Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар

Жаңалықтар

Feed Subscription<

Мемлекеттік саясаттың жаңа механизмдері

Солтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша кездесу барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік саясатты іске асырудың бірқатар жаңа бағыттары мен тетіктерін атап өтті. Ағымдағы жылы шаруалар көктемде тұқым шаруашылығынан/тұқым сатушыдан 1 репродукциялы тұқымды немесе элиталық тұқымды ең төменгі норма бойынша тегін алуды көздейтін тұқым шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тетігі іске асырылатын ... Әрі қарай »

Трансұлттық компаниялар Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына қызығушылық танытуда

Рисунок2

Астана экономикалық форумында қол қойылған жол карталары мен меморандумдарды іске асыру шеңберінде итальяндық «Cremonini Group» компаниясы қазіргі заманғы «KAZAKH-BEEF» зауытының құрылысын бастады. Ет комбинатының күнделікті қуаттылығы 700 бас малды союға арналып, етті өңдеу, дайын ет өнімдерін өндіру және мүйіз, тұяқ, терісін қайта өңдеудің толық технологиялық циклын жүзеге асыратын болады. Жобаның жалпы құны 15 млрд. теңгеге жуық. Аталған жобаны іске асыру ... Әрі қарай »

10 трансұлттық компаниялар АӨК саласында 300 млрд. теңгеден асатын жол картасы мен меморандумдарға қол қойды

MG_4662

XI Астана экономикалық форумы шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі бірқатар тарихи құжаттарға қол қойды. Ірі трансұлттық компаниялар Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне қаржы ресурстарын ғана емес, қазіргі заманғы технологиялар трансфертімен де қамтамасыз етуге дайын. Бүгінгі таңда еліміздің агроөнеркәсіп кешені экономиканың қарқынды дамып келе жатқан саласы болып табылады және оның жылдық өсім қарқыны 104,5% құрап отыр. Қазақстанның табиғи ресурстарының әлеуеті мен агроөнеркәсіп кешені қорлары ... Әрі қарай »

Қазақстан мен ФАО арасындағы ынтымақтастық кеңеюде

2018 жылғы 16 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) Өңірлік конференциясының 31-ші сессиясы болып өтті. Аталған іс-шара барысында ФАО Бас директоры Жозе Грациано де Сильва мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.Исаева кездесті. Тараптар Қазақстандағы етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын талқылады. ФАО-ның Бас директоры Ауыл шаруашылығы министрлігінің аталған мақсаттағы позициясын қолдады және осы мақсаттарға қол жеткізу үшін ... Әрі қарай »

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Dunbia» компаниясымен (Ұлыбритания) ынтымақтастық мәселелерін талқылады

MG_4372

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевтің төрағалығымен «Dunbia» компаниясының (Ұлыбритания) құрылтайшысы және иесі Роберт Джон Добсонмен кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісі М. Гиффорд, «ҚазАгро» АҚ және «Қазақстанның Ет одағы» өкілдері қатысты. «Dunbia» қызыл ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша жетекші компаниялардың бірі, оның ішінде бөлшек және көтерме саудада сиыр еті, қой еті мен шошқа етін өндіру, ... Әрі қарай »

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевтің халық алдындағы есептік кездесуі

20160505170509

2018 жылдың 15 маусымында Астана қаласы «ҚазМедиа Орталығы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Е. Шөкеевтің ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары бойынша халықпен есептік кездесуі өтеді. Кездесу барысында азаматтар министрліктің салалық департамент пен комитет басшыларынан кеңес алатын ақпараттық алаң ұйымдастырылады. Республика өңірлерінің тұрғындары үшін онлайн режимде бейнеконференцбайланыс жүргізіледі. Есептік кездесу www.bnews.kz ақпараттық порталында және Қазақстан ... Әрі қарай »

Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері Қытайға экспортталады

Қытай Халық Республикасы Шэньси провинциясы Сиань қаласында 2018 жылғы мамыр айының 10 мен 13 аралығында ШЫҰ-ға мүше елдердің арасында трансшекаралық эпизотиялық аурулармен күрес және мониторинг жүргізу бойынша конференция өтуде. Конференция аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасының төрағасы Ни Йефэн Қытайға рапс күнжарасын экспорттау туралы фитосанитариялық талаптар туралы хаттамаға ... Әрі қарай »

Ауыл шаруашылығы жерлерін суару және шегіртке зиянкестерінен қорғау мәселелері бойынша шешім қабылданды

Қазақстанның географиялық орналасу ерекшеліктеріне қарай мелиорациялау мәселесі бірінші кезекте оңтүстік өңірлерде ең өзекті болып табылады. 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптің кешенді дамыту бағдарламасында Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім алу үшін жер және су ресурстарын пайдалануды арттыру мақсатында гидрология, топырақ және агроклиматтық жағдайларын жақсарту, ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық іс-шаралар кешенін ұсынды. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан ... Әрі қарай »

Тәтті бал шығысқа жол тартады

Безымянный

Қазақстандық бал өндірушілер Қытай нарығына кіреді. Осы мақсатта азық-түлік қауіпсіздігін бақылау және бал өндіретін қазақстандық кәсіпорындарға тексеру жүргізу үшін қытайлық сарапшылардың инспекциялық тобы Қазақстан Республикасына келді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен сарапшылар Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы бірқатар бал өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды тексереді. Осы инспекцияның қорытындысы бойынша қазақстандық балды Қытай нарығына шығару туралы шешім қабылданады. 2018 жылдың ... Әрі қарай »

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс өтінімдерін қабылдау мерзімін ұзарту туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 175-бабына және Қазақстан Республикасы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 12-1-бабына сәйкес 2018 жылғы 9 сәуірде жарияланған 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс өтінімдерін қабылдау мерзімі 2018 жылғы 10 мамырда аяқталатынын хабарлайды. ҚР АШМ Қоғаммен байланыс басқармасы +7 (7172) 555-765 minagripress@gmail.com Әрі қарай »

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved