инфрақұрылым, қауіпсіздік, техникалық реттеу
– Маркетинг, консультациялар
– Ғылым, инновациялар, білім беру, кадрлар даярлау
– Аралас салалар: а/ш химиясы, а/ш машиналарын жасау
– Әлеуметтік инфрақұрылым
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жұмыстарды әрі қарай жалғастыру үшін АШМ басшылыққа алатын негізгі құжаттар келтірілген. Бұлар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама, сондай-ақ, ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» жаңа бағдарламасы.
«Агробизнес-2020» бағдарламасы мынадай негізгі көрсеткіштерді қамтиды:
– АӨК субъектілерін субсидиялау арқылы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылға қарай 4,5 есе арттыру;
– Қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен жалпы сомасы 300 млрд. теңге АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін кемінде 8 жылға ұзарту;
– Карантиндік және ерекше қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілігі коэффициентін 2020 жылға қарай 0,88-ге дейін төмендету;
– 2020 жылға қарай мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесін 0,4 % көбейту;
– 2015 жылға қарай электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесі 62%.
Бағдарламаның көрсеткіштері жиналып келгенде Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаның көрсеткіштеріне қол жеткізуге қызмет етеді.
Бұдан басқа, Жобаны бекіткеннен кейін агроөнеркәсіптік саясатты нақтылау үшін АӨК кіші салалары (секторлары) бойынша шебер-жоспарлар әзірленетін болады.
Қаржылық сауықтыру АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдаудың жаңа бағыты болып табылады.
Ол кредиттер мен жобаларды қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, сондай-ақ, бар борыштарын өтеу үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, мемлекет кредиттік жүктемені жеңілдетеді және көптеген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржылық тұрақсыздығын болдырмайды. Сонымен қатар, АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шеңберінде қарыздар бойынша пайыздық ставканы субсидиялау жүзеге асырылады.
Жалпы қаржыландыру сомасы 375,6 млрд. теңгені құрайды.
АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қолжетімділігін арттыру жөніндегі бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:
– Өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
– Астық сақтау жөніндегі қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру;
– Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін судың экономикалық қолжетімділігін арттыру;
– Мал шаруашылығындағы және тауарлық балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
– Ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
– Қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
– Басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
– Білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін АӨК салаларын субсидиялау табиғи-климаттық жағдайларды, өткізу нарықтарының болуын және өңірлерді дамыту әлеуетін ескере отырып,сараланып жүргізілетін болады.ағымдағы жылы біз ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрін өндіру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды пайдалану бойынша өңірлерді мамандандыру схемасын әзірлеуге кірістік, ол мемлекеттік субсидияларды саралау құралы болады.
Осы бағытта әзірленген жаңа тетіктер мыналар болып табылады:
– инвестициялық субсидиялар;
– қаржы институттары алдындағы АӨК субъектілерінің қарыздарын сақтандыру және кепілдік беру;
– екінші деңгейлі банктерді қорландыру;
– сыйақы ставкасын субсидиялау а/ш техникасының лизингіне және ауыл шаруашылығы үшін кредит беруге дейін кеңейетін болады;
Жаңа құралдармен қоса субсидиялаудың қолданыстағы тетіктері де жетілдірілетін болады.
Субсидиялау тетіктерін табысты жетілдірудің мысалы мыналар болып табылады:
Өсімдік шаруашылығында:
тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірген кезде базалық субсидиялаудан жоғары норма бойынша субсидиялау нормативтерін саралау;
тамшылатып суару жүйесін қолданумен шарттасқан бақшалар мен жүзімдіктер отырғызуға кеткен шығындарды субсидиялау;
жай суару тәсілін қолданғанда төленетін 25%-ға қарағанда тамшылатып суаруды қолданған кезде судың 1 текше метрін жеткізу тарифінің 80%-ын субсидиялау;
Нәтижесінде тамшылатып суаруды пайдалану алаңы 2012 жылы 28,1 мың гектарға жетті, бұл 2007 жылғы (713 гектар) деңгеймен салыстырғанда 40 есеге жуық жоғары.
Мал шаруашылығында:
Шырынды және ірі азықтардың құнын арзандату үшін бір басқа 4500 теңге есепппен аналық малдың 1 басына субсидия төлеу шаруа және фермерлік шаруашылықтарға жетіспейтін азығын сатып алуға мүмкіндік берді, өйткені барлық шаруашылықтар қажетті азықтардың барлық түрін өндіре алмайды;
Бұл шаралар аналық мал басының төмендеуін айтарлықтай қысқартты, бұл елде малдың жалпы санының өсу қарқынын сақтауға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның әрекет етуінің барлық уақытында жүзеге асырылатын осы бағытты іске асыру жөніндегі іс-шараларға 2 245,9 млрд. теңге көзделді, бұл бағдарламаны қаржыландырудың барлық сомасының 68%-ын құрайды, оның ішінде 95,8%-ы ЖАО арқылы, 4,2 % АШМ арқылы берілетін болады.
Инвестициялық жобалардың капитал сыйымдылығын және өзін-өзі ақтау мерзімдерін төмендету үшін АӨК салаларының басым бағыттарында жаңа өндірістік қуаттылықтар салуға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде шығыстарды (құрылыс-монтаждау жұмыстары, жабдықтар, ауыл шаруашылығы және арнайы техникалар сатып алу) ішінара өтеу түріндегі мемлекеттік қолдау енгізілетін болады
Қолдау бағыттары:
1. Қайта өңдеу қуаттарын жаңғырту: қант зауыттары, жемістерді, жидектер мен көкөністерді қайта өңдеу, ет комбинаттары, сүт зауыттары және тері мен жүн өңдеу зауыттары;
2. Жайылымдық мал шаруашылығы үшін жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын салу және жаңғырту;
3. Сүт-тауарлы фермаларды салу және жаңғырту;
4. Етті және жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларын салу және жаңғырту;
5. ІҚМ асыл тұқымды репродукторларын салу және жаңғырту;
6. ІҚМ бордақылау алаңдарын салу және жаңғырту;
7. Жылыжай құрылыстарын салу және жаңғырту;
8. Жаңа астық терминалдарын және астық сақтау сыйымдылықтарын салу және қолданыстағыларын кеңейту;
9. Тамшылатып суару жүйесін енгізу;
10. Жанұялық мал шаруашылығы фермаларын құру және дамыту.
Қазіргі уақытта шамамен 30% шағын және орта АӨК субъектілерінде тиісті жоғары өтімді кепілдік қамтамасыз етуінің болмауына және нашар қаржылық жай-күйіне байланысты қаржыландыруға қолжетімдігі жоқ.
Дәл осы проблеманы Мемлекет басшысы аграрлық өндірістегі жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендету үшін қарыздарға кепілдік беру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесін енгізу жөніндегі міндетті қоя отырып, 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолауында айтқан болатын
Осыған байланысты АӨК субъектілері үшін кредиттік ресурстардың қолжетімдігін қамтамасыз ету және АӨК-ні белсенді қаржыландыру процесіне қаржы институттарын тарту мақсатында қаржы институттары алдындағы АӨК субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру мен сақтандыру жүйесі енгізілетін болады.
Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерде АӨК субъектілеріне кредиттер беру үшін жеткілікті өтімділігі бар. Бұдан басқа, көктемгі егіс және күзгі жинау жұмыстарын уақытылы өткізу үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының желісі бойынша жеңілдік кредиттік ресурстар бөлінуде.
Алайда, АӨК субъектілерінің кредиттік ресурстарға қол жеткізуінің негізгі проблемасы олардың нашар қаржылық жай-күйі және тиісті өтімді кепілдік қамтамасыз етуінің болмауы болып табылады. Әсіресе осы проблема шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін тән.
Осыған байланысты сақтандыру жүйесі АӨК субъектілерінің ресурстарға қолжетімдігін кеңейтеді және ауыл шаруашылығын белсенді қаржыландыру процесіне қаржы институттарын тартады.
Жалпы алғанда, қарыздарды сақтандыру тетігі қаржы институттарының кредиттік тәуекелін жеке сақтандыру компанияларының сақтандыруы болып табылады, мұнда мемлекеттің рөлі АӨК субъектілеріне сақтандыру сыйақысының сомасын ішінара өтеу болады.
Біз ұсынып отырған ақшалай және тауарлық кредиттерге кепілдік беру тетігі екінші деңгейдегі банктердің атынан қаржылық агенттік мәртебесі бар ұйымдар, «ҚазАгро» холдингінің ұйымдары және өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары АШТӨ-ге ақшалай немесе тауарлық кредиттің (тұқымдар, жанар-жағармай материалдары, қосалқы бөлшектер, минералдық тыңайтқыштар, жемшөп, ветеринариялық препараттар және т.б.) қайтарылуын қамтамасыз ету бойынша кепілдер беруі болып табылады. Ақшалай кредиттерді АШТӨ-ге кредиттік мекемелер, ал тауарлық кредиттерді оларды өндіруге немесе өткізуге мамандандырылған ірі компаниялар береді. Мемлекеттік рөлі қаржылық агенттік мәртебесі бар ұйым немесе ӘКК АШТӨ-ге берген кепіл сыйақысының бір бөлігін өтеу болады.
«АӨК субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту» бағытының шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарлануда:
– Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту;
– Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту;
– Жайылымдарды сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту.
Осы бағытты іске асыру үшін жалпы сома 2013-2020 жылдарға 409 млрд. теңге құрайды.
Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы күресудің қауіпсіз әдістерін енгізу шеңберінде мақтаның, көкөністердің, жеміс дақылдарының, жүзімнің және басқа да дақылдардың негізгі зиянкестеріне қарсы күресудің биологиялық әдістерін енгізу үшін нормативтер әзірленеді.
2014 жылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге мақтаны өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын, 2016 жылдан бастап ашық және жабық топырақта өсірілетін көкөніс дақылдарын, бақша және жеміс дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату жоспарлануда.
Химиялық өңдеу тиімділігінің жыл сайын 0,2%-ға өсуі кезінде карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдердің таралу қауіпінің коэффициентін 2020 жылға қарай 0,88-ге дейін төмендету жоспарлануда.
Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде халықаралық сарапшылармен бірге ДСҰ-ға кіруді ескере отырып, ветеринариялық заңнаманы үйлестіру және жетілдіру жүргізілетін болады. Ветеринариялық ұйымдарды (мемлекеттік ветеринариялық зертханаларды, ветеринариялық станцияларды, пункттерді) материалдық-техникалық жарақтауды жүргізу, ветеринариялық препараттар өндірісін, GMP стандарттарына сәйкес келетін диагностикумдар мен жемшөп қоспаларын енгізу жоспарлануда. Қысқа мерзімді перспективада ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсімін аяқтау және оны малдық иелері үшін республикалық бюджет есебінен тегін негізге көшіру қажет. Бұдан басқа, бірдейлендіруге арналған бұйымдарды, құралдар мен атрибуттарды орталықтандырылған сатып алу жөніндегі функцияларды бекітіп беру жолымен процессингтік орталықтың рөлін арттыру қажет. Ақпараттық жүйелерді енгізумен ветеринариядағы процестерді тиімді басқару, өнімді «фермадан үстелге дейін» қағидатының негізінде оның жалпы өмірлік циклі бойынша бақылау,
сондай-ақ инфекциялық аурулардың ошақтарын қадағалау мен эпизоотиялық мониторингін жүргізу, болжау және математикалық модельдеу мүмкін болады. Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалдық заттардың бар болуына тамақ өнімдерінің мониторингі жүргізіледі, бұл түпкілікті тұтынушы үшін мал шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігін арттырады.
Сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту мақсатында, сондай-ақ жайылымдарды суландыру үшін Қазақстан Республикасының су шаруашылығын 2020 жылға дейінгі дамыту және жаңғырту бағдарламасы әзірленіп, бекітіледі.
«АӨК мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру» бағытының шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарлануда:
– Ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;
– АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту;
– Ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;
– АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту;
– Ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту;
– АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру;
– Органикалық ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен оның айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау.
Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану тиімділігін және олардың құнарлығын арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйін нақты бақылауды жүргізу жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ қарқынды мал шаруашылығы салдарларынан шөлейттену және топырақтың тұздануы, климаттық жағдайлардың әсер етуі сияқты міндеттерді шешу үшін нақты деректер негізінде егжей-тегжейлі бақылауды көздейтін және өнімнің өнімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған дәлме-дәл егіншілік технологиясын енгізу көзделген.
АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер жүйесін дамыту мақсатында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін белсендіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.
АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға жалпы сома 2013-2020 жылдар ішінде 30 млрд. теңге құрады.
Бағдарламаны іске асыруға 8 жыл ішінде барлығы 3 122,2 млрд. теңге қажет болады. Слайдта жылдар бойынша қаржыландыру көлемдері ұсынылған.
Осы слайдта Бағдарламаны мемлекеттік қаржыландырудағы қажеттілікті салыстыру бюджет болжамының әртүрлі нұсқаларымен ұсынылған. Бағдарламаны мемлекеттік (республикалық және жергілікті) бюджет есебінен іске асыруға жиыны 2 662 млрд. теңге қажет. Қалған қаржыландыру облигациялық қарыздар (300 млрд.) және Азық-түлік корпорациясының (2,1 млрд.) және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (96 млрд. теңге) меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
АШМ бюджетінің өсу қарқыны 2003-2012 жылдары 20,8% құрады.Осы қарқын сақталған кезде 2020 жылға дейін барлығы 8 жылда бюджеттің болжамы 4,2 трлн. теңге құрайды. Бюджеттің 7% өсімі кезінде 2012-2020 жылдар кезеңінде болжам 1 893, 6 млрд. теңге құрайды.
Жалпы 2013-2020 жылдары ҚР АӨК дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыруға 3 122,2 млрд. теңгеқажет, 2014-2015 жылдарға қаражат тапшылығы 196,9 млрд. теңге, атап айтқанда 2014 жылы 106,2 млрд. теңге, 2015 жылы 90,7 млрд. теңге құрайды.
АӨК дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған жаса салалық бағдарламаның бюджеті 8 жылда бюджеттің болжамын 7% өсім кезінде 830,4 млрд. теңгеге асады.
Бағдарламаны қаржыландырудағы басым үлесті (74%) тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің экономикалық қолжетімдігін арттыру жөніндегі іс-шаралар құрайды. Бюджеттің 13%-ы АӨК-ні мемлекеттік қамтамасыз етуді дамытуға бөлінетін болады, қаржылық сауықтыру 12% алады.
Субсидиялау көлемі 2013 жылға қарағанда 4,5 есе артады.
2012 жылғы 20 ақпандаҚазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған салалық бағдарламасын әзірлеу жөніндегі ҚР АШМ іс-қимыл жоспары бекітілді.
2012 жылғы наурызда«Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасына осы бағдарламаны қалыптастыру бойынша негізгі тәсілдері бар тұсаукесер ұсынылды.
2012 жылғы 31 мамырда Бағдарлама жобасы мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға келісуге, республикалық бюджет комиссиясына қарауға, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы, экологиялық, кәсіпкерлік сараптамаларды жүргізуге жолданды.
2012 жылғы 7 шілдеден 22 тамызға дейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
С. Ахметовтің төрағалық етуімен, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен (ЭДСМ, Қаржымині, Әділетмині, ЖРБА, СА, ККМ, ИЖТМ), үкіметтік емес ұйымдардың және тікелей өндірушілердің қатысуымен Бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылау бойынша 11 кеңес өткізілді.
2012 жылғы қыркүйек ішінде ПМК-дегі жоғарыда көрсетілген кеңестерде ұсынылған ескертулерді ескере отырып, Бағдарламаны пысықтау жөніндегі ішкі кеңестер өткізілді.
2012 жылғы 2 қазанда АШМ-да ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қ. Көшербаевтың төрағалық етуімен, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен Бағдарламаны талқылау жөніндегі кеңес өткізілді.
2012 жылғы 3 қазандаҚР Үкіметінде ҚР Премьер-Министрі С. Ахметовтің төрағалық етуімен кеңес өткізілді.
2012 жылғы 8 қазанда Бағдарлама жобасы мүдделі мемлекеттік органдарға қайталама келісуге жолданды.
2012 жылғы 10 қазанда ҚР АШМ Іскерлік кеңесінің отырысы Министрдің төрағалық етуімен өткізілді.
2012 жылғы 10 қазандаҚР Премьер-Министрі С. Ахметовтің төрағалық етуімен «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған әзірленіп жатқан бағдарламаны қаржылық қамтамасы ету туралы» тақырыбына кеңес өтті, онда Бағдарламаны қаржыландыру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы тапсырма берілді.
2012 жылғы 1 және 5 қарашада ҚР Парламентінің Мәжілісі мен Сенаты комитеттерінің кеңейтілген отырыстарында жаңа салалық Бағдарламаның тұжырымдамалық бағыттарын түсіндіру өткізілді.
2012 жылғы 18 қазаннан 12 қарашаға дейін Министрліктің саяси басшылығы елдің барлық өңірлерінде бірқатар «орындардағы» кеңестер өткізді.
Қазанның 3-онкүндігінен желтоқсанның бірінші онкүндігіне дейін салалық Бағдарламаның жобасын бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді ақпараттық сүйемелдеу жоспарланған.
Сондай-ақ2012 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қ. Көшербаевтың төрағалық етуімен, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен ҚР АШМ кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.
Кеңестің қорытындылары бойынша ҚР АШМ-ға мемлекеттік органдармен бірлесіп,
2012 жылғы 5 желтоқсанға дейін Бағдарламаның Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізу тапсырма берілді.
2012 жылғы 21 қарашада Бағдарлама «Нұр Отан» ХДП-да ресми таныстырылды.
Жоғарыда көрсетілген барлық кеңестерде Бағдарлама жобасы тұжырымдамалық түрде оң пікірлер алды.
Жоба басқа салалық бағдарламалық құжаттарға қатысы бар ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп, су шаруашылығы, техникалық реттеу, саудалау және бәсекелестік, салық салу, жеңіл өнеркәсіп, ақпараттық насихаттау және т.б. сияқты бірқатар мемлекеттік саясаттарды қайта қарауды талап ететінің атап өткен жөн.
Осыған байланысты, Сіздерден аралас салалық бағдарламаларды «Агробизнес-2020» бағдарламасымен біріктіріп іске асырудан барынша жоғары эффекті алу үшін оларды қайта қарау жөніндегі құру мәселесін шешуді сұраймын.
– Осылайша, Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай макроэкономикалық эффектіні алу күтілуде:
– Ауыл шаруашылығы өнімдерін физикалық өндіру көлемдерін 1,5 есе арттыру;
– Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамға еңбек өндіргіштігін 3 есе жоғарылату;
– Агроөнеркәсіп кешенінің өнімін өткізуден экспорттық табысты 20%-ға арттыру;
– Негізгі тамақ өнімдері бойынша азық-түлік қауіпсіздігін ішкі нарықтың 80%-ы деңгейінде қамтамасыз ету;
– Салаға 10 трлн. теңгеден астам жеке ақшалай қаражат тарту.

Презентация

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus