Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру


Жер ресурстарын басқару комитеті өзінің ведомстволық бағынысты бөлімшелерімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы елеулі жұмыстар атқаруда.
«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру» бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Комитетке ведомстволық бағынысты ұйым «Қазгеодезия» РМҚК базасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет агенттігі департаментінің директоры Т. Каскин, Астана қаласының кәсіподақ орталығының төрағасы С. Мыңбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі ұлттық бюро департаментінің аға офицері С. Жайлауов, МҚІА басқарма басшысы А. Рахметуллин, МҚІА бас маманы А. Шаихова, Комитеттің жауапты тұлғалары, «Қазгеодезия» РМҚК басшылары мен қызметкерлері қатысты.
МҚІА департамент директоры Т. Каскин қатысушыларға қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша агенттік өткізіп отырған жер-жердегі іс-шараларды атап өтті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша мемлекеттік органдармен тығыз байланыста орындалып жатқан іс-шараларға тоқталды.
Кездесуде сөз сөйлеген МҚІА жауапты тұлғалары С. Мыңбаев, С. Жайлауов және басқа да қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекет пен жұртшылықтың міндеті екендігін баса айтты. Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекеттігіміз бен демократияның негізіне нұқсан келтіреді.
«Қазгеодезия» РМҚК бас директоры А. Шпикпаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен іс-әрекеттің ерекше маңызын атап өтті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайлар туралы әңгіме етті.
Кездесуде мемлекеттік функцияларды орындауға құзіреті бар тұлғалар жасаған сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық туралы бейнеролик көрсетілді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика