Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Тәтті процесс

Тәтті процесс

Үкімет пен бизнеске мемлекетті қантпен қамтамасыз ету үшін резервтерді, ең алдымен меншіктегі ресурстар есебінен анықтауы қажет.
Кедендік баждарды енгізу- бұл ірі экспортаушылар арасында танымал емес, бірақ нәтижесінде ішкі өндірістің қарқынды дамуына, ішкі нарықта отандық кәсіпорындардың қайта өңделген тауардың пайыздық арақатынасының ұлғаюына әкелетін қажетті шара. Ауысу оңай болмайды, бірақ оны бірлесе іске асыру керек, ең алдымен мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.
Бұл модель шикізат өндіруден қантты іске асыруға дейінгі салааралық және шаруашылықаралық байланысты дамытуды көздейді. Бұл қызылшақанттық өндіріс өнімінің құнының төмендеуіне және тұтынушылық сұранысты қанағаттандыруға, бүкіл ауыл шаруашылық тауар өндірушілер тізбегінің дамуына оң әсер етеді. Сонымен қатар, импорттық қант құнының өсуі, астықты терең қайта өңдеуінің қанталмастырушы өндіріспен дамуына әкелетінің ескеру қажет. Денсаулыққа аса пайдалы өнімді тұтыну ұмытпау керек, бұл бал мен ара шаруашылығының дамуына әкеледі.
Бүгінде, қантты тұтынуының жоғары маусымының алыпсатарлық көңіл-күймен байланысты және қазан айында басталатын, қант қызылшасының жаңа өнімінің жинастыруға дайындықты ескеру керек. Осыған байланысты, қанттың шамалы қымбаттауы мүмкін, ең алдымен импорттық өндірістің, бірақ бағалар маусымдық ауытқу шегінде болады.
Сондықтан саланың негізгі көрсеткіштері аса қатты тапшылықты, оның үстіне мемлекетте қант қорының толық сарқылуын көрсетпейді. 2018 жылдың қаңтар-маусым айларындағы статистика мәліметтеріне қарағанда ақ қанттың өндірісі 138,6 мың тоннаны, экспорт 50,7 мың тоннаны, импорт 121,0 мың тоннаны құрады. Нәтижесінде алты ай ішіндегі тұтыну 209 мың тоннаны құрады, бұл алдыңғы жылға көрсеткішке қарағанда 32 мың тоннаға аз. Қазіргі уақытта тұрғындарға сатылатын, өңірлік тұрақты қорларда және толықтырылатын қант қоры жеткілікті. Сонымен қатар, қанттың көтерме саудашылары және сауда желілері әрқашанда қоймаларында қанттың белгілі көлемін ұстайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі қант төңірегіндегі болуы мүмкін жасанды дүрбелеңге берілмеуге шақырады. Бұл әрқашанда бағаның жоғарлатуына әкеледі.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved