Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар (page 4)

Жаңалықтар

Feed Subscription<

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ еншілес ұйымдар басшыларының бос лауазымды орындарына конкурсты тоқтату туралы

Ұйымдастыру себептеріне байланысты 2017 жылдың 21 желтоқсанынан бастап «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ еншілес ұйымдар басшыларының бос лауазымды орындары конкурсына өтініштерді қабылдау уақытша тоқтатылады. Өтініштерді қайта қабылдау туралы қосымша хабарланатын болады. ҚР АШМ Баспасөз қызметі +7 (7172) 555-765 mcx.gov@gmail.com Әрі қарай »

Хабарландыру

Балық өсірушілердің назарына! Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балық өсіру кәсіпорындары 2017 жылы 127,7 млн. дана құнд балықтардың шабақтарын өсіріп, балық шаруашылығы су айдындарына жіберді. Оның ішінде мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындары: «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» – 3,5 млн. дана бекіртұқымдас балық шабақтары; «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» – 3,5 млн. дана бекіртұқымдас балық шабақтары; «Қамыстыбас балық питомнигі» РМҚК – 15,22 млн. ... Әрі қарай »

Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына жаңа министрді таныстырды

photo_2017-12-16_15-31-51

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР АШМ ұжымына ауыл шаруашылығы жаңа министрі — Өмірзақ Шөкеевті таныстырды. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды», — деп мәлімдеді Премьер-Министр. Бақытжан Сағынтаев Асқар Мырзахметовке бірлесіп атқарған нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдіріп, еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. «Министрліктің алдында Агроөнеркәсіптік кешенді ... Әрі қарай »

Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері ветеринариялық станция инспекторларының шекаралық бақылау жұмысымен танысты

DSC0177715122017164737

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдерімен бірлесіп ағымдағы жылдың 11-14 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы ең үлкен жүктер өтетін «Айша бибі», «Сыпатай батыр», «Қордай», «Қарасу» шекаралық бақылау ветеринариялық станцияларының инспекторларының жұмысымен танысты. Бұл шара 2017 жылғы 4 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы екі жақты экономикалық ... Әрі қарай »

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ауыл шаруашылығы министрлігі қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Министрліктің орталық аппарат қызметкерлері, еңбек ардагерлері, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ, салалық ЖОО, бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов Елбасының жарлығына сәйкес, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени ... Әрі қарай »

Қазақстан мен АҚШ ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы ынтымақтастықты арттырады

SHA_4078 (1)

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы Министрі – Шетелдік Ауыл шаруашылығы қызметі бойынша кеңесшісі Диана Аяламен кездесті. Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. «Біз үшін басты бағыт – тамақ өнімдерін дайын және жартылай дайын етіп шығаратын салалардың дамуы. Қазақстан жағы өсіруден бастап терең өңдеу және өнімді саудалауға ... Әрі қарай »

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Қазақстан Фермерлері Одағы» РҚБ аграрлық қолхатты енгізу мәселесін талқылады

DSC01280

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов «Қазақстан Фермерлері Одағы» РҚБ кеңейтілген отырысына қатысты. Жиында агарарлық қолхат институтын енгізу және 2018 жылдың көктемгі-дала жұмыстарына дайындық мәселесі қаралды. «Қазақстан Фермерлері Одағы» РҚБ төрағасы А.Дарынов АӨК-ті несиелендіруді қамтамасыз етудің бірден-бір мүмкіндігі ретінде агарарлық қолхатты енгізудің маңыздылығына тоқталды. Ұсынылып отырған қадамдар аграрлық қолхаттарды шығару, орналастыру, айналымға шығарылуы мен жабу ... Әрі қарай »

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды жетілдіру

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов өсімдік шаруашылығын сақтандыру мәселесін жетілдіруді жүзеге асыру жоспарын баяндады. Қазақстанда 2004 жылы өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың барлық шарттарын реттейтін тиісті заң қабылданды. Жүйенің ерекшелігі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сақтандырушы төлеген сақтандыру төлемдерін субсидиялаудан тұратын мемлекеттік қолдау болып табылады. Әрбір облыстың табиғи-климаттық жағдайлары ескерілмегендіктен жағдай басқаша орын алды. Мысалы, Батыс Қазақстан ... Әрі қарай »

Ауыл шаруашылығы министрлігінде облыс әкімдерімен ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде бейнеконференц байланыс режимінде облыс әкімдерінің қатысуымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен жиын өтті. Жиында облыс өкілдерінің арасында 11 айдың қорытындысы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мәсеселері талқыланды. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы жиыны 3,9 трлн. теңгені құрады. Нақты индекс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 102,3% құрады, жылдық жоспарда ... Әрі қарай »

Цифрландыру – жетістік кепілі

1111

Тиімділігі жо­ғары геодезиялық және картографиялық қам­тамасыз ету жүйесін және кеңістік деректерінің инфрақұрылымын жасамай бұл міндеттерді шешу мүмкін емес әрі бұлардың дамуы өзара тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару коми­теті­нің «Қазгеодезия» РМҚК респуб­ликаның аумағын жергілікті жерлер­дің заманауи жағдайына сай келетін топографиялық-геодезиялық және кар­тографиялық өнімдермен қамта­масыз ету мақсатында Үкімет қау­лысымен 2010 жылы құрылды. РМҚК және еліміздің түрлі өңірлерінде ... Әрі қарай »

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved