Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Тәжірибе алмасу: ауыл шаруашылық кооперативтерін қалай құру және басқару қажет

Тәжірибе алмасу: ауыл шаруашылық кооперативтерін қалай құру және басқару қажет

2017 жылдың 29-31 наурыз аралығында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ (әрі қарай – «ҰАҒБО» КЕАҚ) базасында Германды-Қазақстандық аграрлық-саяси диалогпен бірлесе ауыл шаруашылық кооперативтерін құру және басқару бойынша семинар ұйымдастырылды. Басты сарапшылар ретінде Германия ғалымдары Уве Шёне мен Констатин Хак шақырылған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау қажеттігі тапсырылған болатын.

Семинарға Германия ғалымдары, сонымен қатар ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, «Атамекен» ҰКП агробіліктілік орталығы және «ҰАҒБО» КЕАҚ ғылыми-білім беру мекемелер өкілдері қатысты.

Семнар мақсаты қатысушыларды германдық және қазақстандық сарапшылардың баяндамаларынан ауыл шаруашылық кооперативтерін құру мен дамыту бойынша негізгі ақпараттармен таныстыру және жинақталған тәжірибеге сәйкес бірлескен әдістемелік құрал шығару.

Айтып өту керек, Германия сарапшылары Қазақстанмен 2012 жылдан бастап қызметтестікте және кооперативтер туралы заңның бекітілуіне дейін заң жобасын әзірлеуге қатысқан болатын. Уве Шёне мырза соңғы рет 2016 жылдың желтоқсан айында Қарағанды облысы Нұра ауданында пилотты кооперативтердің құрылу кезінде консалтинг үшін шақырылған болатын.

Семинар соңында қатысушыларға оқыту өткендігі туралы сертификаттар табыс етілді.

Сонымен қатар, семинар нәтижесі бойынша «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ «Қазақстанда кооперативтерді құру және басқару бойынша әдістемелік құрал» шығарылатын болады.

Аталмыш семинар мемлекет пен бизнес жобаларының іске асуына, отандық экономика мен әлеуметтік сектордың дамуына серпін береді.

Анықтама: 2016 жылы «ҰАҒБО» КЕАҚ «Атамекен» ҰКП қолдауымен ауыл әкімдері мен аудан әкімдері орынбасарларын «Ауыл шаруашылық кешенде мемлекеттік саясаттың іске асырылуы» тақырыбы бойынша, «Аграрлық ғылыми-зерттеу мекемелері мен ЖОО-да тиімділігін арттыру мақсатындағы менеджмент» тақырыбында курстар өткізілді. Аталмыш курстар ауыл шаруашылық кооперативтерін құру механизмдерін түсіндіру, ауыл халқын жұмыспен қамту бойынша шаралар мақсатында өткізілген болатын.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus