Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ҚР Үкіметінің отырысына арналған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтың баяндамасы

Қазақстан Республикасындағы ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ҚР Үкіметінің отырысына арналған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтың баяндамасы

Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында келесідей жұмыстар атқарылды:
1) «Агробизнес 2020» бағдарламасында ветеринариялық қауіспсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне байланысты сұрақтары көрсетілген;
2) Ветеринариялық қызметінде халықаралық сарапшыларымен бірге халықаралық стандартына сәйкес 2012 жылы ұзақ мерзімге старатегияның дамуы бекітілді.
3) Ветеринарияны дамыту cұрақтары туралы техникалық қолдау шеңберінде Қазақстанның Үкіметі мен ХЭБ арасындағы ынтымақтастық туралы бағдарлама бойынша келісімге 2012 жылы қол қойылды;
4) Ауыл шаруашылық министрлігі мен ФАО жануарлардың созылмалы және аса қауіпті ауруларын алдын алу және аталған ауруларға қарсы күрес үшін техникалық ынтымақтастық бағдарламасы туралы келісімге 2012 жылы қол қойды;
5) Қазақстан Үкіметі және ХЭБ арасында аусыл бойынша ХЭБ Астана қаласында өңірлік үйлестіру кеңсесі ашылу туралы келісімге 2013 жылы қол қойылды. Бұл келісімнің іске асуы, сомасы 2 млн. евро (500 млн. тенге) құрайтын вакцина-банкін құруға мүмкіндіктер береді, яғни жануарларын аусылға қарсы вакцинациялайды іргелес елдердің вакцинациялау;
6) ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары бойынша жұмысы аяқталуда және ветеринариялық зертханалардың жабдықталуы атқарылуда.
7) Ветеринариялық препараттарға қойылатын сапалық талаптардың күшейту сондайақ халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ветеринариялық препараттар өндіру үлесін жылдан жылға этап бойынша арттыру (оның ішінде GMP). Сонымен қатар ветеринариялық препараттарды сақтау және қолдану, тасмалдау кезінде әр ветеринариялық препарат партиясын температуралық индекатормен ілестіру міндеттеу жолымен бақылау күшейтілуде.
Ветеринарияның даму мәселелері бойынша заңдарға өзгеріс
2012 жылы және 2014 жылдың қаңтар айында «Ветеринария таралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарға, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл түзетулер ветеринария саласының дамуына керекті төмендегідей бірқатар жүйелі қайта құруларды жүргізуге мүмкіндік берді:
– әр ауданда селолық округтерде ветеринариялық пункттері бар мемелекеттік ветеринариялық ұйымдар құрылды. Бұл ұйымдар жануарлардың аса қауіпті, энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды, жануарларды бірдейлендіруді жүргізеді;
– мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың жануарлардың жұқпалы емес ауруларынан емдеу бойынша, бірдейлендіру дерекқорын жүргізу бойынша, ветеринариялық паспорт және анықтама беру бойынша атқаратын жұмыс ауқымы кеңейтілді;
– ветеринариялық пункттері бар аудандық ветеринариялық ұйымдарды жарақтандыру нормативі бекітіліп, бюджеттік қаржы есебінен материалдық-техникалық жарақтандыру жүргізілді (арнайы автокөліктер, жануарларды бекемдеп ұстау қондырғылары, қан сынамалары мен патологиялық материалдарды тасымалдауға арналған мұздатқыш чемодандар, инсенираторлар (мал өлекселерін жағатын пештер).
– жануарларды бірдейлендіру бойынша жеке нөмірлердің эмиссиясын, бірдейлендіру дерекқорын жүргізу, жануараларды бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу үшін лазерлік стансаларды, бұйымдар мен атрибуттарды тіркеу қызметтерін атқаратын процессингтік орталық құрылды;
– ветеринраиялық дәрігерлердің ауылдық жерге келуін ынталандыру мақсатында әлеуметтік қолдау шаралары енгізілді (көтерме ақы, тұрғын үй салуға және сатып алуға бюджеттік кредиттер беру);
– алынып қойылатын жануарлар мен жануар текті өнімдердің нарықтық бағасын 100% өтеуге байланысты, олардың құнын анықтау механизмі жетілдірілді;
-ветеринария саласындағы заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік нақтыланды және күшейтілді, сонымен қатар тұрғындарды қолдаудың төмендегідей жаңа түрлері қарастырылды: ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге қажетті бұйымдар мен атрибуттарды тегін беру; ветеринариялық анықтамалар мен паспорттарды қайтарымсыз негізде беру, мал иелеріне залалсыздандырылған малдарының, олардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың құнын өтеу.
– 2015 жылдан бастап құлақ жапсырмаларын орталықтандырып сатып алынады және жануарларды бірдейлендіруге қажетті атрибуттардың, бұйымдардың және құралдардың республикалық қоры құрылатын болады.
Қазірггі уақытта жоғарыда аталған заңдарға енгізліген түзетулерді жүзеге асыруға байланысты ветеринаря саласындағы нормативтік құқықтық құжаттар әзірленуде.
Қазақстан Республикасындағы эпизоотиялық жағдайы
2014 жылғы 5 айда кейбір шыққан жіті және созылмалы инфекцияларды қоспағанда Қазақстан Республикасы аумағында эпизоотиялық жағдай бір қалыпты.
2014 жылғы қаңтар айынан мамыр айы аралығында жіті инфекциялардың 74 ошағы тіркелген, былтырғы жылғы осы аймен салыстырғанда ошақтар саны 29 пайызға азайып, 103 ошақты құраған.
Жекелей алғанда, құтыру ауруы ошағы 89-дан 61ошаққа, брадзот (секіртпе) 3-тен 1 ошаққа дейін төмендеген, сонымен қатар, былтырғы жылдың осы айына тіркелген аусыл, энтеротоксемия, вирустық диарея, ринотрахеит ауруларының ошақтары 2014 жылдың 5 айында тіркелмеген.
Дегенмен, аймақтар бойынша құтыру ауруының Оңтүстік және Батыс Қазақстан облыстарында көп тіркелуі алаңдатушылық туғызып отыр. Эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен біріге отырып кіші авиация көмегімен жабайы етқоректілерге арналған құтыруға қарсы ас тұзағы вакцинасын шашуды жалғастыруда.
Сонымен қатар, 2014 жылдың қаңтар айынан мамыр айы аралығында үй құстары арасындағы Ньюкасл ауруының ошағы 3 ошаққа көбейген (2013 жылдың 5 айында – 1 ошаққа), сондай-ақ листериоздың 1 ошағы және жылқының эпизоотиялық лимфангоитінің 2 ошағы (2013 жылдың 5 айында ошақтар тіркелмеген).
Жануарлардың созылмалы аурулары бойынша бруцеллез бойынша қолайсыз пункттердің тіркелуінің азаюы байқалуда, өйткені 2014 жылдың 5 айында 43 пункттер тіркелді (2013 жылдың 5 айында – 72 пункттер).
Аса қауіпті аурулардың жоғарыда көрсетілген ошақтарын жою, 2014 жылға қарастырылған 1,2 млрд. теңге сома қаржысы есебінен жүргізіледі.
Анықтама: «Эпизоотияға қарсы шаралар, жануарлардың және құстың жіті және созылмалы жұқпалы ауруларының ошақтарын жою» 101 кіші бағдарламасы, «Ветеринариялық шаралар және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету» 216 бағдарламасы.
Ветеринариялық–профилактикалық шаралар жоспарының орындалуы
Ветеринариялық – профилактикалық шаралар жоспарда көрсетілген уақыттары бойынша орындалуда. Ағымдағы жылдың 5 айлығында ауылшаруашылық жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілді: сібір жарасы, аусыл, құтыру, лептоспироз, листериоз, пастереллез, күл, жоғарғы құс тұмауы, қарасан, брадзот, және эктима, сонымен қатар туберкулезге және жылқылардың маңқасына қарсы аллергиялық зерттеулер.
Сонымен қатар, 2013 жылдан бастап қолданылатын ветеринариялық препараттардың сапасына деген талаптар күшейтілді. Мысалы былтырдан бастап аусылға қарсы халықаралық стандарттарға сай тазартылған вакцина қолданыла бастады. Соның нәтижесі ретінде 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында аусылдан 3 ошақ тіркелсе екінші жарты жылдықта тіркелген жоқ.
Сонымен қатар, 2011-2012 жылдар аралығында аусыл індетінің 17 ошағы тіркелген, бұл атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесі деуге болады.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруі
Ағымдағы жылдың басынан бері «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» веб-порталдық нұсқасы енгізілген (бұдан әрі – АЖБ).
Барлығы Қазақстан Республикасы бойынша «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру»-дің компьютерлік мәліметтер жинағы 2 584 жерлерде орналастырылған, олардан компьютерлердің 800-і селолық округтері әкімдіктерінің балансынан ветеринариялық пункттерінің балансына өткізілген, алайда компьютерлердің 1 784-і бүгінгі күнге дейін өткізілмеген. Бұдан басқа өткізілген 800 компьютерлерден тек 263 жерлерде интернет байланыспен қамтамасыз етілген.
Интернет байланыстың болмауы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша жұмысқа қол байлау болуда және жануарлардың орын алмастыруына және фермадан стөлге дейін мал шаруашылығы өнімдерін қадағалау жүйесін құруға ықпалын тигізбейді, мұндай жағдай соңғы қорытындысында елдегі эпизоотиялық ахуалдың нашарлауына әсерін тигізсе, сонымен қатар адамдардың зооантропоноздық ауруларды жұқтырып алуы қаупін ұлғайтады.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша мәліметтер жинағы тиісті қызмет жасау үшін, жергілікті атқарушы органдар жерлердегі құрылған ветеринариялық ұйымдарды және пункттерді интернет байланыспен қамтамасыз етуге арналған қаржыны жергілікті бюджеттен қарастырулары қажет.
Жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдерді контрабандалық жолмен тасымалдау
Қазақстан Республикасының аумағына жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғыштары еніп таралуына және жанунуарлардан алынатын өнімдердің ветеринариялық-санитариялық жағдайы бойынша қауіпті өнімдердің алып келуіне жол бермеу мақсатында, 2014 жылдың 5 айында Қырғыз Республикасынан контрабандалық жолмен тасымалдау бойынша 38 бас жылқы, 7 ірі-қара мал басы, Қытай Халық Республикасынан бақылауға жататын 4 жүк партиясы тоқтатылып (балық, теңіз өнімдері, қой ішегі, үйрек ушалары), жойылды.
Жоғарыдағы жайларды ескере отырып, Қырғызстан Республикасының Ауыл шаруашылық министірімен кездесу барысында, жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғыштары еніп таралуына жол бермеу мақсатында,
Қырғызстаннан шыққан жануарларды шекара маңы аумағында бірлескен ет өндіру кәсіпорындарында сойып, ет және ет өнімдерін ХЭБ (МЭБ) талаптарына сәйкес өндіріп Қазақстанға экспортаумен айналысатын қәсіпорындар құру туралы келісімге келді.
Сонымен қатар, кездесуде Қырғыз Республикасының шекаралас аумақтарындағы ауыл шаруашылық жануарлар арасында аса қауіпті және зоонозды ауруларының бар немесе жоғын анықтау мақсатында, Кедендік одақ өкілдерінің қатысуымен бірлескен инспекциялық тексеру жүргізуін ұйымдастыру келісілді.
Сондай-ақ контрабандалық жолмен тасымалданған жануарлар бойынша тиісті шараларды заңнамалық деңгейде сәйкестендіру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына осы мәселе бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы Заң жобасына Парламент Мәжілісінің депутаттарының түзетулеріне Үкімет қорытындысының жобасы ұсынылды.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Шекаралық қызметіне мемлекеттік шекарасы арқылы бақылауға жататын объектілерді (жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттар) контрабандалық жолмен тасымалдауға жол бермеу және осындай фактілерді дер кезінде анықтап жолын кесу мақсатында, бақылау шараларының күшейтуі қажет.
Ветеринариялық анықтаманы рәсімдеу
Жергілікті атқарушы мекеменің ветеринариялық қызметінің ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтаманы беруіне (Ақмола және Алматы облыстарында) жүргізілген іріктемелі тексеріс нәтижесінде, ветеринариялық анықтаманы толтыру кезінде жүйелі түрде бұзушылықтар анықталды. Слайдта көрсетілген.
Осыған байланысты, жергілікті атқарушы мекеме ветеринариялық анықтаманы толтыру бойынша түсіндірме (семинар) жүргізу керек.

Аумақты аймақтарға бөлу
Халық аралық эпизоотиялық бюромен (бұдан әрі – ХЭБ) келісілген Қазақстан Республикасының ветеринариялық қызметін оңтайландыру стратегиясын сәйкес, аусылмен сатылай күресудің Жоспары жасалынды.
2016 жылы Қазақстан, малдарды қорғау аймақтарда вакцинациялау арқылы ХЭБ-нан аусылдан бос деген статус алу жоспарлануда.
Бүгінгі күні 5 облыстың аумағында (Алматы, Жамбыл, ОҚО, ШҚО Қызылорда) аусылдың структурасыз ақуызын анықтау және вакциналанған жануарлардың иммунитет алғаны анықталып жатыр. Аталған облыстарда, алынған нәтижелерге байланысты, аумақты аусыл ауруы еніп таралуына жол бермеу мақсатында, аумақты аймақтарға бөлінетін болады.
Құрылымсыз ақуызды мониторингілеу және вакцина егілгеннен кейін аусыл аруына иммунитеттің пайда боуын зерттегеннен соң, аталған облыстардың аумақтарын қолайлы, бақылау және аса қатерлі аймақтарға бөлу жоспарланып отыр.
Аталған шаралар, аусылдың вирусы айналымда жүргенін анықтауға қол жеткізеді және кейбір аумақтардан, Қазақстан көлеміне және одан тыс елдерге мал шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға (шығаруға) мүмкүндік туындатады.
Сонымен орай, басқа 9 облыстар вакцина қолданылмаған таза аумақтар болып саналады, сол аумақтарда малдарды құрылымсыз ақуыздарға зерттеу және қадағалау атқарылатын болады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus