Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар (page 5)

Жаңалықтар

Feed Subscription<

Бос лауазымды орындарға орналастыруға конкурс өткізуге ақпараттық хабарлама

«Ұлттық аграрлық ғылыми – білім беру орталығы» КеАҚ (одан әрі – «ҰАҒББО» КеАҚ) Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі соңғы жылдарда алғаш рет еншілес ұйымдардың басшысының бос лауазымды орындарына орналастыруға ашық конкурс жариялады. Бүгінгі күнге республиканың аграрлық саласында 23 ғылыми-зерттеу институттарының, 6 ауыл шаруашылық тәжірибе станцияларының, 3 тәжірибе-өндірістік шаруашылықтарының және 3 қызмет көрсету ... Әрі қарай »

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды

image

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ (әрі қарай – «ҰАҒБО» КеАҚ) Директорлар кеңесінің шешімі бойынша «ҰАҒБО» КеАҚ Басқарма төрағасының м.а. қызметіне Дәмір Алтынбекұлы Егізбаев тағайындалды. Дәмір Егізбаев 1980 жылдың 29 шілдесінде Алматы қаласында туған. Свободный университетінің Іскери басқару магистрі (МBA), Брюссель қ. (Бельгия). Еңбек жолын 2004 жылы «Технологиялар инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ менеджерінен бастаған. Кейін «Ұлттық инновациялық фонд» АҚ ... Әрі қарай »

Қазақстанда су ресурстарын бағалаудың Халықаралық орталығы ашылды

1

Бүгін «Хилтон» қонақ үйінде Қазақстандағы су саясатының ұлттық саяси диалогы туралы кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар, трансшекаралық су туралы конвенцияның хатшылығының басшысы Франческа Бернардини, Орталық Азия елдерінің сарапшылары, халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Отырыста Орталық Азия елдерінің трансшекаралық су ынтымақтастығын нығайту бойынша ұсыныстар, сондай-ақ Қазақстанда су ресурстарын бағалау бойынша ... Әрі қарай »

Ауылдық жерлерде бизнес ашудың жаңа мүмкіндіктері бар

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мен «ҚазАгроКепіл» АҚ Басшылығы брифинг өткізді. Қатысушылар қаржыландыруға қол жеткізуді қамтамасыз етуге тартылған шаруаларға мемлекеттік қолдаудың тиімді құралы ретінде шағын қалаларда және ауылдық жерлерде несие, шағын несиелерді кепілдендіру туралы баяндады. 2017 жылы «ҚазАгроКепіл» АҚ АӨК-тің дамуына зор үлес қосты. Қазақстандық шаруалар үшін қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ететін және ауыл бизнесін тұрақты, қарқынды ... Әрі қарай »

«Сапсан» жедел тобы браконерлікпен айналысқан инспекторларды құрықтады

«Сапсан» жедел тобының инспекторлары Ырғыз-Торғай қорығының аумағында жүргізген кезекті жедел-рейдтік шара кезінде екі УАЗ автокөлігін ұстады. Ұсталған көлікте қорықтың 7 инспекторы болған. Автокөлікті тінту кезінде браконерліктің белгілері бар күдік тудыратын заттар: балта, ашық-сұр түсті жүн (ақбөкендікі болуы мүмкін), қоңыр түсті дақтары бар қап табылды. Айналаны тексеру барысында ақбөкендердің өліктері, мүйізі, тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрдің оқтары (шолақ мылтық), пышақ және ... Әрі қарай »

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің конкурстық құжаттамасы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурс өтетіндігі туралы хабарлайды. Конкурстық құжаттама  Даму бағыттары – «Ғылым және инновация» бөлімінде орналастырылған. Конкурс бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың келесі басым бағыттары бойынша өткізіледі: 1. Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі; 2. Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын, геология ұтымды пайдалану. Қайта өңдеу, жаңа материалдар мен ... Әрі қарай »

Жедел ақпарат

2017 жылғы 1 желтоқсанда сағат шамамен 02:00-де «Ертіс орманы» МОТР-ның мемлекеттік инспекторлары Павлодар облысы Лебяжі аудандық ІІО-ның қызметкерлерімен бірлесе отырып «Ертіс орманы» МОТР Бесқарағай филиалының Байымбет орманшылығы аумағында «Ниссан Патрол» автокөлігімен 4 адамнан құралған топты заңсыз аң аулағаны үшін ұстады, олардың ішінде «Ертіс орманы » МОТР Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің басшысы болды. Аталған автокөлікті тексеру барысында осы орманшылықтың ... Әрі қарай »

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды

aituganov

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ (әрі қарай – «ҰАҒБО» КеАҚ) Директорлар кеңесінің кезектен тыс өткен отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың шешімімен Директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, кеңестің жаңа құрамы сайланды. Қайта сайланған директорлар кеңесі құрамының төрағасы болып Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов сайланды. Ғылыми зерттеулер ... Әрі қарай »

Қазақстанның АӨК Экспорттық орталығы Европа нарығына шықты

IMG-20171201-WA0038

30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Варшавада (Польша) Екінші халықаралық орталық ауылшаруашылығы көрмесі өтті. Бұл шараның мақсаты агроөнеркәсіптік нарықта жұмыс істейтін поляк кәсіпкерлерінің шетелдік серіктестермен тәжірибе алмасуына жағдай жасау, сауда және инвестициялық ынтымақтастықтың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін көрсету болды. Көрмеге Украина, Қазақстан, Әзірбайжан, Қытай, Түркия, Бразилия, Аргентина, Кения, Алжир, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропа, Азия және Африка сияқты 20-дан астам елдің ... Әрі қарай »

Қазақстан мен Қытай зертханалық бақылау саласында ынтымақтастық мәселелерін талқылады

DSC01036

2017 жылғы 30 қараша күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қытай Халық Республикасының Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасының өкілдерімен зертханалық бақылау саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесуі өткізілді. Сапардың негізгі мақсаты – зертханалық бақылау саласында бірлесіп жұмыс істеу, атап айтқанда ү.ж. маусымның 7 – 8 күндері Астана қаласына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің келу барысында біздің Елбасы ... Әрі қарай »

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved