Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне “Сыбаға” бағдарламасының жаңа бағыты іске қосылмақ

“Сыбаға” бағдарламасының жаңа бағыты іске қосылмақ


Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған “Сыбаға” бағдарламасының жаңа бағыты іске қосылмақ. Олар қой және жылқы шаруашылықтарын қолдауға негіз болады. Ауыл шаруашылығы министрлігі республикалық қой шаруашылығы палаталарын құруды жоспарлап отыр.

Мамандар ет және жүн өндірісін дамыту жолдары қарастырылғанын айтады. Осыған сәйкес тиісті заңнамалық өзгерістер Парламент мақұлдауынан өтсе, шаруаларға бірқатар жеңілдіктер жасалады. Мәселен, қой шаруашылығында мал тұқымын асылдандырғаны үшін субсидия берілмек. Жалпы министрлік осы саланы дамыту мақсатында бірнеше мақсатты жоспар әзірлеген. Оның әрқайсысы тауарлы өндіріс әлеуетін арттыруға бағытталған. Бұл үшін мемлекеттен бөлінетін қаржы көлемі былтырға қарағанда көбейтіліп, 38 миллиард теңгеге жетті.

Бұл туралы бүгін аталмыш министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды. Бірінші кезекте төрт түліктің генетикалық және экспорттық әлеуетін арттыру және ветеринариялық жағдайды жақсарту міндеті тұр. Айта кетейік министрлік “Жайылым жерлер туралы” заң жобасын әзірлеп жатыр. Ескі суару жүйесін жаңғырту мақсатында 2 мың құдықты қалпына келтіріліп, 20 миллион гектар жерді игеру жоспарда. Сондай-ақ мақсатты игерілмей отырған жерлерді тиімді пайдалану үшін жер салығын көтеруді ұсынып отыр.

Қанат Ыдырысов, “КазАгроИнновация” АҚ мал шаруашылығы жөніндегі ғылыми үйлестірушісі:

-“Сыбаға” бағдарламасы сияқты бізде қой шаруашылығында және жылқы шаруашылығында осындай бағдарламалар іске асады деп жатырмыз. Одан кейін құс етін өндіруді жоғарылату. Мысалы бүгінгі күні біз 100 мың тонна өзімізде өндіріп, 150 мың тонна шетелден әкеліп отырсақ. Ал мына құс- мастер жобасының нәтижесі бойынша біз 150 мың тоннаға дейін құс етін өзімізде өндіретін боламыз.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus