Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Техника ортақ, жұмыла атқарған жүк әлдеқайда жеңіл болады», – дейді диқандар

«Техника ортақ, жұмыла атқарған жүк әлдеқайда жеңіл болады», – дейді диқандар

Оңтүстік Қазақстан облысында диқандардың биылғы орамжапырақтарын ресейлік кәсіпкерлер алқап басынан қоймаға жеткізбей-ақ тасып әкетіп жатыр.

Қазан қаласынан келген кәсіпкер мақтааралдық шаруалардан аптасына 100 тонна өнім алып тұруға қолқа салған. Енді оңтүстік диқандары көкөністен соң қауын-қарбыз жинауға кіріседі. Бұл Мырзашөлдік диқандардың жыл он екі ай бойы еткен еңбектерінің жемісін көру сәті. Себебі ерте піскен алғашқы өнімдерін экспорттайды. Қазір осындай табиғи-экологиялық таза көкөніске сұраныс көп. Ресейдің бір ғана компаниясы аптасына 100 тонна көкөніс сатып алуға дайын отыр.

Мақтадан бастап түрлі көкөніс пен бау-бақша егіп жатқан диқандар өнімділікті арттыру үшін озық технологияны қолданып жатыр. Соның арқасында былтыр 286 мың тонна мақта мен 1 млн тоннадан астам көкөніс өндірілді. Өңірде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 400-ден астам кооперациясы құрылды. Бұл диқандар үшін тиімді. Өйткені көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай мен тыңайтқышты уақтылы алады. «Техника ортақ, жұмыла атқарған жүк әлдеқайда жеңіл болады», – дейді диқандар.

Дерек көзі: 24.kz

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus