Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар «Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» заң жобасына қатысты өткен баспасөз конференцияның тезистері

«Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» заң жобасына қатысты өткен баспасөз конференцияның тезистері

1. АШМ «Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» заңының жобасын әзірледі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» заңының жобасын және оған қосарласқан заң жобасын әзірледі, оларда заңды және жеке тұлғалардың өндірістік кооперативтің ұйымдастыру-құқықтық нысанында ауыл шаруашылық кооперативтерін құруы, пайданы бөлу мүмкіндігі, ауыл шаруашылық кооперативтері үшін арнайы салық режимін шектеусіз қолдану, тексеру одақтарының (қауымдастықтарының) кооперативтерге тексерістер жүргізуінің міндеттілігі мен аталған қызметтерге шығындарды субсидиялауды енгізу, «бір қатысушы – бір дауыс» принципін енгізу, өз қатысушыларына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өзіндік құнымен сату көзделген. Заң жобалардың мәтінмен АШМ сайтында танытыруға болады.
2. Аграрлық кооперативтер пайданы өзара бөліп алатын болады
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес аграрлық кооперативтер (ауылдық тұтыну кооперативтері, су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері, ауыл шаруашылығы серіктестіктері) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және тиісінше Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес пайданы мүшелерінің арасында бөлу мүмкіндігіне ие емес. ҚР АШМ кооператив мүшелерінің арасында пайданы бөлуіне тыйыды жөнсіз деп деп санайды. Осыған орай, заңдар жобалары коммерциялық ұйым нысанында аграрлық кооперативтерін құруды көздейді және демек бұл кооперативтердегі пайда оның қатысушыларының арасында бөлінетін болады.
3. АШМ ауыл шаруашылық кооперативтері үшін арнайы салық режимін жеңілдетуді ұсынады
АШМ аграрлық кооперативтер үшін арнайы салық режимін шектеусіз қолдануды ұсынады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес аграрлық кооперативтер үшін арнайы салық режимі мына жағдайларда қолданылатынын естеріңізге саламыз, егер:
кооперативтердің мүшелері тек шаруа және ферма қожалықтары болып табылса;
жиынтық жылдық табыстың ең кемінде 90%-ы өз мүшелерінің ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу мен сатудан алынса.
Мүшелері басқа ауыл шаруашылығы кооперативтерінің, сондай-ақ су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері мен ауыл шаруашылығы серіктестіктері болса кооперативтердің АСҚ қолдануға құқығы жоқ.
4. Ауыл шаруашылығы кооперациясы тар өрісті мақсат емес, ауыл шаруашылығы тауарларының шығындарын қысқарту және табыстарын ұлғайту құралы
«Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» заң жобасында өз қатысушыларына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өзіндік құнымен сату принципін енгізу көзделген. Яғни кооперативтің мүшелері болып табылатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер гербицидтерді, ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерін, машина-трактор паркінің қызметтерін сатып алуды, кооперативте өз өнімін қайта өңдеудіондірген өнімін сату бойынша қызметті және тағы басқаны өзіндік құнымен жүзеге асыра алады, осылайша, өз шығындарын оңтайландырады.
Сонымен қатар, бірігу есебінен кооперативтер тауарлардың ірі топтамасына және ұзақ мерзімді жеткізулерге қатысу арқылы өз табыстарын ұлғайта алады.
Сондай-ақ «Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» заң жобасы коператив мүшелерінің арасында пайданы бөлу мүмкіндігін көздейді.
Осылайша, кооператив мүшелері бір жағынан өз шығындарын оңтайларндырады, екінші жағынан өз табыстарын ұлғайту мүмкіндігіне ие болады.
5. Қазақстанда ауыл шаруашылық кооперациясының деңгейі өте төмен.
Аграрлық кооперация процесі республикада тиісті даму деңгейінде емес. Осылайша, бүгінгі күні Қазақстанда коопертивтердің мүшелері болып табылатын шаруа және фермер қожалықтарының үлесі 1,33 % құрайды, ал Батыстың дамыған елдерінде бұл көрсеткіш 140 % құрайды (АҚШ – 100%, Франция – 100%, Испания – 120%, Нидерланды – 140 %, ЭЫДҰ мен FAO деректері).
Министрліктің жүргізген талдауы барысында кооперация процесін тежейтін негізгі кедергілер анықталды, олар:
˗ коммерциялық емес ұйымдар түрінде құрылған ауыл шаруашылығы кооперацияларында табысты өзара бөлу мүмкіндігінің жоқтығы;
˗ нормативтік-құқықтық реттеудің тым көптігі (5 заң);
˗ су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері мен ауыл шаруашылығы серіктестіктері үшін арнайы салық режимі мен жеңілдіктетілген несие беру түріндегі мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;
˗ кооперативтер қызметінің айқын еместігі, кооператив мүшелерінің алдайды деген қауіп ретінде бір-біріне сенімсіздігі;
˗ ішкі процедуралардағы құқықтық реттеудің артықтығы;
˗ заңды тұлғалардың өндірістік кооперативтерге қатысу мүмкіндігінің болмауы.
6. Аграрлық кооперативтердің айқындығын ревизиялық одақтар қамтамасыз ететін болады
«Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» ҚР Заңының жобасында аграрлық кооперативтердің ревизиялық одақтарға (қауымдастықтарға) міндетті түрде мүше болуы қарастырылған. Аталған ревизиялық одақтар (қауымдастықтар) кооперативтерге жыл сайынғы міндетті тексерістер жүргізетін болады. Бұл жаңашылдық кооперативтер қызметінің өз қатысушылары үшін айқындылығын жоғарылатуға, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің құрылып жатқан кооперативтерге деген сенімін арттыруға бағытталған.
7. Ауыл шаруашылық кооперациясы экономиканың бақыланбайтын (көлеңкелі) секторларының санын азайтуға бағытталған
Агроөнеркәсіп кешеніндегі көлеңкелі экономиканың басты бейнесі бейресми өндіріс болып табылады. Көлеңкелі сектор көбіне жеке меншік шаруашылықтарда кездеседі, өйткені, қолма-қол ақшаның көлеңкелі айналымы мен ресми емес жұмысқа қабылдау бар. Мәселен, 2013 жылы жеке қосалқы шаруашылық үлесіне 75% мал шаруашылығы өнімін өндіру, сәйкесінше, ұйымдық шаруашылыққа – 25% тиесілі болған.
Салық салу заңнамасын жетілдіру, өндірістің ұсақ тауарлы өнімі, дайындау саласында логистиканың дамымауы, нарықта көптеген кішігірім қатысушылардың болуы және өнімнің негізсіз қымбаттауына алып келетін шикізатты тасымалдау және сақтау, сауда-логитикалық инфрақұрылымның жетілмеуін қосқанда АӨК-де көлеңкелі секторды ұстап тұрған жалпы жүйелі мәселелер бар.
Дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес ауыл шаруашылығында көлеңкелі сектор мәселесінің негізгі шешімі жеке қосалқы шаруашылық, шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық және заңды тұлғаларды аграрлық кооперативке біріктіріп, коопертивтер арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сауда желілерімен ынтамақтасу негізін қалайтын ауыл шаруашылығы копперациясын дамыту болып табылады. Осылайша, кооперация ауыл шаруашылығындағы экономикалық қызметті ресмилендіруге көмектеседі.
Сонымен қатар, АШМ аграрлық кооперативтерге ревизиялық одақтар (қауымдастықтар) міндетті ревизия жүргізуді және ревизиялық одақтардың (қауымдастықтар) аталған ревизияларды жүргізуге кететін шығындарын субсидиялау механизмін енгізуді ұсынады. Аталған жаңалық Бұл жаңашылдық кооперативтер қызметінің өз қатысушылары үшін айқындылығын жоғарылатуға, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің құрылып жатқан кооперативтерге деген сенімін арттыруға бағытталған.
8. Ауыл шаруашылығы кооперациясы бес заңның орнына бір заңмен реттелетін болады
Қазіргі уақытта аграрлық кооперативтер бес заңмен реттеледі:
1. «Тұтыну кооперативі туралы» ҚР Заңы
2. «Өндiрiстiк кооператив туралы» ҚР Заңы
3. «Селолық тұтыну кооперациясы туралы» ҚР Заңы
4. «Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» ҚР Заңы
5. «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы» ҚР Заңы
Министрлік соңғы үш заңның күшін жойып, заңды және жеке тұлғалардың өндірістік кооперативтің ұйымдастыру-құқықтық нысанында ауыл шаруашылық кооперативтерін құруы, пайданы бөлу мүмкіндігі, ауыл шаруашылық кооперативтері үшін арнайы салық режимін шектеусіз қолдану, ревизиялық одақтардың (қауымдастықтардың) кооперативтерге тексерістер жүргізуінің міндеттілігі мен аталған қызметтерге шығындарды субсидиялауды енгізу, «бір қатысушы – бір дауыс» принципін енгізу, өз қатысушыларына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өзіндік құнымен сатуды көздейтін «Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» бір Заңды қабылдауды ұсынады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus