Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар (page 2)

Жаңалықтар

Feed Subscription<

Қайыр Рыскелдинов ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Қайыр Өмірсадықұлы Рыскелдинов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Қайыр Рыскелдинов 1968 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген. 1994 жылы Алматы зооветеринарлық институтын, 2008 жылы – «Фемида» заң академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша — мал дәрігері, заңгер. Еңбек жолын 1986 жылы бастаған. 1986–1999 жылдары «Энергия» ұжымшарының қызметкері, республикалық ветеринариялық зертхананың жетекші ... Әрі қарай »

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018 жылғы 9 сәуірде 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс жариялайды. Конкурс бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың келесі басым бағыттары бойынша өткізіледі: 1. Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі; 2. Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын, геология ұтымды пайдалану. Қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар және конструкциялар. Конкурстық құжаттама ҚР ... Әрі қарай »

АӨК-ті цифрландыру күні

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі Арман Евниев «АӨК-ті цифрландыру күні» аясында бірнеше инновациялық жобаларды таныстырды. Іс-шараға сарапшылар қауымдастығының өкілдері, ІТ-бизнес құрылымдарының басшылары қатысты. «АӨК-ті цифрландыру күнін» өткізудің мақсаты – ауыл шаруашылығындағы ақпараттық технологияларды дамыту үшін бизнес өкілдерін тарту. Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ті ауқымды цифрландыру үшін екі үлкен тапсырма қойып отыр. Олар: – АӨК-ті мемлекеттік реттеу жүйесін цифрландыру; – Өндірістік ... Әрі қарай »

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы тағайындалды

1111

ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымына Арман Өтеғұлов тағайындалды. Арман Өтеғұлов 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1989 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын «Мал дәрігері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетін «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы бастаған. 1989–1996 жылдары БҚО Фурманов ауданы Ақкөл ... Әрі қарай »

Қазақстандық сиыр етін Иранға тасымалдау бойынша талаптар келісілді

52ff348360cce1b7a7179dcaff443a31_XL

2018 жылдың 28 наурызында Тегеран қаласында (Иран Ислам Республикасы) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Вице-министрі Исаева Г.С. басшылық еткен делегацияның Иран ветеринарлық ұйымымен ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізу мәселелері бойынша екіжақты кездесуі өтті. Осы кездесу екі елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілері арасындағы өзара қызығушылығына байланысты ветеринарлық ұйымдардың алдын ала жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Келіссөз нәтижесі бойынша экспорттың ... Әрі қарай »

Ауыл шаруашылығы кооператив мәселелері

Республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің проблемалық мәселелерінің бірі – кішігірім өндіріс болып табылады, бұл жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі басқарудың кішігірім шаруашылықтарының жоғары үлесімен расталады. Бұл өз кезегінде шағын өндіріс өнімдерді сатуға, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуге, қолжетімді қаржыландыруға, ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тұрақты шикізат базасын құруға және басқа проблемаларға алып келеді. Мұның барлығы өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігінде көрініс тауып отыр. ... Әрі қарай »

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі сапасыз азық-түлік өнімдеріне бақылау жүргізу жұмыстарын арттыруды міндетіне алды

photo_verybig_182936

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Е.Шөкеевтің төрағалығымен азық-түлік өнімдеріне техникалық регламент талаптарының сақталуы бойынша жиналыс өтті. Жиналысқа Ұлттық экономика, денсаулық сақтау, инвестиция және даму министрліктері мен салалық ассоциация өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті тарапынан азық-түлік өнімдеріне техникалық регламент талаптарына бақылаудың жеткіліксіз екендігін, нәтижесінде ішкі нарықта ... Әрі қарай »

Өткен жылы елімізден 150 млн-нан астам жұмыртқа экспортталған

2c6cfd2985e721fae723c950bcd8d76e_L

Еліміздің құс өсірушілері ішкі нарықтағы бәсекелестік қауіпсіздігіне алаңдаулы. Өйткені отандық фабрикалар елге заңсыз тасымалданатын өнімдердің азаймай отырғанын алға тартады. Олардың сөзіне қарағанда, контрафактілік өнімді импорттаушылар көбіне кедендік баж салығынан жалтарып, бағаны негізсіз төмендетеді. Отандық кәсіпкерлер жергілікті құс өсірушілердің тұрақты тұтынушыларынан айырылып қалу қаупі жоғары екенін айтады. Целиноград ауданының Ақмол ауылына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев ... Әрі қарай »

Ауыл шаруашылығы министрлігі келешекке кемел жоспар құрды

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының аясында былтырғы жылдың қорытындылары және саланы дамытудың негізгі міндеттері жарияланды. Бейнеконференц байланыс арқылы жүргізілген шараға облыстық әкімдіктердің, агробизнес және қоғам өкілдері қатысты. Агроөнеркәсіптік кешен алдында еңбек өнімділігін арттыру және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды 2,5 есеге арттыру міндеті жүктелді. Бұл мәселені ... Әрі қарай »

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved