Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар АӨК саласындағы салық салу тәртібін жетілдіру туралы ҚР Үкіметінің отырысына арналған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтың баяндамасы

АӨК саласындағы салық салу тәртібін жетілдіру туралы ҚР Үкіметінің отырысына арналған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтың баяндамасы

1. Ауыл шаруашылығына арналған жерлерге салық салу.
Мемлекет Басшысының тапсырмасымен құрылған жұмыс тобының атқарған жұмыстарының нәтижесінде мынадай ұсыныстар әзірленді:
Жер салығының ставкасын 5 есеге өсіру арқылы жер салығына 70% жеңілдік күшінен шығу, сондай-ақ аймақтарға пайдаланылмай жатқан жерлердің ставкасын 10 есеге дейін өсіруге құқық берумен бірге, бірыңғай жер салығы бойынша ставканы 1,5 есеге өсіру.
Өскен салық салмағын теңдестіру мақсатында салық салуда жалпы орнатылған тәртіпті қолданатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер – заңды тұлғаларға және шаруа (фермер) қожалықтарына еңбек ақы қорын екі рет алып тастау бойынша жүргізу, 6,5% дейін әлеуметтік салықты азайту, қосылған құн салығын төлеу кезіндегі 70 % жеңілдік (ҚҚС), мүлік салығы мен көлік салығынан босату ұсынылады. Сондай-ақ, барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге, қандай да бір таңдаған салық салу тәртібіне байланыссыз өсірілген жер салығы құрамына қоршаған ортаның эммисиясы үшін төлемді еңгізу және бірыңғай жер салығын қоршаған ортаның эммисиясы үшін төлемнен босату.
2. . Қайта өңдеу кәсіпорындары мен дайындаушы ұйымдар бойынша «бірінші ҚҚС» проблемасы.
Қайта өңдеу кәсіпорындары мен дайындаушы ұйымдар қазіргі уақытта барлық айналым қаражатына ҚҚС төлеуге міндетті, өйткені олар шикізатты ҚҚС төлемейтін жеке қосалқы шаруашылықтардан алады., бұл соңғы өнімдердің қымбаттауына, және тиісінше оолардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетуіне әкеліп соқтырады.
Ауыл шаруашылығы кешені саласындағы дайындаушы ұйымдарға жалпы орнатылған тәртіпте ҚҚС есептеу, бұл ретте бюджетке төленген ҚҚС субсидия ретінде қайтару ұсынылады.
3. . ҚР Салық кодексінің 267 бабында көрсетілген ҚҚС бойынша салықтық 70% жеңілдікті кеңейту.
Осы жеңілдіктің күшін ауыл шаруашылығы малдарының жүндері мен терілерін қайта өңдеу, балықты, мақтаны қайта өңдеу, сондай-ақ кондитерлік және макарон өнімдерінің өндірісі сияқты аса маңызды бағыттарға тарату қажет.
4. Ветеринария саласында лицензия берілмейтін қызмет көрсету түрлеріне және ветеринарлық препараттарды импорттау кезінде ҚҚС төлеу қажеттігі.
Бұл мәселе бойынша ветеринарлық салада көрсетілетін қызметті бойынша айналымды ҚҚС босату көзделген ҚР Салық кодекстің 254 бап 1 статья 3) тармақшасына ветеринарлық салада қызмет көрсетуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік рұқсат және хабардар беру электрондық реестріне еңгізілген жеке және заңды тұлғалармен ветеринария туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген ветеринарлық салада кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушыларға және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар бойынша түзетулер еңгізу, сондай-ақ салық кодексінің 255 бабының 1 тармақшасына импорттық ветеринариялық препараттарды ҚҚС босату көзделген тікелей нормасы өзгерту енгізу ұсынылады.
5. Есепке жатқызу әдiсiмен импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу тізімін толықтыру.
АӨК саласындағы қажеттілікті ескере отырып тауарлы малдардың барлық түрлерін, жеміс-жидек дақылдар және жүзім көшеттерін және жеміс-жидек дақылдар және жүзімнің ұластырылған шыбық материалдарын, есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төленетін импорталатын тауарлар тізімін кеңейту, сондай-ақ құс шаруашылығы, азық-жем өндірісі мен етті қайта өңдеу өндірісі үшін есепке жатқызу әдісімен төленетін ҚҚС бойынша импорталатын тауарлар тізімін кеңейту.
6. Қайта өңдеу кәсіпорындары немесе дайындаушы ұйымдарға өз өнімдерін сататын жеке тұлғалардың (ЖҚШ) табысынан табыс салығын ұстап қалу туралы.
Қайта өңдеу кәсіпорындары немесе дайындаушы ұйымдарға сататын жеке қосалқы шаруашылықтарда өндірілген кейбір анықталған ауыл шаруашылығы өнімдерді сатудан түскен табыстардын жеке табыс салығыннан босату шешімі қабылданған.
7. Арнайы салық тәртібін қолдануға тыйым салуды алып тастау туралы.
Салық кодексінің 448 бабында көрсетілген үлестес тұлғаларға арнайы салық тәртібін қолдануға тыйм салуды алып тастау, бұл ауыл шаруашылық кәсіпорындарына агрохолдинг құрамында жұмыс істеуіне және аграрлық саланы дамыту үшін инвестиция тартуға, салықтық табыс түсіру мақсатында активтерге ие тұрақсыз және сенімсіз құрылымдар құруды және салық төлеуді жалтаратын құрылымдарды жою, инвесторлар үшін қаржылық есептерін құрумен активтерді бірлестірудегі проблемаларды және шаруашылық қызметтердің нәтижесін шешу.
Осы баяндаманы мазмұндай отыра, жалпы ауыл шаруашылығы министрлігінің ұстанымы жоғарыда айтылған салық заңнамаларына өзгерістер жұмыс тобы аясында, сондай-ақ Экономикалық саясат жөніндегі отырыста және Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияда мақұлданғанын атап кеткен жөн.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдармен одан арғы пысықтау барысында осы өзгерістерге бір қатар жаңа түзетулер ұсынылған, олар кейбір жағдайда АӨК субъектілері үшін осы салықтық босаңсу өзгеру мүмкін.
Осы себепте, агроөнеркәсіп кешенінің мұқтаждылығын және қажеттілігін ескере отырып осы өзгерістерді тиісті мемлекеттік органдарға тездетіп қарастыруын, сонай-ақ оларды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне еңгізуін қабылдауын қамтамасыз етуін тапсыруыңызды сұраймын.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus