Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар «Қазақстан Республикасында қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту» тақырыбындағы баяндаманың тезистері

«Қазақстан Республикасында қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту» тақырыбындағы баяндаманың тезистері

Мәтін

Слайдтар

Құрметті Серік Нығметұлы, құрметті кеңеске қатысушылар!

Мен өз баяндамамды Қазақстан Республикасында қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға әсер ететін негізгі факторларды талдаудан бастағым келіп отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қарағанда оны қайта өңдеу индустриясы өз дамуында анағұрлым көп сын-қатерлерді басынан кешіреді. Бәрінен бұрын ол біздің ішкі нарықтың тарлығымын және басқа елдердің өз алдына қайта өңдеу мен дайын өнімді сату үшін сыртқы нарықтардан шикізат сатып алуға табиғи ұмтылуымен байланысты.

Осыған байланысты, соңғы жылдары азық-түлік тауарлары нарығында бәсекелестіктің күшеюі байқалуда, бұл КО қатысушы елдер арасында шикізаттар мен тауарлардың қозғалуын жеңілдеткен Кеден одағына Қазақстан Республикасы кіргеннен кейін ерекше байқалды.

Бұл ретте басқа елдер әзірге КО кедендік квоталарымен және баждарымен қорғалған, алайда алда тұрған ДСҰ-ға кіру олар үшін де тауарлардың қозғалысын жеңілдетеді, бұл бәсекелестікті одан әрі күшейте түседі.

Кеден Одағы елдері аумағындағы баға белгілеуді жан-жақты талдау нәтижесі біздің әріптестеріміздің қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері Қазақстанға кірер алдында бірқатар басымдылықтарға ие болатынын көрсетті.

Бұл басымдылықтар мынадай объективті және субъективті факторларға негізделеді.

БІРІНШІ. Табиғи-климаттық жағдай.

Сонымен, Қазақстандағы астық себетін облыстардағы орташа жылдық жауын-шашын нормасы шамамен 300 мм құрайды, ал біздің әріптестерімізде бұл 2-3 есе артық. Топырақ құнарлылығы бойынша да ұқсас жағдай, егер бізде бонитеттің орташа балы 37-ге тең болса, оларда 2 есеге артық. Нәтиежесінде, мысалы Белорусь Республикасында сүрлемге арналған жүгерінің өнімділігі шамамен 250 ц/га құрайды, ал Қазақстанда орташа есеппен 112 ц/га (солтүстік-72, оңтсүстік-165 ц/га).

Мұның бәрі өсімдіктен алынатын өнімдер шикізаты мен жемшөптің төмен бағасына алып келеді, ол өз кезегінде ет пен сүттің және басқа да малдан алынатын өнімдердің төмен өзіндік құнын қалыптастырады.

Мәселен, белорустық сүт зауыттары сүтті совхоздардан орташа есеппен 2,8 мың белорусь рубліне немесе килограммын 57 теңгеге сатып алады. Ет комбинаттары сойылған салмақтағы ІҚМ етін орташа есеппен 40 мың белорусь рубліне немесе килограммын 804 теңгеге сатып алады. Ұқсас жағдай Ресейде де байқалады.

Бұл ретте Қазақстанда шикі сүттің сатып алу бағасы шамамен 90 теңгеге, сойылған салмақтағы ІҚМ етінің бағасы шамамен 960 теңгеге тең.

ЕКІНШІ. Мемлекеттік қолдаудың тең емес көлемдері.

Ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қарағандағы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі Белорусь Республикасында 18%, Ресейде 6%, ал Қазақстанда 4%. Бұл ретте КО қатысушы елдер арасындағы уағдаластыққа сәйкес КО елдерінің мемлекеттік қолдау деңгейі 10%-дан астауы тиіс.

Мемлекеттік қолдаудың жоғары көлемінің арқасында белорустық шикізат өндірушілер және қайта өңдеуші кәсіпорындар Қазақстанға қарағанда үздік технологиялар мен техникаларға ие. Мұның бәрі өндірілген өнімнің сапасына мәнді әсер етеді.

Айта кету керек, Белорусь Республикасында мемлекеттік басқару жүйесі, меншік нысаны және  тетіктер әкімшілік әдістермен қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін шикізатқа деген сатып алу бағасын белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл осы елдің ауыл шаруашылығы өнімін жылжытуға басымдылық жасайды.

ҮШІНШІ. Нарықтың шоғырлануы және өндірістің ауқымдылығы.

Баршамызға белгілі, Ресей мен Қазақстан нарығының сыйымдылығы әр түрлі мөлшерге ие. Яғни, ресей нарығы Қазақстанға қарағанда тұтынушыларының саны бойынша айтарлықтай шоғырланған. Жоғары щоғырлану қолда бар өндірістердің ауқымдылығына тікелей әсер етеді, бұл ірі ресейлік ет немесе сүт комбинаттарына Қазақстан нарығына кіру біршама жеңіл дегенді білдіреді. Олардың жалпы өнімдері өндірісінің аз ғана бөлігі Қазақстан нарығының үлесіне келеді. Әсіресе олар бағалар демпингі саясаты пайдаланады және өнімдерін өзіндік құнын төмен бағада сатуға мүмкіндігі бар.

Бұл ретте негізінен тек республиканың нарығына жұмыс істейтін біздің кәсіпорындарға ресей нарығына шығу және әсіресе олармен баға бойынша жарысу қиын. Мұндай ахуал тарихи фактор-Одақтың ыдырауы және өткізу нарығының шектелуі кезінде орн алды. Мысалы, Семей ет комбинаты бұрын кеңес армиясын жабдықтады және орасан өндіріс көлеміне ие болды, бірақ КСРО құлаған соң өндірісті ондаған есе қысқартуға мәжбүр болды, өйткені Қазақстанның ішкі нарығы ол үшін өте аз болды. Бұл ретте көптеген ресейлік қайта өндеушілер бұл сынаққа тұтынушылар саны есебінен қарсы тұра алды.

ТӨРТІНШІ. Отандық өнімдерді қолдау деңгейінің төмендігі және импорттық тауарларға қатысты либералдылық

Мойындау керек басқа елдерге қарағанда Қазақстанда техрегламенттердің сақталуын бақылау әлсіз жүргізіледі, жасырын демпинг анықталады, соның салдарынан өркендеп келе жатқан жосықсыз және әділетсіз бәсеке өзге елдерден әкелінетін тауарлардың айтарлықтай арзандауына әкеледі және меншікті қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға мәнді түрде кері әсер етеді.

Саланың шешуі қажет негізгі міндеттері туындайтын ағымдағы ахуалдың негізгі алғышарттары міне осындай.

1. Табиғи-климаттық жағдайлар бойынша – әрине, мұны еш өзгерте алмаймыз, онда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін жасау үшін өз тәсілдерімізді әзірелеуіміз қажет. Мысалы, жемшөптік дақылдардың барынша бап сүймейтін, бірақ қоректік сорттарын өсіру, сиырлардың Голштин тұқымымен жаппай айналыспау. Қарқынды мал шаруашылығы, жоғары генетика бастапқыда қымбат болатын қарқынды және сапалы жемшөпті қажет етеді.

Осыған байланысты жоғары қарқынды фермалармен қатар ірі және мықты шаруашылықтарда жақсы жайылымдардың және арзан табиғи жемшөптік базалардың барын есекере отырып, әсіресе оңтүстікте, біз  Қызыл-дала, Алатау және сиырлардың басқа да бейімделген тұқымдарын қолдана отырып, малды жайылымдық күтіп-бағуға стартегиялық үлкен екпін жасауымыз керек.

2. Мемлекеттік қолдау көлемі бөлігінде – оны біздің серіктестіктеріміздің көлеміне дейін ұлғайтуымыз қажет, бұл жұмыс «Агробизнес» бағдарламасы шеңберінде басталды, нәтижесінде 2020 жылға қарай Қазақстанда мемлекеттік қолдау көлемі 9%-ға жетеді.

3. Өндірістің ауқымдылығы бойынша аз дегенде 170 млн. адам болатын бірыңғай нарық құрудың ықпалдасу процесін есекере отырып, бұл жай уақыттың мәселесі деп санаймыз. Дұрыс мемлекеттік саясат мемлекеттік қолдаумен бірге уақыт өте келе жағдайды жақсартады.

4. Отандық нарықты әлсіз қорғау бойынша техрегламенттерді, олардың сақталуын бақылауды, демпингпен күресті және т.б. күшейту қажет. Көрсетілген проблемаларды шешу бойынша шараларды қамтитын кешенді іс-шаралар жоспары дайындалды және жақын арада Үкіметтің бекітуіне енгізілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 2

 

 

 

 

 

Слайд 3

 

Енді Қазақстан ішінде қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу республикалық өнеркәсіптік өндірістің көлемінің
5 %-ы және елдің өңдеу өнеркәсібінің 16%-ы (2012 жыл).

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны 1370-ті, оның ішінде ірілері – шамамен 60-ты құрайды.

Тамақ өнімдерінің өндірісі құрылымында негізгі үлесті астық өңдеу саласы (19%), сүт (16 %), нан және нан-тоқаш (15%), ет өңдеу (14%), жеміс-көкөніс (9%), май-тоңмай (9%) және өзге де салалар (17%) алады.

 

 

Слайд 4

 

 

 

Слайд 5

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі өнімдерінің өндіріс көлемі 2012 жылы 830 млрд. теңгені немесе 5,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте 3 млрд. АҚШ доллары сомасына өнім импортталды және 1,1 млрд. АҚШ доллары сомасына өнім экспортталды.

Осылайша, жалпы тұтыну көлеміндегі өндірістің үлесі 60%-ды құрады. Қалған 40% шетелден әкелінеді.

2013 жылы кеден одағы шеңберіндегі тауар айналымында оң үрдіс байқалды. Егер 2010-2011 жылдары КО елдерінен келетін импорт 14-41%, ал экспорт – 4-7% болса, 2012 жылы импорт бар-жоғы 2,5%-ға, ал экспорт 25,8%-ға өсті. Бұл ретте 2013 жылдың 7 айында импорт бар-жоғы 2%-ға, ал экспорт 72%-ға өсті.

Слайд 6

 

 

 

 

Слайд 7

 

Егер тұтыну құрылымын қарасақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнмідерінің барлық негізгі түрлері бойынша отандық өндірістің үлесі 80%-дан астамды құрайды.

Ішкі тұтынудағы импорттың үлесі жоғары күйінде қалып отырған жеміс-көкөніс консервілері (10%-дан төмен), қант (39%), ірімшік және сүзбе (46%), шұжық өнімдері (57%), сары май (64%), етті-өсімдікті консервілер (68%) мұнда кірмейді.

Талдау көрсеткендей ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу көлемін және жоғарыда көрсетілген өнімдер бойынша қайта өңдеу қуаттылықтарының жүктемесін арттырмаудың негізгі проблемасы олардың әлсіз бәсекеге қабелеттілігіболып табылады, бұл әдеттегідей өндірістің жоғары өзіндік құнымен байланысты.

Жоғарыда баяндалғандарды ескерсек, қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудың негізгі мақсаты өндірістің өзіндік құнын төмендету және өндірілген өнімнің сыртқы және ішкі нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Бұл ретте мемлекет қайта өңдеу өндірісін дамытуға жағдай жасауы ғана тиіс, яғни оларды болашақта мемлекеттің қолдауынсыз  өзін-өзі қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті кәсіпорын болатындай деңгейге көтеру қажет.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

1) қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету;

2) дайын өнімдердің жоғары технологиялы өндірісін қамтамасыз ету;

3) дайын өнімді өткізуді қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 8

 

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағыттардың кең тізбесін қамтиды және бюджет қаражатының шектеулілігі жағдайынды барлық бағыттарды қолдау мүмкін емес. Осыған байланысты бюджет қаражатын тиімді пайдалану және барынша қайтарым алу үшін тек басымды бағыттарға қолдау көрсету орынды болады.

Басымды бағыттарды айқындауға арналған негізгі өлшемдер ретінде мыналар айқындалды:

 

БІРІНШІ. Ішкі нарықта даму перспективаларының болуы

Бұл өлшемде ішкі тұтынудағы аталған өнім импортының үлесі негізгі көрсеткіш болып табылады. Яғни, ішкі тұтынуда аталған өнім импорты қаншалықты көп болса, оны отандық өнімнің пайдасы үшін соншалықты ығыстыру перспективасы бар.

Қазіргі таңда ішкі тұтынудағы импорттың үлесі бірқатар ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің түрлері бойынша жоғары деңгейде қалып отыр. Сонымен, ішкі тұтынудағы жеміс-көкөніс және жеміс консервілері импортының үлесі орташа есеппен 86%-ды, қант – 61,3%-ды, ірімшік және сүзбе – 55%-ды, шұжық өнімдері – 4%-ды, маргарин 36%-ды, сары май – 35,9%-ды құрайды.

ЕКІНШІ. Сыртқы нарықта даму перспективаларының болуы

Бұл өлшемде аталған өнім экспортының әлеуеті негізгі көрсеткіш болып табылады. Яғни, Қазақстан айланасында қаншалықты өткізу нарықтарының сыйымдылығы болса, оның өндірісінің дамытудың соншалықты перспективасы бар.

Жүргізілген талдауға сәйкес экспортқа бағдарланған қайта өңдеу өнімі ретінде мыналар танылады: ет өнімдері, оны Ресейге экспорттауға болады, өсімдік майы, оны Ресейге және Орта Азияға экспорттауға болады,сондай-ақ, макарон, оны Еуропа елдеріне экспорттауға болады.

ҮШІНШІ. Арзан және сапалы шикізаттың, сондай-ақ оның өндірісін дамыту перспективаларының болуы.

Бұл өлшемде жеткілікті шикізат базасының және оны дамыту әлеуетінің болуы негізгі көрсеткіш болып табылады. Яғни, қаншалықты арзан және сапалы шикізат болса, соншалықты өзіндік құны төмен және бәсекеге қабілеттілігі жоғары өнім.

Сонымен, ҰМ қайта өңделмеген терісінің қалдығы -99%, жеміс-көкөніс – 96%, ІҚМ терісі – 91%, ет – 72%, «тауарлы сүт» 52%-ды құрайды.

Көрсетілген өлшемдерді негізге ала отырып, қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін басымды бағыт ретінде келесі бағыттар айқындалды:

1) сүтті қайта өңдеу (сары май, ірімшіктер, құрғақ сүт өндірісі);

2) етті қайта өңдеу (шұжық өнімдерінің, етті және етті-өсімдікті консервілер өндірісі);

3) май-тоңмай өнмідерінің өндірісі (маргарин және өсімдік майы);

4) макарон өнімдері, жарма өндірісі;

5) жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу;

6) қант өндіру;

7) ауыл шаруашылығы жануарларының терісін қайта өңдеу.

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 9

 

 

Слайд 10

 

 

 

Слайд 11

 

 

 

Слайд 12

 

 

 

 

Слайд 13

 

Слайд 14

 

Слайд 15

 

Бірінші басымды бағыттан бастаймын: Сүтті қайта өңдеу

 

Бұл бағыттың негізгі мақсаты импортты ығыстыру, экспорт көлемін ұлғайту міндеті әзірше көзделмейді.

Статистикаға сәйкес 2012 жылы елімізде 4,8 млн. тонна сүт өндірілді, оның 85%-ы жеке қосылқы шаруашылықтарда өндірілген. Бұл ретте жалпы өндіріс көлеміндегі қайта өңдеу үлесі 35%-ды немесе 1,68 млн. тоннаны құрайды. Экспорт көлемі 22 мың тоннаны, импорт көлемі 903 мың тоннаны, ішкі тұтыныс – 2,5 млн. тоннаны құрайды. Ішкі тұтыныстағы отандық өндірістің үлесі 65%-ды құрайды, ал қалған 35%-ы импортталады.

Осылайша сүтті қайта өңдеуде экспортты ұлғайту мен импортты ығыстыру үшін айтарлықтай перспективалар бар.

Сонымен бірге, жүргізілген талдау саланың дамуына бірақатар проблемалар кедергі келтіретінін көрсетті:

1) жеке қосалқы шаруашылықтардағы сүт сапасының төмендегі және олардың аумақтық алшақтығы;

2) сүт шикізатының жетіспеушілігі және өндірістің жоғары үлес салмағының шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарда болуына байланысты сүт шикізатының жоғары құны;

3) жабдықтың моралды және физикалық тозуының жоғары үлесі;

4) айналым қаражатының жетіспеушілігі.

Нәтижесінде біздің өнімнің импорттық өніммен салыстырғанда бәсекеге қабелеттілігі төмен болады.

Слайд 16

 

 

 

Слайд 17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әрбір көрсетілген проблеманы біз қалай шешеміз?

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы сүт сапасының төмендегі және олардың аумақтық алшақтығы проблемасын 2020 жылға дейін 212 сүт қабылдау пунктін ұйымдастыруға, сондай-ақ 2000 жаңадан ұйымдастырылған шағын СТФ-дан сүт жинау үшін 400 ірі сүт тасығыш сатып алуға мемлекеттік қолдау көрсету (инвестициялық субсидиялар және сыйақы ставкаларын субсидиялау) көрсету жолымен шешу жоспарлануда.

Сүт қабылдау пунктері

1 сүт қабылдау пунктінің жобалық құны 10,2 млн. теңгені құрайды. Аталған сома сэндвич тәрізді панелдерден жасалатын модулді пунктің құрылысына, жабдық (танкер, сорғы, талдауыш), сондай-ақ, көлемі 4 тонналық сүт тасығыш сатып алуға жұмсалатын шығындарды қамтиды.

Инвестициялық субсидия мөлшері 30%-ды құрайды, бұл ретте қалған соманы кредитке алуға болады, олар бойынша ставка да 7% мөлшерінде субсидиялауға жатады.

Құрылған сүт қабылдау пунктері өзі орналасқан ауылдан ғана емес, 50-100 км радиустағы жақын ауылдардан да сүт жинауға есептелетін болады. Мұндай пунктің қуаттылығы жылына 750 тоннаны құрайды.

Сүт қабылдау пунктерін сүттің көп көлемі өндірілетін облыстарға салу жоспарлануда: Шығыс Қазақстан облысы (15%), Алматы облысы (14%), Оңтүстік Қазақстан (14%), Солтүстік Қазақстан (9%), Қостанай (7%) және Ақмола (7%).

Сүтті Шағын СТФ-дан жинау

«ҚР-да 2020 жылға дейін сүтті мал шаруашылығын дамыту» шебер жоспарына сәйкес 2020 жылға дейін 2000 Шағын СТФ салу жоспарланып отыр. Аталған фермалар 187 000 сауылатын сиыр ұстайды және 2020 жылға қарай жылына 689 мың тонна сүт өндіретін болады.

Шағын СТФ құру оларда көлемі 2 тонна сүтті жинауға арналған салқындатқыш танкерлердің болуын көздейтіндіктен Шағын СТФ үшін сүт қабылдау пунктерін құру қажет етілмейді. Тек сүтті сүтті қайта өңдеу зауыттарына дейін жеткізу қажеттілігі туындайды. Осы міндетті жеңілдету үшін мемлекет тарапынан сүт тасығыштарды сатып алуға ыңғайлы жағдайлар жасалады.

Бұдан басқа Шағын СТФ-дан сүт жинауға арналған сүт тасығыштарды сатып алу кезінде мемлекеттік қолдау сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындарға да көрсетіледі.

Бұл іс-шараларға 3,3 млрд.теңге жоспарланды.

Көрсетілген шаралар 2020 жылға қарай жеке қосалқы шаруашылықтардан 159 мың тонна сүт (212*750 тонна) және Шағын СТФ-дан 689 мың тонна сүт жинауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа отандық шикізаттың жеткізілуін ұлғайту және сүт шикізатының құнын төмендету үшін қайта өңдеу кәсіпорындарының шикізат сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау жоспарланады. Ол үшін Агробизнес-2020 салалық бағдарламасында арнайы тетік көзделген, ол өндірушілер сүт шикізатын пайдалы сататын баға мен қайта өңдеушілер пайдалы сатып алатын баға арасындағы айырмашылықты субсидиялауды қарастырады.

Аталған бағдарлама сүтті тереңнен қайта өңдеу өнімдерінің: сары май, құрғақ сүт және ірімшік өндірісін ұлғайтуды көздейді. Көрсетілген тетікті енгізуді көздейтін заң жобасы қазіргі таңда Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.

Осы бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2020 жылға дейін 44,4 млрд. теңге бөлу көзделеді.

Көрсетілген шаралар 2020 жылға қарай құрғақ сүт өндірісін 2 мыңнан 4,8 мың тоннаға дейін, ірімшік өндірісін 6,5 мыңнан 9,4 мың тоннаға дейін, сары май өндірісін 13,8 мыңнан 27,7 мың тоннаға дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

Жабдықтың тозуы, сондай-ақ қайта өңдеуші кәсіпорындарда айналым қаражатының жетіспеушілігі проблемасы салынған инвестициялардың 30%-ы мөлшерінде  жабдықты қайта жаңартуды инвестициялық субсидиялау, кәсіпорынды қайта жаңартуға алынған жабдықтың лизингі бойынша субсидиялау, сондай-ақ, айналым қаражатын толықтыруға алынған кредиттер бойынша 7% мөлшерінде сыйақы ставкасын субсидиялау жолымен шешілетін болады.

Көрсетілген шаралар 2020 жылға қарай сүтті қайта өңдеуді 1,3 млн. тоннаға (1680-нен 2989-ға дейін) ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

Осы мақсаттарға барлығы 2020 жылға дейін 63,8 млрд.теңге көзделеді.

 

Слайд 18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 20

Өнімді өткізу

Слайд 21
Отандық өнімді өткізуге кедергі келтіретін проблемаларды баяндағым келіп отыр. Бұл проблемалар барлық ауыл шаруашылығы өнімдері үшін өзекті.

Өздеріңізге белгілі шикізат өндірудің және оны одан әрі қайта өңдеудің көлемі тікелей өндірілген өнімді өткізу мүмкіндігіне байланысты. Бұл ретте шикізатты өндіру және қайта өңдеу кезеңдеріне қарағанда өткізу кезеңі басқа мемлекеттік органдардың бақылауында.

Қазіргі уақытты отандық өнімдерді өткізуге кедергі келтіретін келесі негізгі проблемаларды бөліп қарауға болады.

БІРІНШІ. Дайындау пунктері үшін аударылған ҚҚС сомасын азайту («Бірінші ҚҚС»).

Мынадай проблема бар – шикізатты тапсырушылар ҚҚС төлеушілер болып табылмайды, ал қайта өңдеушілер осы салықты төлеушілер болып табылады, нәтижесінде қайта өңдеушілер үшін қосылған құнға аударылуы тиіс салық барлық айналымнан алынатын салыққа болып шыға келеді.

Осыған байланысты шикізат сатып алумен айналысатын делдалдарды не ҚҚС төлеуден босату керек не тұтас алғанда сала бойынша ҚҚС ставкасын төмендету керек. Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне осы мәселені қарау және шешімін табу ұсынылады.

ЕКІНШІ. Ыдыспен және ораммен қамтамасыз ету.

Қайта өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің өзіндік құнының құрылымында буып-түю материалдарына арналған шығындар өндірілген өнімге байланысты 10-30%-ын алады.

Бүгінгі күні буып-түю материалдарының импорты бұрынғыша жоғары деңгейде қалып отыр. Бұл ретте, осы материалдарға арналған импорттық баға өсуде, бұл тиісінше өнімнің өзіндік құнына әсер етеді және оны баға бойынша бәсекеге қабілетсіз етеді.

Қазіргі уақытта есептік деректер бойынша сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындардың буып-түю материалдарына деген қажеттілігі жылына шығарылатын өнімнің 1 тоннасына арналған шығын нормасын есепке алғанда мыналарды құрайды:сыйымдылығы 1 литр қышқылды сүт өнімдеріне арналған картон пакеттер – 265,4 млн.дана, сыйымдылығы 0,5 литрлігі – 535,1 млн. дана; етті қайта өңдеуші кәсіпорындардың қажеттілігі: шұжық өнімдеріне арналған қолдан жасалған және табиғи қабықша – 583,9 тонна; ұн кәсіпорындарының қажеттілігі: қапшық 59,5 млн.дана; қант зауыттарының қажеттілігі: қапшық 4,2 млн. дана.

Бұл ретте шұжыққа арналған қабықшаға қарағанда қапшық ыдыстар мен шыны ыдыстар Қазақстанда аз өндіріледі, қазіргі таңда танымал алюминий пакеттер және тот баспайтын банклар республикада мүлдем өндірілмейді.

Осыған байланысты, буып-түю және қосалқы материалдар өндіру бойынша жаңа зауыттар салу немесе қолда бар қуаттылықтардың жүктемесін ұлғайту мәселесін қарастыру орынды болады, олар Кеден Одағының жұмыс істеуі жағдайында және Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі шеңберінде қайта өңдеу кәсіпорындарын отандық бәсекеге қабілетті қосалқы материалдармен қамтамасыз ете алады.

Бұл мәселені шешу Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құзыретіне жатады.

ҮШІНШІ. Қоспалар қосып бүлінген өнімдермен күрес.

Мысалы, біздің сүтті қайта өңдеушілерді өсімдік майымен және басқа да қоспалармен байытылған, айтарлықтай арзандатылған импорттық сүт өнімдері тарапынан тұрақты түрде өсіп келе жатқан жосықсыз бәсеке алаңдатады. Бұдан басқа табиғи сүт өнімі құрғақ сүттен жасалған өніммен баға бойынша бәсекеге түсе алмайды.

Қоспалар қосып бүлінген өніммен күресу үшін сынау зертханаларын салу және қайта жаңарту, олардың материалды-техникалық базасын нығайту, сынау әдістеріне арналған стандарттар әзірлеу қажет.

Бұл ретте, мемлекеттік бақылауды күшейту үшін бүлінген және тамақ өнімдеріне арналған техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айқындау бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруға мемлекеттік тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету орынды болады.

Бұл мәселені шешу де Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құзыретіне жатады.

 

 

 

 

 

 

Слайд 22

ТӨРТІНШІ. Нарықты жасырын демпингтен қорғау.

Бүгінгі таңда  қолданыстағы демпингке қарсы заңнама жұмыс істеп жатқан жоқ. Демпингке қарсы шаралар рәсімдері өте қиын, ұзақ уақытты қажет етеін тексеріс нәтижелері бойынша ғана қолданылуы мүмкін және мемлекеттің экономикасына елеулі зиян келтірілгені анықталған жағдайда ғана қолданылады.

Бұл ретте біздің кәсіпкерлер демпингке қарсы рәсімді бастауға қажетті құжаттарды дайындау тәртібін біле бермейді. Сондай-ақ бұл едәуір шығынды іс-шара. Нәтижесінде қажетті шаралар қабылданбайды.

Осыған байланысты мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты Қазақстанның мемлекеттік органындарында және шетелдерде кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен бизнес қауымдастықтардың арасында орналастыруын қамтамасыз ету ұсынылады.

Аталған мәселені шешу Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің құзыретіне жатады.

БЕСІНШІ. Отандық өнімнің сатылуын ұлғайтуға ықпал ету.

Отандық өнімнің сатылуын ұлғайтуды мынадай жолдармен қамтамасыз ету орынды болып табылады:

1) сауда-логистикалық орталықтарды, коммуналдық базарларды дамыту. Бұл ретте коммуналдық базарлардың қызметтерінің тиімділігі және олардың мәртебелерін көтеру үшін олардың жұмыс істеу мақсаттарын, міндеттері мен өлшемдерін айқындайтын коммуналдық базарлардың тұжырымдамасын қабылдау ұсынылады.

Аталған мәселені шешу Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, содай-ақ жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады.

2) қазақстандық қамту үлесін мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың отандық өнімдерді сатып алу жөніндегі міндеттерді тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді жеткізушілерге тарату бөлігіне өзгерістер енгізуді бастамашылыққа алу жолымен ұлғайту.

Бұдан басқа, мемлекеттік мүлік туралы заңнаманың мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің тамақтануын ұйымдастыратын мемлекеттік мүлікті жалға алушылардың міндеттеріне отандық азық-түлік тауарларын сатып алуды енгізу бөлігіне түзетулер енгізу орынды болып табылады. Ұлттық холдингтердің, компаниялардың және олардың еншілес ұйымдарының сатып алу үлгілік қағидалары бойынша ұқсас.

Аталған мәселені шешу Қаржы министрлігінің құзыретіне жатады.

3) отандық өнімнің артықшылығын көрсететін Теледидар бағдарламасын құру жолымен отандық өнімді насихаттау. Еліміздің негізгі арналарында көрсетілетін мұндай хабарлар тауарлардың қасиеттері туралы тұтынушылардың пікірлерін қалыптастыратын мықты құрал болып табылады.

Аталған мәселені шешу Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретіне жатады.

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді уақтылы шешу отандық өнімді өткізудің көлемін елеулі ұлғайтады, бұл өндірістің және қайта өңдеудің көлемін автоматты түрде ұлғайтады.

 

Екінші басым бағыт: Етті қайта өңдеу

 

Осы бағыттың басты мақсаты бұл импортты ығыстыру және экспортты ұлғайту.

Етті қайта өңдейтін өнеркәсіптердің дамуын тежейтін негізгі факторларға жатады: 1) шикізат сапасының төмендігі, өндірудің маусымдық сипаты және шикізаттың жыл бойы бір қалыпты түспеуі, жеке қосалқы шаруашылық аумағының шалғайлығы; 2) моральды және физикалық тозған жабдықтардың жоғары үлесі; 3) айналым қаражатың жетіспеуі.

Көрсетілген проблемаларды біз мынадай түрде шешеміз:

Шикізат сапасының төмендігі және жеке қосалқы шаруашылық аумағының шалғайлығы туралы проблеманы етті қайта өңдейтін кәсіпорындарға немесе делдалдарға жеке қосалқы шаруашылықтан ет жинау үшін 30 мал тасыйтын және 63 рефрижераторды 2020 жылға дейін сатып алуларына мемлекеттік қолдау көрсету жолымен шешу жоспарланып отыр.

Инвестициялық субсидиялау мөлшері 30% құрайды, бұл ретте қалған соманы ставкасы 7% мөлшерінде субсидиялауға жататын кредитке алуға болады.

Осы іс-шараларға 500 млн. теңге жопарланды.

Көрсетілген шаралар 2020 жылға 267 мың тоннадай ет жинауға мүмкіндік береді.

Тозған жабдықтар, сондай-ақ айналым қаражатының жетіспеу проблемасын шешу жабдықтарды жаңғыртуды салынған инвестициялардан 30% мөлшерінде инвестициялық субсидиялау, кредит және лизинг бойынша сыйақы ставкаларын 7% мөлшерінде субсидиялау жолымен шешілетін болады.

Бұдан басқа, 30% инвестициялық субсидиялар, сондай-ақ сыйақы ставкаларын субсидиялау көмегімен жаңа кәсіпорындарды салуды ынталандыру жоспарланып отыр.

Жоғарыда аталған мемлекеттік қолдауды көрсету 2020 жылға қайта өңделетін еттің көлемін 139 мың тоннаға (236,5 мың тоннадан 402 мың тоннаға дейін) ұлғайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы мақсаттарға 2020 жылға дейін 29,7млрд. теңге көзделіп отыр.

 

Слайд 23

 

 

Слайд 24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 25

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 26

Үшінші басым бағыт: Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу

 

Осы бағыттың негізгі мақсаты әзірге импортты ығыстыру.

Бұл жерде жабдықтың тозуы және айналым қаражатының жетіспеуі бойынша ортақ проблемаларды, сондай-ақ жемістер мен көкөністерді қайта өңдеудің төмен үлесі (4%) проблемасын алып қарауға болады.

Жабдықтың тозуы және айналым қаражатының жетіспеу проблемалары жабдықтарды жаңғыртуды салынған инвестициялардан 30% мөлшерінде инвестициялық субсидиялау, кредит және лизинг бойынша сыйақы ставкаларын 7% мөлшерінде субсидиялау жолымен шешілетін болады.

Бұдан басқа, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу үлестерін инвестициялық субсидиялау және сыйақы ставкаларын субсидиялау жолымен 2020 жылға 13% дейін жеткізу мақсатында жаңа кәсіпорындарды салуды ынталандыру жоспарланып отыр.

Көрсетілген шаралар 2020 жылға жеміскөкөніс консервілерін өндіру көлемін 47,8 мың тоннаға (16,5 мың тоннадан 64,3 мың тоннаға дейін) ұлғайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы мақсаттарға 2020 жылға дейін 3 млрд. теңге көзделіп отыр.

Слайд 27

 

 

 

Слайд 28

 

 

 

Слайд 29

 

 

 

Слайд 30

Төртінші басым бағыт: Майлы дақылдардың тұқымдарын қайта өңдеу

 

Осы бағыттың басты мақсаты бұл импортты ығыстыру және экспортты ұлғайту.

Саланың проблемалары ортақ: жабдықтың тозуы және айналым қаражатының жетіспеуі.

Көрсетілген проблемаларды шешу жабдықтарды жаңғыртуды (30%) инвестициялық субсидиялау және кредит және лизинг бойынша сыйақы ставкаларын (7%) субсидиялау жолымен жүзеге асырылатын болады.

Көрсетілген шаралар 2020 жылға өсімдік майын өндіру көлемін 98,3 мың тоннаға (52,4 мың тоннадан 60,0 мың тоннаға дейін) ұлғайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы мақсаттарға 2020 жылға дейін 17,8 млрд. теңге көзделіп отыр.

Слайд 31

 

 

 

Слайд 32

 

Слайд 33

 

Слайд 34

Бесінші басым бағыт: Макарон өнімдерін және жармаларды өндіру

 

Осы бағыттың негізгі мақсаты бұл экспортты ұлғайту.

Саланың проблемалары ортақ. Сондықтан бұл жерде жабдықтарды жаңғыртуды (30%) инвестициялық субсидиялау және кредит және лизинг бойынша сыйақы ставкаларын (7%) субсидиялау көзделіп отыр.

Жоғарыда аталған мемлекеттік қолдауды көрсету 2020 жылға макарон өнімдерін өндіру көлемін 70 мың тоннаға (145 мың тоннадан 215 мың тоннаға дейін), жарма өнімдерін өндіру көлемін 19 мың тоннаға (43 мың тоннадан 62 мың тоннаға дейін) ұлғайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы мақсаттарға 2020 жылға дейін 10,3 млрд. теңге көзделіп отыр.

Слайд 35

 

 

Слайд 36

 

 

Слайд 37

 

 

Слайд 38

Алтыншы басым бағыт: Қант өндіру

 

Осы бағыттың басты мақсаты бұл импортты ығыстыру.

Саланың негізі проблемалары: 1) қызылша шикізатының жоғары құндылығы; 2) технологиялық жабдықтың тозуының жоғары деңгейлігі; 3) айналым қаражатың жетімпеуі; 4) қат қызылшасының зауыттар белгілеген сатып алу бағасының төмендігі.

Елімізде қант саласын дамыту деңгейінің төмен болуының бірден бір себебі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қант зауыттарының арасындағы өзара іс-қимыл проблемасы болып табылады.

Сонымен, қайта өңдеушілер ақ қант бағасын негізге ала отырып, түсімді жинау кезеңінде қант қызылшасына төмен сатып алу бағасын белгілейді. Нәтижесінде қызылша өсірушілер өз шығыстарын өтей алмайды және қант қызылшасын өндіруді ұлғайтуда қызығушылық танытпайды. Мұндай жағдай тұрақты және сапалы шикізат базасының болмауынан болып отыр, осының салдарынан қант зауыттарының өндірістік қуаттарының толық жүктелмеуі көрсетіліп отыр.

Қызылша шикізатының құнын төмендету және оны қайта өңдейтін кәсіпорындарға жеткізуді ұлғайту үшін 2020 Агробизнес бағдарламасында өндірушілер өндірген шикізатын пайдалы сата алатын бағаның, және қайта өңдеушілер оны пайдалы сатып алатын бағаның арасындағы айырмашылықты субсидиялауды болжайтын тетік қарастырылған.

Сонымен, қант қызылшасының тоннасын сатудың орташа бағасы 13 мың теңге кезінде, 4,6 мың теңгесін мемлекет өтейтін болады. Бұл ретте 2020 дейін субсидиялардың мөлшері өндіру көлемдерінің ұлғаюына және қайта өңдеу кәсіпорындары табыстарының артуына байланысты бірте-бірте төмендейтін болады.

Осы шараны іске асыруға республикалық бюджеттен 2020 жылға дейін 8,1 млрд. теңге бөлу қарастырылған.

Тозған жабдық және айналым қаражатының жетіспеу проблемасын шешу жабдықтарды жаңғыртуды (30%) инвестициялық субсидиялау және кредит және лизинг бойынша сыйақы ставкаларын (7%) субсидиялау жолымен жүзеге асырылатын болады.

Көрсетілген мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде 2020 жылдың аяғында отандық қант қызылшасынан қант өндіруді 61 мың тоннаға (17 мың тоннадан 78 мың тоннаға дейін) ұлғайту қамтамасыз етілетін болады.

Осы мақсаттарға 2020 жылға дейін 14 млрд. теңге көзделіп отыр.

Слайд 39

 

 

Слайд 40

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 41

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 42

Жетінші басым бағыт: Теріні бастапқы қайта өңдеу

 

Осы бағыттың негізгі мақсаты бұл теріні бастапқы қайта өңдеу көлемін ұлғайту.

Статистикаға сәйкес ірі қара малдың 9,3%тері шикізаты және ұсақ малдың 0,005 % тері шикізаты ғана өңдеуге ұшырайды.

Мал басының жеке қосалқы шаруашылықтарда және шағын шаруа, фермерлік қожалықтарда шоғырлануы калыптасқан жағдайдың негізгі себебі болып табылады, онда ветеринариялық талаптар мүлдем сақталмайды, селекциялық-асылдандыру жұмысына тиісті назар аударылмайды, теріні механикалық сыдыру жоқ.

Саланың негізгі проблемалары: 1) шикізат сапасының төмендігі және жеке қосалқы шаруашылық аумағының шалғайлығы; 2) тері шикізатын бастапқы қайта өңдеу үшін жабдықтың толық болмауы; 3) ауыл шаруашылығы жануарларының терілерін бастапқы өңдейтін кәсіпорындарда айналым қаражатының жетіспеуі; 4) қайта өңдейтін салалардың басқа бағыттары пайдаланатын салық жеңілдігінің болмауы (қосымша құн салығынан босату).

Шикізат сапасының төмендігі және жеке қосалқы шаруашылық аумағының шалғайлығы проблемаларын ауыл шаруашылығы жануарларының терілерін қабылдайтын пункттерді құру үшін инвестициялық субсидияларды (30%) төлеу және сыйақы ставкаларын субсидиялау (7%) жолымен шешу жоспарланып отыр.

Терілерді қабылдау пункттерін ұйымдастыру теріні жинау кезеңінде төмен сапалы шикізатты анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шикізат сұрамының болуы және барабар сатып алу бағасы шикізатты бақылаумен қатар шикізаттың сапасын жақсартуға жеке қосалқы шаруашылығын ынталандыру керек.

2020 жылға тері қабылдаудың 17 пунктын құру жоспарланып отыр.

Салық жеңілдіктерін енгізу үшін ҚР САлық кодексінің 262-бабына өзгерістер енгізуді бастамашылыққа алу жоспарланып отыр.

Көрсетілген шаралар 2020 жылға теріні қайта өңдеу көлемін 14,6 мың тоннаға (3,2 мың тоннадан 18,4 мың тоннаға) ұлғайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы мақсаттарға 2020 жылға дейін 816 млн. теңге көзделіп отыр.

Слайд 43

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 44

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд 45

 

 

 

 

Слайд 46

Шығынның жиынтық кестесі мынадай түрде көрінеді.

Бұл ретте жоғарыда аталған басым бағыттар бойынша қайта өңдейтін кәсіпорындарды қаржылық сауықтыруға қосымша 7,7 млрд. теңге көзделіп отыр.

Слайд 47
Сөзімнің соңында жоғарыда аталған 7 бағыт бойынша іс-шаралар «Қайта өңдейтін өнеркәсіптерді дамыту» Шебер-Жоспарға енгізілгенін айта кеткім келеді.

Бұл ретте Шебер-Жоспарда қарастырылған іс-қимылдарды жүйелеу және шоғырландыру үшін қайта өңдейтін өнеркәсіптердің бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған Іс-шаралардың бірыңғай кешенді жоспары  жасалды.

Кешенді жоспардың шарасын іске асыру, біздің көзқарасымыз бойынша, отандық қайта өңдейтін өнеркәсіптердің өзіндік құнын төмендету және сапасын арттыру есебінен оның бәсекеге қабілеттілігін ішкі нарықта ғана емесе сонымен қатар экспорттық мүмкіндіктерді елеулі кеңейтіп сыртқы нарықта да елеулі көтеруге мүмкіндік береді.

Жақын арада Кешенді жоспар Үкіметке бекітуге енгізілетін болады, оны қолдауларыңызды сұраймын. Назарларыңызға рахмет!

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus